"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

09.06.2022
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
135
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, 8 маусым күні, Семей қаласы әкімдігінде облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті. Сессия отырысына Абай облысы мәслихатының депутаттары, БАҚ өкілдері және онлайн режімде облыс құрамындағы аудандардың әкімдері қатысты.

Президент Қасым-Жомат Тоқаев 16 наурыз күнгі Жолдауында елде жаңадан үш облыс құрылатынын мәлім еткен болатын.  Мемлекет басшысының Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы қаулысы  8 маусымнан бастап ресми түрде күшіне енді.

Бұған дейін басылым беттерінде Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясы өтіп, депутаттық корпусты бөлу жөніндегі шешімнің жобасы мақұлданғаны хабарланған болатын.

Абай облысы мәслихатының депутаттық құрамына 16 адам бекітілді. Олар: Бесқарағай ауданының «Тіл үйрету орталығы» КММ директоры Айнаш Әменова, «Роза ВВК» ЖШС директоры Альбина Ахметова, «Sembell» ЖШС бас директоры Серік Байғалиев, ШҚО әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт, «Елім-ай Көкпекті» ЖШС директоры  Болат Бекбердинов, «СемАз» ЖШС бас директоры  Әсемқан Досқожанов, «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы  Ерлан  Зайтенов, «Силикат» ЖШС бас директоры Жұмабек Ибраев, «Юбилейный» ЖШС басшысы Мамырбек  Қарашев,  «Көлік колледжі» КМҚК директоры  Айбек Нұғымаров, «Казполиграф» ЖШС бас директоры  Темірлан Оралбаев,

«Защита» теміржол станциясының отын қоймасының бастығы Қанат Оспанов, «Теплокоммунэнерго» КМҚК директоры Азат Сарпеков, «Шалабай» ЖШС бас директоры Қуаныш Сүлейменов, «Агрофирма «Приречное» ЖШС директоры Мұхит Тұмабаев, «Қарағайлы» Семей медициналық-әлеуметтік мекемесінің медицина бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Шегедекова.

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессияның күн тәртібінде  Абай облыстық мәслихатының хатшысын сайлау, мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және оның мүшелерін сайлау, тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау мәселелері, сонымен бірге мәслихат регламентін бекіту және «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту,  оның құрылымы мен шарттары туралы мәселелер қаралды.

Алдымен депутаттар Абай облыстық мәслихатының хатшысын сайлады. Депуттатардың бір ауыздан қолдауымен мәслихат хатшысы болып Қуаныш Сүлейменов сайланды.

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылы Семей облысының Шар қаласында дүниеге келген.   Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген ол білімін Қазақ мемлекеттік заң академиясында жалғастырып, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша тамамдаған. Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қызмет етті. Қазіргі таңда асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын «Шалабай» жеке шаруашылығы серіктестігінің бас директоры.

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессияда екі тұрақты комиссия құрылды. Бюджет, экономика, өңірлік даму, Төрелік іс жүргізу кодексі, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып «СемАз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Әсемқан Досқожанов сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы болып «Роза ВВК» ЖШС директоры Альбина Ахметова сайланды.

Сондай-ақ Абай облыстық мәслихатының депутаттары Мәслихат аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штатын бекітті.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,

«Семей таңы»

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

3 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

3 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

3 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

4 дня бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС