"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Баланы орысша оқытыңыз. Әйтпесе біздің нарыққа кіре алмайсыздар – Кремль өкілі

07.06.2022
Баланы орысша оқытыңыз. Әйтпесе біздің нарыққа кіре алмайсыздар – Кремль өкілі

фото: даланьюс

599
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кремль пропагандасы арнасынан асып-сөгіліп, күн өткен сайын параноясы асқынып барады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Орта Азия, оның ішінде Қазақстанды алысқа ұзатқысы келмейтін Кремль қазақтану процесіне қалай тежеу саларын білмей дағдаруда. Отыз жылда өсіп-өнген ұрпақ намазды Мәскеуге қарап оқитын алдыңғы буынға қарағанда салт-санасы азат. Олар орыс тілін місе тұтпайды. Орыс әлемінің өне-бойынан мүңкіп тұрған агрессия мен пропогандадан жиренеді.

АҚШ, Батысқа ұмтылатын кейінгі буын үшін қазіргі Ресейдің құндылықтары орта ғасырдың идеологиясы іспеттес, тым тұрпайы, тым жат. Кремльді алаңдатып отырған да осы жайт.

Орыстілді кеңістіктің тынысы тарылып, орысшадан мақұрым аудиторияның қалыптасып жатқаны Мәскеу үшін қауіпті тенденция.

Содан да болар орыстың ортасына кетіп, танымал атанған қазақтарды саяси саудаға салуда.

Мәселенки Кремльге қарасты Қаржы университетінің профессоры Геворг Мирзаянның айтуынша ресейлік шоу-бизнесте атағы шыққан Нұрлан Сабыров, Әділ Жәлелов секілді әнші-әртістер орыстілді нарықтың төл өнімі. Орыстілді ортасыз олардың танымал атануы неғайбыл еді.

Әлбетте мұнысы рас. Отандық шоу-бизнесте, Қайрат Нұртас пен Төреғалидің ортасында бұл екеуінің тасада қалары ап-анық еді. Жоқ, талантының кемдігінен емес,  орыстілді кеңістіктің аясы тарылып, орысша тыңдайтын аудиторияның кеміп жатқанынан деп ұғыну керек.

Қазақтілді аудитория ілгерідегі екеуге мұхтаж емес, олардың кетісін де ешкім аңғарған жоқ. Ашығын айтқанда, бұлар өріс іздеп кетті, өздері үшін кетті…

Алайда Мирзоян мырзаның мұнымен келіскісі жоқ. Орыс тілі қазақтың талантын танымал ететін, ешбір баламасы жоқ, ешкімге дес бермейтін нарық деп есептейді.

“Орысша сөйлейтін 300 миллион адам бар. Ойлап қараңызшы, біздің аудитория телегей теңіз. Қазақстанда осыны ұғынбай, орыс тіліне қарсы шығып жүрген қауымның танымына таңым бар. Орысша білмейтін таланттың өрісі тарылады, Ресейдің нарығына шыға алмай, опық жейді…”, – дейді ол.
…

Ертеңін ойлайтын ел орыс тіліне алабөтен көңіл бөлуі керек. Онсыз өсу де, даму да жоқ, тек тұралау. Орыс тілі талай таланттың томағасын сыпыратын трамплин. Одан бұрын көл-көсір капитал, сатып алу қабілеті қалыптасқан қауқарлы аудитория.

Сөй деген Мирзаян мырза баласын орысша оқытқан қазақ, саналы қазақ деп санайды.

Айтуынша Қазақстанның орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беруінде үлкен мән бар. Бұл біздің елдің орыс әлемінің бір бөлшегі екенін білдіреді, орыс тілінің парқын түсінетінімізді аңғартады.

Осы арқылы ресей пропагандасының кезекті порциясын ақпараттық шекарасы ашық-шашық жатқан Қазақстанға қотара салған Мирзаян мырза мұнысына марқайып отырғанын жасырмайды.

“90-шы жылдардың топалаңында орыс тілінен жирену қалыпты дүние ретінде қабылданды. Ел эйфорияға беріліп кетті. Орта Азияда өзбектер мен қазақтардың қарқыны күшті еді. Өзбек жастары ұстаздардың орысша дәріс оқуына қарсы шықты. Қазақтар да қалыс қалған жоқ. Орыс әлемінен іргені аулақ салу керек дейтін аудитория қалыптасты. Бұл аудитория көбеймесе, азаймай отыр. Қазір орысшаны қоя тұрып, ағылшын тілін үйренуге үгіттеп жатыр. Кремльдің ықпалынан шығу үшін түріктермен тізе қосуға, Батыспен ауыз жаласуға әзір. Бәрібір алысқа ұзай алмайды…”, – дейді Мирзаян.

…

Себебі сананы тұрмыс билейді. Ұлт деп ұрандатқандар халықтың қарнын тойғыза алар қауқарда емес. Орта Азияның халқы жұмыссыз жүр. Бір кездері Ресейден теріс айналғандай болған өзбектер пен қырғыздар орыстың көшесін сыпырып, кәрізін жөндеп күнелтуде.

“Орта Азиядан келген жүздеген, мыңдаған мигрант Ресей нарығынан нәпақа тауып жүр”, – дейді сарапшы.

Түсінгеніміз, Мирзаян мысал еткен Нұрлан Сабыров пен Әділ Жәлелов және тағы да басқа қазақстандық әнші-әртістердің екі қолға бір күрек іздеп келген қара жұмысшылардан еш артықшылығы жоқ. Мұны ашып айтпаса да, сөз ауанынан анық аңғардық.

Орыс тілінің ықпалын кеңейту арқылы Орта Азияны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы келетін Кремль бұл ойын Мирзаянның аузымен айтқызыпты. Миллиондаған мигранттың Ресейден “пана тапқанын” бұлдап, Ресей болмағанда Орта Азия бұратылып, аш-жалаңаш қалар еді дегенге меңзеген екен.

Сарапшының мәліметінше былтыр өзбек мигранттары үйлеріне 913 млн доллар аударған. Ал тәжік жұмысшылары 350 млн долларға жетеқабыл қаражатты елдегі ағайын-туысына жөнелткен.

“Әділ мен Нұрлан? 90-шы жылдары өмірге келген қазақ жастарының көпшілігі бұл екеуіндей емес, орысшасы олқы. Шала-пұла сөйлейді.

Орыстілді нарықта танылудың басы шарты – орысша таза сөйлеу. Онсыз біздің кеңістікке кіре алмайсың. Саған жоғары жалақы төленбейді. Тіпті даяшы болатын дәрменің жоқ. Күнделікті тұрмыста аяққа оратылатын тілдік фактор қаншама”, – дейді кейінгі қазақтардың орыс тілін керек етпейтініне қынжылған Кремль сарапшысы.

…

Мирзаянның пікірінше Орта Азияның, оның ішінде Қазақстанның орыс тілінен түбегейлі бас тартып, орыс әлемімен қатынасты шорт үзетін шамасы жоқ. Керісінше орыс тіліне оралу процесі басталуы мүмкін.

Мигранттар мәселесінде Кремльге байланып қалған Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді елдер орыс тіліне қайта көңіл бөлуде. Ресей астанасында аялдап қалған қара жұмысшылар ұл – қыздарын орыс мектебіне беруде. Бұлардың басына туған күн қазаққа да келеді деп болжайды Мирзаян мырза.

“Қырғызстанда баласын орыс мектебіне бергісі келетін ата-аналар ұзынсонар кезекте тұр. Өзбекстанда орысша оқытатын ұстаздар жетіспеуде. Түркменстанда орысша оқитын баланың орны бөлек. Оған айрықша статус берілген. Ата-аналар баласын орыс мектебіне беру үшін қомақты қаржы төлейді. 30 мыңға жуық тәжік жастары Ресей ЖОО-ларында білім алуда”, – дейді ол.

Сөй деген Мирзаян Кремльдің орыс тілінің құлашын кеңейтуге қатысты ұлы жоспары жүзеге асарына кәміл сенімді. “Ресейге оқу іздеп келген Орта Азия жастарын филфакка түсіру қажет. Орыс тілі мұғалімі атанып, елінде өз мамандығы бойынша жұмыс істесін. Жәрдемдесейік…”, – дейді.

…

Әнші-әртістің эмиграциясы шоу-бизнес үшін көз үйренген қалыпты үрдіс. Кремльдің жағдайында бұл кезекті ақпараттық пропагандаға азық болатын арзанқол науқан. Отандық орыстілді өнер өкілдерінің Ресейге ұмтылуы, сол жақтың шоу-бизнесімен қан-жыны араласып, атағы шығуы орыс тілінің ұлылығын білдірмейді. Керісінше Қазақстандағы орыс тілінің өрісі тарылып, орысша контентке сұраныстың төмендеп жатқанын аңғартса керек. Еліміздегі орыстілді өнер өкілдерінің ақырғы аялдамасы – Ресей.

 

Әзірлеген, Думан БЫҚАЙ

Мақалада: Баланы орысша оқытыңыз. Әйтпесе біздің нарыққа кіре алмайсыздар – Кремль өкілі

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 неделя бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС