"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕШЕНДІ ЖОСПАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

07.06.2022
КЕШЕНДІ ЖОСПАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
64
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның соңында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, оған шығыс өңірінің барлық депутаттары толықтай дерлік қатысты. Бұл жиынды тарихи кеңес болды десек, артық етпес.

Алдағы сәрсенбі, 8 маусымда Абай облысы мәслихатының бірінші сессиясы өтеді. Осыған орай сессияда  жаңа облыстың даму қорытындылары мен келешегі жан-жақты талқыланды.

— Барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсу және экономикаға инвестициялар белсенді тартылып жатқанын атап өткім келеді. Соңғы бірнеше жылда Абай облысына, орталығы Семей қаласына 2,1 триллион теңге, облыстық және республикалық бюджеттен 353,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ақтоғай және Бақыршық кен-байыту комбинаты, май экстракциялық зауыты сияқты ірі жобалар белсенді іске асырылуда. Тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді, тек өткен жылдың өзінде 326 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қарағайлы шағын ауданында 20 мектеп, 4 балабақша, 13 спорт нысаны, соның ішінде бірегей көпфункционалды спорттық-мәдени кешен салынды. Денсаулық сақтау саласында да ілгері даму байқалады. Атап айтсақ, елдегі алғашқы радионуклидтік терапия бөлімшесі бар Ядролық медицина орталығы ашылды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 79 жоба, Еуропалық қайта құру және даму банкі желісі бойынша 4 жоба іске асырылуда, — деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сөз орайында айта кетсек, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қаржыландыру көлемі 260 млрд теңгені құрайтын Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың бесжылдық кешенді жоспары іске асырылуда. Жоспарға сәйкес, бір жыл ішінде 107 млрд теңге сомасына жобалар іске асырылды. Алдағы төрт жылға жобалар бойынша сметалық құжаттар әзірленді.

— Өңір дамуы аталмыш көрсеткіштермен шектелмейді. Мен өз кезегімде Абай облысы депутаттарының ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тілеймін, — деді қорытынды сөзінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: КЕШЕНДІ ЖОСПАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

2 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

2 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

3 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

3 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

7 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС