"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШҚО: ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

03.06.2022
ШҚО: ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ
50
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалар қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асырылып келеді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бағдарлама бойынша халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін кезең-кезеңмен көтеру қарастырылған. Белгілеген меже бойынша 2022 жылы ел азаматтарының цифрлық сауаттылық деңгейі 83 пайызды құрауы керек. Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысында сәтті жүзеге асуда. Оны қазірдің өзінде өңірдегі халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 84,1 пайызға көтерілгенінен аңғаруға болады. Бұл республика көлеміндегі өте үлкен көрсеткіш саналады екен.

Қазіргі уақытта IT саласы дүние жүзі бойынша айрықша сұранысқа ие. Осы ретте Шығыс Қазақстанда бірқатар IT-орталықтар толыққанды жұмыс істеп тұр. Аймағымыздағы Жоғарғы политехникалық колледж бен Электротехникалық колледжде орналасқан орталықтарда студенттер заманауи талаптарға сай білім алып жатыр, ал оқытушылар тәжірибеден өтуде.

Облыстағы 700-ден аса мектепте IT-сынып бар. Әлемдік стандарттарға сай жабдықталған бұл сыныптар тереңдетілген цифрлық бағдарлама бойынша іске қосылған. Жыл сайын облыстық чемпионаттар мен ІТ-хакатон ұйымдастырылады. Бұдан бөлек Jastar time инновациялық орталығы да ашылған. Цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған шараларды аймақ басшысы Даниал Ахметов жіті назарында ұстап отыр.

Өткен жылдары шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін 20-дан аса электронды қызмет көрсету орталықтары ашылды. Соның ішінде Аягөз ауданының Шұбартау өлкесінің тұрғындары үшін цифрлы қызмет көрсету қолжетімді бола түсті.

Ал осы жылдың алғашқы тоқсанында цифрлық оқытудың қорытындысы бойынша электронды қызметтердің үлесі артқан. Халыққа көрсетілген қызмет саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артып отыр.

Өңірлік электронды қызмет көрсету орталығы бизнес саласы бойынша көрсетілетін 6 қызметтің мобильді нұсқасын іске қосты. Облыс көлемінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Қазіргі таңда тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мұндай орындар аймағымыздың әрбір ауданындағы 22 орталықта 578 өзіне-өзі электронды қызмет көрсету бұрыштары құрылғанын айта кетуіміз керек.

КВИ пандемиясы кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары қашықтан жұмыс істеу форматына көшкен кезде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 30 мыңнан астам электронды қызмет көрсетіліп, 2,5 мың цифрлық кілт жасалған, 746 адам мобильді азамат базасының қосымшасына тіркелген.

Облыс орталығы Өскемен қаласында фото-видеофиксациялау және видеосараптама жасау жобасы аясында 4 мыңға жуық «Сергек» камерасы іске қосылған. Камералар 159 қиылыс пен желілік учаскелерде орын алған заңбұзушылықтарды тіркеп отырады. Соның нәтижесінде қоғамдық орындардағы қылмыс 37 пайызға, қала көшелерінде 41 пайызға, жол-көлік оғиғалары 36 пайызға төмендеген екен.

Бағдарлама аясындағы жобалар Семей қаласында да жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қалада 616 камера 74 желілік учаскеге және 40 адам көп шоғырланатын қиылысқа орнатылуда. Бұдан бөлек, тағы 687 сыртқы бейнебақылау камерасы қосымша жұмыс істейтін болады. Қазіргі күні қалада орнатылған камералар қанатқақты жоба ретінде, яғни тест режимінде іске қосылған. Әлеуметтік және бизнес нысандарындағы барлық камералар да «Сергек» жүйесіне біріктірілмек.

Ситуациялық орталық пен деректерді өңдеу орталығы қай жерлерде орналасатыны белгілі болды. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Маусым айында аппараттық-бағдарламалық кешендер толықтай іске қосылады.

Облыстағы медицина саласының 99 пайызы денсаулық сақтаудың электронды паспортымен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың 87 пайызы мобильдік қосымша арқылы көмекке жүгінеді. «DamuMed» платформасында пациенттерді онлайн қабылдау жүргізіледі. Цифрлық қызмет мониторингі облыстағы қалалар мен аудандарда да іске қосылды. Осы арқылы провизорлық және инфекциялық стационардағы жағдайды бақылап, ПЦР, КТ мен рентген бойынша жасалған зерттеу жұмыстарын көруге болады.

Бірер жыл бұрын Семейде жол ақыны электронды түрде төлеу мақсатында «Avtobys» жүйесі іске қосылды. Дәл осы тәрізді Өскемендегі қоғамдық көліктерде диспетчерлік ақпараттық модульдің көмегімен жолақы төлеуді автоматтандыру жоспарланып, қазіргі таңда нәтижелі жүзеге асырылуда. «Bus Report» бағдарламасы бойынша әрбір автобустың бағытын бақылауға болады.

Аталымыш бағдарлама аясында өңірдегі ауылдарды сапалы интернет желісіне қосуға баса көңіл бөлінуде. Биыл ШҚО-ға қарасты барлық аудан орталықтары интернет желісіне қосылды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы 683 ауылдық округ жылдамдығы 8 Мбит/с құрайтын интернет желісіне қосылған. Ал 261 ауыл жылдамдығы 2 Мбит/с құрайтын интернет желісін пайдаланса, ең төменгі 0,5 Мбит/с интернет желісіне 145 ауыл қосылған.

Қазіргі таңда облыс аумағында интернет желісінің сапасын жақсарту бағытында «250+» деп аталатын жоба жүзеге асуда. Бұл жоба толық жүзеге асқан сәтте облыс тұрғындары жалпы жолақты мобильді интернетке қол жеткізетін болады. Соның арқасында халық цифрлы мемлекеттік қызметтерді еркін пайдалана алады. Сонымен қатар аталған жоба аясында таяу уақыттарда 31 ауылдағы спутиктік трансмиссияларды жер бетіне орнату және 32 ауылды 3G/4G технологияларына қосу жоспарланып отыр. Сол сияқты байланыс сапасын жақсарту үшін 58 антенналық мачтарды ауыстыру көзделіп отыр.

Бүгінде онлайн төлемдер, электронды қызметтерді пайдалану, мессенджерлердің көмегіне жүгіну үйреншікті жайтқа айналғаны белгілі. Осындай заманауи үрдістер ел өміріне еркін кіргеннен кейін Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, цифрлық қызметтің халық үшін қолжетімді, оңай болуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні «Электронды үкімет» порталы арқылы ел азаматтары сапалы мемлекеттік қызметке қол жеткізіп отыр. Түрлі анықтамаларды, өтініш беру, есепке қою, лицензия алу сынды қызметтерді үйден шықпай-ақ осы портал арқылы алуға болады. Сол сияқты банк, пошта қызметі де өздерінің жұмысын электронды форматқа көшіріп, жұмыстарын жеңілдету үшін жұмыс жүргізіп жатқанын көріп отырмыз.

Бұл орайда осыдан біраз бұрын болып өткен журналситермен жүздесуде ШҚО Цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагаринаның айтуынша,  шығысқазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бес оқыту бағдараламасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылдың өзінде өңір тұрғындары 9,7 млн мемлекеттік қызметті пайдалаған. Соның 9,6 миллионы электроны форматта жүзеге асып, облыста мемлекеттік электронды қызметті тұтыну көрсеткіші 98,7 пайызды құраған. Сондай-ақ ШҚО-ның барлық аудан орталықтарындағы инженерлік желілерді цифрландыру ісі қарқынды жүзеге асырылуда, өңірдің геомәліметтері Мемлекеттік жер кадастры мен Біріктірілген мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына қосылғанын да айта кету керек. Қазіргі таңда аталған жүйеге тіркелушілердің саны 120 мыңнан асып, порталға 64 млн өтініш келіп түскен екен.

Қорыта айтсақ, облыс көлемінде Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыруға бағытталған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру ісі үздіксіз жалғаса беретін болады.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ШҚО: ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Жиында 2026...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов Абай облысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

09.04.2026
Олжас Бектенов Абай облысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласы әкімшілік іскерлік орталығын дамыту жобаларымен және Алакөл жағалауын...

Толығырақ...Details

Семейдегі №7 емхана қызмет көлемін кеңейтіп келеді

09.04.2026
Семейдегі №7 емхана қызмет көлемін кеңейтіп келеді

Семей қаласындағы №7 емхана 34 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетіп, диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Медициналық мекемеде 10-нан астам бөлімше жұмыс...

Толығырақ...Details

Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді

09.04.2026
Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді

№1 поликлиника (қала тұрғындарына бұрынғы атауымен – Орталық қалалық аурухана, ЦГБ ретінде белгілі) Абай облысының әкімшілік орталығындағы ең ескі емдеу...

Толығырақ...Details

Абай облысында энергия тапшылығын азайтатын ірі жобалар қолға алынады

09.04.2026
Абай облысында энергия тапшылығын азайтатын ірі жобалар қолға алынады

Semeytany.kz – Абай облысында өңірді жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылмақ. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде «Таза Қазақстан» аясында Бейбітшілік аралында экологиялық акция өтті

09.04.2026
Семейде «Таза Қазақстан» аясында Бейбітшілік аралында экологиялық акция өтті

Семей қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында кезекті экологиялық акция өтті. Іс-шара белсенді жастарды қарапайым, бірақ маңызды ұстаным – тазалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

11 часов бұрын

Олжас Бектенов Абай облысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

11 часов бұрын

Олжас Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

11 часов бұрын

Семейдегі №7 емхана қызмет көлемін кеңейтіп келеді

15 часов бұрын

Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді

15 часов бұрын

Абай облысында энергия тапшылығын азайтатын ірі жобалар қолға алынады

15 часов бұрын

Семейде «Таза Қазақстан» аясында Бейбітшілік аралында экологиялық акция өтті

15 часов бұрын

Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады

15 часов бұрын

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

1 день бұрын

Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС