"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ 1970 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРЕДІ

26.05.2022
СЕМЕЙДЕ 1970 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРЕДІ
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл салтанатты жиындар екі жылғы үзілістен кейін дәстүрлі форматта өткізіліп отыр.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов № 37 гимназиядағы салтанатты жиынға қатысты. Гимназия биыл өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Аталмыш оқу орны мерейтойлық күнді жақсы жетістіктермен қарсы алуда. 1258 оқушының 337-і — оқу озаттары.

Ағымдағы жылы гимназияның 43 оқушысы «Гимназия мақтанышы» медаліне ие болды.

Тоқтарғазы Әлихан ағылшын тілі бойынша республикалық олимпиадада 1-орынды жеңіп алды. Талғат Дайян және Дильназ Нұрмұхаметова құқық негіздері пәні бойынша жүлделі орындарға ие болды. «Зерде» республикалық ғылыми жұмыстар байқауында Дариға Тұрсынғазы 2-орынды иеленді.

Бүгін осы гимназияның 86 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың бесеуі — «Алтын белгіге», он екісі — үздік аттестатқа үміткерлер.

Семей қаласының әкімі түлектерге жылы лебізін білдірді.

СЕМЕЙДЕ 1970 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРЕДІ

«Жыл сайын оқудағы табыстарыңызбен сіздер еліміздің дамуына лайықты үлес қосасыздар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша барлық жерде мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып, жаңа технологиялар пайдаланылуда. Оқушы сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда», — деді Бақытжан Байахметов.

Биылғы оқу жылында Семейдің бір жарым мыңға жуық оқушысы халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанды.

Қала әкімі оқушыларды лайықты тәрбиелеуе және оларға қажетті білім мен шабыт беруде барлық күш-жігерін салған мұғалімдерге ерекше алғысын білдірді. Түлектердің ата-аналарына да жылы сөздер айтылды:

«Бүгін оқушылардың мектепті лайықты бітіріп, жақсы базалық білім алып, түрлі байқауларда жеңіске жетуі – бұл мұғалімдердің де, ата-аналардың да ортақ жетістігі», — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Қала әкімі гимназияның үздік ұстаздарына құрмет грамоталарын тапсырды. Марапатталғандардың арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шынар Тұрсынбаева мен тарих пәнінің мұғалімі Гүлжан Мұхамедиева да бар.

Қала әкімі өз сөзінде ел Президентінің бастамасымен Жаңа Қазақстанды құрудың негізі қаланатындығын және мұның жауапты кезеңдерінің бірі бүкілхалықтық референдум екендігін айтты.

Бақытжан Байахметов 5 маусымда халық референдумға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасайтынына сенімін білдірді.

Айта кетейік, бүгінде Семейдің 66 мектебінде 48 622 оқушы білім алуда. Оның ішінде 1970 түлек мектеп бітірді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ҰБТ-ны – 1586 түлек (немесе 80,5%) тапсырады.

«Алтын белгіге» 45, ал үздік аттестатқа 141 түлек үміткер.

Өмірұзақ ЖҰМАҚАНҰЛЫ

Мақалада: СЕМЕЙДЕ 1970 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

21 час бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

22 часа бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

22 часа бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

22 часа бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС