Жоба аясында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенттік орталығына экскурсия жасап, дайындық репетицияларына қатысты. Сондай-ақ гала-концерт пен марапаттау рәсіміне қатысты.
Республикалық кезеңде Абай облысының намысын қорғаған София Соловьёва «Өмір-ай» әнін орындады. Жас өнерпаздың жетекшісі – Лилия Борисовна Фирсова.
Өнер көрсету қорытындысы бойынша Софияға қатысушы дипломы мен бағалы сыйлық табысталды.
«Мың бала» жобасы дарынды балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, өзара тәжірибе алмасуына және Қазақстанның мәдени әралуандығымен танысуына мүмкіндік береді.








