"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИХИ ӘДІЛДІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2022
ТАРИХИ ӘДІЛДІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз.

                                                                     ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

                                                                     30.05.2020

      Ұлтының азаттығын аңсаған қазақтың бас көтерер зиялыларына жазықсыз жапа шектірген қаралы жылдар уақыт өткен сайын санамызда жаңғыра түсуде.  Қатыгез саясат құрбаны болған алаш азаматтары жайлы деректер тарихымызды толықтыра түсуде. Ресми құжаттарға сүйенсек, осы  ақтаңдақ жылдары  Қазақстанда 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген екен. Ату жазасына кесілгендер  елінің болашағына алаңдаған ардақтылар, ұлтымыздың сүт бетіндегі  қаймақтары еді. Олардың қатарында ақын мен жазушы, ғылым, мәдениет және саясат саласының білгірлері, зиялы қауым өкілдері  болған. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылыпты. Дегенмен кеңес заманында өмір сүрген халықтарға  қасірет әкелген,  бүгін «үлкен террор» деп аталып жүрген  1937-1939 жылдардың  тарихы әлі де толық зерттеліп біткен жоқ.

Еліміз тәуелсіздігін  алғаннан кейін, 1993 жылы 14 сәуірде, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Содан бастап 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу  күні ретінде елімізде жыл сайын аталып өтеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына сәйкес, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның  мақсаты – кеңес дәуірі кезеңінің барлық санаттағы саяси құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру. Осы Жарлық негізінде республикамыздың барлық аймақтарында   саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша өңірлік комиссия және жұмыс топтары құрылды.

Бұл комиссия  кеңес дәуірі кезеңінде, саяси  қуғын-сүргін құрбандары  легінде жазаланған,  зардап шексе де  ақталмаған азаматтар туралы ақпарат жинау және ақтау мақсатында деректерді жинақтау жұмысын бастап кетті. Өйткені жазықсыз жазаланып, әлі күнге ақталмай  келе жатқан  ардақтыларымыз аз емес.

Бұл орайда Шығыс Қазақстан облысында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Біздің облыста да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың   Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Комиссия тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Бүгінгі таңда комиссия мүшелері 10 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Облыстағы  мұрағаттардан саяси қуғын-сүргін көріп, әлі күнге дейін ақталмаған 2847 адамның ісі табылды. Өткен жылдың соңында  ШҚО  әкімі Даниал Ахметов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның есебін тыңдай отырып: «Тарихшылар, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары үлкен әрі маңызды жұмыс атқарды. Мұрағаттардан ақталмаған 2847 адамның ісі табылған. Олардың 2666-сы оңалту шараларымен қамтылуы тиіс. Бүгінде комиссия барлық қажетті құжаттарды дайындап қойды. Өз туыстарының тағдыры туралы білгісі келетін азаматтардың өтініштерінен кейін біз арнайы портал аштық. Онда қалдырылған әр өтінішті мамандар міндетті түрде қарастырады. Қазірдің өзінде 494 іс мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілмек»,- деген болатын.

Сондай-ақ облыстық  комиссия күштеп жер аударылған 203 адамның ісін толық зерделеді. Осы құжаттар негізінде  әлі де  олардың нақты саны анықталмақ.

Аймағымызда бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысы кезінде концлагерьлерде болған шығысқазақстандық тұтқындардың деректері де зерттелу үстінде. Облыс басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен бұл іске студенттер, магистранттар, волонтерлер де жұмылдырылды. «Біз өз тарапымыздан оларды қажетті жабдықпен қамтамасыз етуге дайынбыз. Тарих ешқашан ұмытылмауы және бұрмаланбауы керек! Бұл саяси кезең толыққанды зерттелуі тиіс»,- деді Даниал Ахметов. Шығыс Қазақстан облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша  мұрағат қоры  осылайша зерттелуде.

Облыстың мемлекеттік мұрағатының және арнайы мұрағаттардың 26 қорына зерттеу жүргізілуде. Саяси қуғын-сүргіннің ақталмаған құрбандарын іздеудің электронды базасы әзірленіп, толтырылуда. Бұл қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы мәліметтерді бір арнаға жинауға мүмкіндік береді. «Порталдың ішкі бөлігіне мыңнан астам адамға арналған сауалнамалар енгізілді. Сондай-ақ 33 қордағы жабық мәліметтер жарияланды. Қазіргі уақытта ғалымдар мен мұрағатшылар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда», – дейді облыс әкімінің орынбасары  Азамат Мұхамедчинов.

Роза МАУЫЛХАНҚЫЗЫ

 

Мақалада: ТАРИХИ ӘДІЛДІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06.05.2026
Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Елім деп...

Толығырақ...Details

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

30.04.2026
Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында өткен баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты....

Толығырақ...Details

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

26.04.2026
Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

Semeytany.kz – Жарма ауданының Ортабұлақ ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында экологиялық шара өтті. Тазалық жұмыстары жергілікті халық...

Толығырақ...Details

Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

26.04.2026
Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Семей қаласында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпірден кейін өңір басшысы Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

21.04.2026
Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

Semeytany.kz – Абай облысы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері онлайн форматта өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

18 часов бұрын

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

18 часов бұрын

Экстремистік топтарға қатысудың құқықтық салдары

2 дня бұрын

Абай облысында ЭКСЖ аясында жылу желілерінің тозуын 60%-ға дейін төмендету көзделіп отыр

2 дня бұрын

АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ КАДР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

2 дня бұрын

«Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы

2 дня бұрын

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

5 дней бұрын

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

5 дней бұрын

ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

5 дней бұрын

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС