"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

11.03.2026
Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық жұмыстары шешуші кезеңге аяқ басты. Осыған орай Орталық референдум комиссиясының мүшелері ел көлемінде ауқымды инспекциялық сапарлар өткізіп, 17 облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласындағы дайындық барысын жан-жақты пысықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Тексеру барысында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі, науқанның ұйымдастырушылық-құқықтық қырлары, учаскелік комиссиялардың жұмысы, сондай-ақ референдум рәсімдерінің ашықтығы, заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз ету тетіктері басты назарда болған.

«Орталық референдум комиссиясының мүшелері барған учаскелерде азаматтардың барлық санаты үшін қажетті жағдай жасалғанына көз жеткізді. Атап айтқанда, ғимараттар пандустармен жабдықталған, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар мен Брайль қарпімен әзірленген трафареттер дайындалған. Ақпараттық стендтер арбамен қозғалатын азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып орналастырылған. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін жаңа Конституция жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасы қарастырылған», — деді Н.Әбдіров.

Оның сөзінше, ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық референдум комиссияларының өкілдері бірлескен отырыстарда бірқатар маңызды мәселелер бойынша есеп берген. Атап айтқанда, интернет пен электр энергиясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, 10 411 учаскенің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, 91 609 мүгедектігі бар азаматтың дауыс беруге қатысуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ дауыс беру күні қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары талқыланды.

Уақытша басқа жерде болуына байланысты дауыс беру күні өз учаскесіне келе алмайтын азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес есептен шығару куәлігін алу мүмкіндігі де қарастырылған.

«Қазір референдумға дайындық және оны өткізу тәртібі туралы халықты кеңінен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін түрлі коммуникациялық арналар іске қосылып, арнайы онлайн-сервистер пайдалануға берілуде. Азаматтар өздерінің дауыс беру учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы, Kaspi Bank пен Halyk Bank қосымшалары, сондай-ақ байланыс операторларының SMS-хабарламалары арқылы анықтай алады», — деді комиссия Төрағасы.

Сонымен қатар, «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» атты арнайы сервис іске қосылған. Бұдан бөлек, азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің call-орталықтарына хабарласып, өз учаскесі туралы нақты ақпарат ала алады. Call-орталықтардың нөмірлері жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

«Инспекциялық сапарлар аясында учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін оқытудың үшінші кезеңіне де ерекше назар аударылды. Жалпы аумақтық және учаскелік комиссия мүшелерін оқыту каскадтық модель бойынша ұйымдастырылған. Алдымен аумақтық комиссия мүшелері офлайн және қашықтан оқытылып, одан кейін учаскелік комиссиялардың төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшыларына арналған семинарлар өткізілген», — деді Нұрлан Мәжитұлы.

Жұмыс сапарлары барысында Орталық референдум комиссиясының өкілдері 3 мыңнан астам комиссия мүшесіне арналған оқыту семинарларын өткізіп, білім деңгейін бағалау мақсатында тестілеу де ұйымдастырды. Оқытудың практикалық бөлігі нақты учаскелердегі жағдайларға негізделген кейстерді шешуге бағытталды. Әсіресе азаматтар тізімімен жұмыс істеу, есептен шығару куәліктерін рәсімдеу, азаматтардың өтініштерін қарау және негізгі рәсімдік алгоритмдерді меңгеру мәселелеріне басымдық берілді.

Сонымен қатар өңірлерде халықты ақпараттандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бүгінде 90 қала мен 195 ауданның тұрғындарына референдум жөніндегі негізгі мәліметтер қамтылған QR-коды бар дербес шақыру билеттері таратылып жатыр.

Анықтама ретінде айта кетсек, референдумды дайындау мен өткізуді бірнеше деңгейдегі комиссиялар жүзеге асырады. Орталық сайлау комиссиясы Орталық референдум комиссиясының функцияларын атқарады. Сондай-ақ 247 аумақтық комиссия жұмыс істейді, олардың құрамында 1 729 мүше бар. Бұдан бөлек, 10 411 учаскелік комиссия референдумды тікелей ұйымдастыруға тартылған. Жалпы алғанда, референдумды өткізуге 10 658 аумақтық және учаскелік комиссия қатысып, олардың құрамында 71 030 адам жұмыс істеуде.

Осылайша, өңірлердегі дайындық барысы референдумды ұйымдастыру ісінің жан-жақты және жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Инфрақұрылымның әзірлігі, комиссия мүшелерінің оқытылуы, цифрлық сервистердің іске қосылуы және азаматтарды кеңінен ақпараттандыру шаралары ел көлеміндегі маңызды саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне негіз қалайды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС