"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘСЕЛЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛУГЕ ТИІС

27.05.2014
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімов М. Жұмабаев көшесіндегі № 23, 25 үйлердің тұрғындарымен кездесті. Жиында бірнеше мәселе қозғалды. М. Жұмабаев көшесінің тұрғындарын алаңдатқан басты мәселе — екі үйге іргелес жатқан алаңқайда салынатын дүкеннің құрылысы еді.

Халыққа қызмет ететін, күнделікті керек-жарақты сатып алуға мүмкіндік беретін сауда орындарының ашылуы құптарлық іс. Оның үстіне тұрғындар үшін ыңғайлы, тұтынатын тауарларын көп жүріп шаршамай, жақыннан алатындай қарыс қадам жерде орналасса. Алайда, қала әкімімен кездесу    барысында М. Жұмабаев көшесінің бойындағы 23-ші, 25-ші көпқабатты үйлердің тұрғындары осы ғимараттардың ортасындағы шағын ғана алаң-қайда жаңа дүкеннің салынуына қарсы екендіктерін айтты. Өздерінің бұл іске наразылықтарының себептерін түсіндірген  сөздерінің ортақ мәні төмендегідей:

— Дүкен салынып біткен соң, оның қабырғалары күн көзін көлегейлеп, біріншіден бастап үшінші қабатқа дейінгі пәтерлердің терезелері сауда орны орналасатын жаққа қарап тұрған бөлмелеріне жарық түспей қалады. Біздің қолымыздағы мәліметтерге жүгінсек, қазіргі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің жанынан салынатын әртүрлі мақсаттағы жаңа ғимараттар тұрғын үйлерден кемінде 25 метр қашықтықта тұруы тиіс. Ал, мына дүкен біздің баспанамыздың қабырғаларынан 6 метр жерде салынып жатыр. Мұның терезелерге түсетін күннің көзін  көлегейлегеннен басқа да  қандай қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін екені айтпаса да түсінікті. Кейін бұл дүкеннің пайдасы аз болып, басқа біреуге сатылып, сырахана сияқты шулы орынға айналып кете ме деген қауіп те жоқ емес.

 

{jcomments on}Бұл орайда қала басшысы Айбек Кәрімов бастаған әкімшілік пен прокуратура және басқа да жауапты салалардың өкілдері тұрғындарға аталмыш дүкеннің салынуының стандарттарға қаншалықты сай екендігі жайлы айтып берді. Мәселен, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Тілек Түлендиев сауда орны құрылысының қабылданған ережелерге ешқандай қайшылығы жоқ екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, дүкен салынатын жер телімінің жекенің қолына өтіп кетуінің негізділігі туралы сұрақтарға қаланың бас прокурорының көмекшісі Нұрлан Опабеков арнайы тексеру нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.

 

Берілген ақпаратқа қанағаттанбаған тұрғындардың құрылысқа берілген рұқсаттың күшін жою туралы ұсыныстарына қала басшысы былай деп жауап берді:

— Заңға сәйкес  рұқсаттың күшін жоюға қазір ешбір негіз жоқ. Себебі, өздеріңіз естідіңіздер, мамандар дүкен құрылысының барлық талаптарға сай екенін айтты. Егер бұл жауапқа қанағаттанбасаңыздар облыстың бас сәулетшісін шақырып, тағы бір мәрте осы мәселе төңірегінде жиналыс өткізуі-мізге болады. Немесе, құқықтық мемлекеттің азаматтары ретінде құрылыстың талаптарға сай еместігін айтып сотқа жүгіне аласыздар. Сонда ғана нақты шешім шыққанша берілген рұқсаттың күші жойылады. Ал, дәл қазір қабылданған қаулының күшін жоюға негіз жоқ. Себебі, заң аясында түйінді бір тұжырым жасалмай жатып, қаулының күшін жойсақ жер иесінің құқығын бұзған болып шығамыз.

Осылайша, жиынға қатысушылар 27-ші мамыр күні екі тараптан да дәйектер келтірілген пікір-таласқа негіз болған мәселенің анық-қанығына жету үшін облысымыздың бас сәулетшісінің, қала әкімінің, арнайы сала өкілдерінің қатысуымен басқосу өткізуді ұйғарды.

Кездесу кезінде құрылыс саласында тұрғындар тарапынан да көптеген қателіктер жіберіліп жататыны  айтылды. Мәселен, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Тілек Түлендиевтің айтуынша, бір азаматша Жұмабаев пен Ибраев көшелерінің қиылысындағы жер телімін үй салу мақсатында ала отырып, оның орнына гараж бен көлік жуу станциясын салып қойған. Сөйте тұра, арнайы құжаттарда жер телімін пайдаланудың мақсатын өзгертпеген көрінеді. Келтірілген мәліметтерді тыңдай отырып, қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Міне, көріп тұрсыздар, мына азаматша бірнеше заңды қатарынан бұзған. Біріншіден, жерді мақсатсыз пайдаланып отыр. Екіншіден, бұл    салынған нысан жеке баспана ретінде тіркеуде тұрса, гараждарды жалға беру мен көлік жуу станциясының қызметінен түсетін қаражаттан, пайдадан сәйкесінше тиісті көлемде салық төленбейді деген сөз. Демек, аты     аталған азаматша заңсыз пайда     тауып отыр. Мұндай заңға қайшы әрекеттер орын алып жатса, істі прокуратураға жіберу керек, — деп  нақты пікірін айтты.

Сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Тілек Түлендиев тұрғындардың пәтерлеріне қосымша бөлме жалғастырып салу фактілері жиі кездесетінін атады. Мысалы, ол мұндай жағдайларды Жұмабаев көшесі 21 және 23 мекенжайлары бойынша орналасқан көп-қабатты үйлердің бірінші қабаттарында орын алғанын байқауға болатынын айтты. Қала әкімі Айбек Кәрімов осыған байланысты:

— Өздеріңіздің араларыңызда да құрылыс саласындағы заңдарды бұзушылар бар. Мұның бәрі сіздердің көздеріңізше істеліп жатыр. Осыны көре тұра, ешбір адам наразылық білдірмеген, немқұрайлы қараған. Тағы бір айта кететін жәйіт, бұл мәселенің туындағанына 10 жылдан асқан. Егер дер кезінде айтылса, түйткілдің түйіні бүгінге жетпей тарқайтын еді. Мұндай пәтерлерге жалғастырып    салынған құрылыстар қаламыздың сәулет келбетін бұзады. Сондықтан жіберілген олқылықтарды жоюымыз керек, — деген пайымды пікірін білдірді.

Сондай-ақ, тұрғындар соңғы жылдары жылу беру қызметінің сапасы төмендеп кеткенін айтып мәселе көтерді. Олардың сөздері қыста пәтерлердегі температураның деңгейі 20 градусқа да жетпей қалатын кездер жиі болып тұрады дегенге саяды. Бұл орайда тұрғындардың сұрақтарына «Жылукоммунэнерго» мекемесінің техникалық директоры жауап берді.

— Биыл жылу параметрлері  төмендеп кеткен кездер болды. Осыған байланысты жүргізілген арнайы тексеріс осы аумаққа жылу тарататын Ғаббасов қазандығына қосылған  көптеген заңды тұлғалар өздерінің иелігіндегі нысандардың жылу жүйесін пайдалануда кемшіліктерге жол беріп алғанын анықтады. Сондай-ақ, жеке коттедж үйлердің иелері де жылу жүйесін пайдалану ережелерін өрескел бұзғаны мәлім болды. Олқылықтардың барлығы түзетілді. Ережелерді өрескел бұзған азаматтармен келісімшартты бұзатын боламыз,- деді Асхат Букатов.

Сонымен қатар, ол жылу сапасының төмендеуі жылу жүйелеріне заңсыз қосылған нысандардың көбейіп кетуінен екенін айтты. Дәлірек мәлімет келтірсек, Ғаббасов қазандығының жылу өндіру қуаты 42 гигокаллорий болса, тұтыну мөлшері 6 гигокаллорийге артып, 48 гигокаллорийге жетіп отырған көрінеді.  Қала әкімі Айбек Кәрімов бұл мәселеге қатысты мынадай сөз айтты:

— Кезінде орталықтандырылған жылу жүйесіне заңсыз қосылып алған нысандардың бәрін ажыратып, бірінші кезекте көпқабатты үйлердің тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді ойлау қажет. Алдағы уақытта да осы көпқабатты тұрғын үйлердің жылумен қамтамасыз етілуін бірінші орынға қоюымыз керек. Жылу энергиясы артылып жатқан жағдайда ғана басқа нысандарға арнайы келісімшарт негізінде беруге болады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы қала тұрғындарының кейбір бөлігі жылу үшін төлемдерді беруге құлықсыздық танытып келе жатқанын айтты. Соның салдарынан қазір  жылу энергиясын беретін мекеме алдындағы қарыздың жалпы көлемі 600 миллионға жеткен көрінеді. Сол себепті қала әкімі Айбек Кәрімов сапалы қызмет алу үшін оның ақысын дер кезінде төлеп отыру керектігін тағы бір ескертіп өтті.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

08.04.2026
Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Абай облысында террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызылған діни ғимараттардың қорғалу деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді. Кезекті жұмыс кездесуіне...

Толығырақ...Details

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

08.04.2026
Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 4-тармағына сәйкес, жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

08.04.2026
Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

Жаңасемей ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

08.04.2026
Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Жаңасемей ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

08.04.2026
Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

Жаңасемей ауданында инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов мәлімдеді. Қазіргі таңда ауданда көшелерді жарықтандыру...

Толығырақ...Details

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

08.04.2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

Semeytany.kz - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу жөніндегі келісімнің жасалуын құптады. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

2 часа бұрын

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

2 часа бұрын

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

2 часа бұрын

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

2 часа бұрын

Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

2 часа бұрын

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

2 часа бұрын

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

1 день бұрын

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

1 день бұрын

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

2 дня бұрын

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС