"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ?

02.06.2022
ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ?
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында сәулет және қала құрылысы бөлімінің қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Бас жоспардың негізінде қаланың оң жағалауы мен сол жағалауы бөліктерін белгіленген тәртіппен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленіп, бекітілді.

Қала маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 4574,2 гектар болатын он екі тұрғын үй алабы анықталған, бұл жеке тұрғын үй және әлеуметтік мақсаттағы объектілер құрылысына арналған 17 543 жер учаскесі.  Сондай-ақ Шығыс кентінің сол және оң жақ саяжай алаптарын  егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары да басталған. Бүгінде Қарағайлы тұрғын ауданында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. 22 бюджеттік үй салынуда. 13 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Көп қабатты тұрғын үйлердің 18 жобасы әзірленсе, 33 жоба әзірленуде. Көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері осы ауданның заманауи талаптары мен көлемдік-кеңістіктік шешімі ескеріле отырып жасалған.

Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту үшін қаланың орталық бөлігінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер қасбеттерінің эскиздік жобалары әзірленді. Ескі қасбеттері бар көп қабатты тұрғын үйлердің 30-дан астам эскиздері іріктеліп алынған. Бірінші кезеңде Шәкәрім даңғылы бойынша жағалаудан бастап теміржол вокзалына дейін 19 эскиздік нұсқа мақұлданды.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі конкурс жариялады, қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланған.  Сәуір және мамыр айлары аралығында бөлім тарапынан іргелес аумақты абаттандыру және жинауға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, кәсіпкерлік субъектілері, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне 480-ге жуық хабарлама табыс етілді.

Қала әкімі сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысына наразылығын білдірді.

«Біз қасбеттерді жасаймыз делік. Іргелес аумақты абаттандыру бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде? Ескірген жиектерді, тозған тастарды, жасыл желекті ауыстыру керек пе? Бөлім кәсіпкерлік субъектілеріне аумақты рәсімдеудің эскиздік жобаларын ұсынды ма?» — қала әкімінің бірқатар сұрақтары жауапсыз қалды.

Бақытжан Байахметов сәулет келбеті жағынан Семейді дамыту тұжырымдамасының жоқтығына байланысты ескерту жасады.

«Кейбір орталық даңғылдар қала көшесіне ұқсамайды. Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілмейді. Біз ғасырлар бойғы ағаштарды тамырымен жоямыз да олардың орнына тамыр жаятыны белгісіз нәзік көшеттер отырғызамыз. Қаладағы ең көп жүретін көшелердің бірі Дулатов көшесінде тротуарлар салына бастады, ал олардан шығатын бөліктерін кімдер жасайды? Бөлімнің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылсын», — деп түйіндеді қала басшысы.

Жағдайды түзетуге сәулет және қала құрылысы бөліміне үш күн берілді.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ?

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

10 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС