"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев мәлімдеді.

Шыңғыс Чокушевтың айтуынша, жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау – тыныс алу жолдарын зақымдайтын кең таралған вирустық аурулар. Инфекция негізінен жөтелу, түшкіру және сөйлесу кезінде ауа-тамшы жолдары арқылы таралады. Сонымен қатар ластанған тұрмыстық заттар арқылы да жұғуы мүмкін.

— Жыл сайын республикада ЖРВИ-дың 4–5 миллион жағдайы тіркеледі. Семей қаласында 2025–2026 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 11 мыңнан астам жағдайы анықталды. Тұмаудың зертханалық расталған 60-тан астам жағдайы тіркелді, — деді басқарма басшысы.

Қалада халықтың осал топтарын иммундау үшін жергілікті бюджет қаражатына «Гриппол®️ плюс» вакцинасы сатып алынған. Оның құрамында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2026–2027 жылдардағы маусымға ұсынған тұмау вирусының штаммдары бар.

Вакцинация ең алдымен медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлеріне, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті адамдарға жүргізіледі.

— Тұмауға қарсы вакцина бір рет салынады. Иммунитет екпе алғаннан кейін шамамен 14 күн ішінде қалыптаса бастайды. Ол 6 айдан 1 жылға дейін сақталуы мүмкін. Вакцинация аурудың алдын алуға және оның асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі, — деді Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Динара Тлекина.

Тұмау әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары мен бүйрек ауруларына шалдыққан, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын адамдарда ауру ауыр өтіп, түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Инфекцияның алғашқы белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшық еттердің ауыруы, жөтел, мұрынның бітелуі және тамақтың жыбырлауы жатады.

Мамандардың мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы мен көпжылдық бақылауларға сәйкес, ЖРВИ мен тұмаудың таралуы әдетте желтоқсаннан сәуір айының соңына дейін жалғасады.

— Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін мамандар тұрғындарға қарапайым профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, қолды жиі жуу, бөлмені үнемі желдету, ылғалды тазалық жүргізу, адам көп жиналатын орындарда ұзақ уақыт болмау және науқас адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеу қажет, – деп атап өтті Динара Тлекина.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

18.10.2026

САПАР САЙЫН - САН САУАЛ Қазіргі таңда облыс әкімі аудандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар жайлы халық алдында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

44 минуты бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 день бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 день бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 день бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 день бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 день бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

2 дня бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС