"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады

13.06.2022
Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады
211
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Energyprom.kz сарапшылары елімізде бензин үшінші жыл қатарынан қымбаттап жатқанын айтты. Мысалы, биыл мамыр айының қорытындысы бойынша жанармай 4,7 пайызға, ал дизель отынының бағасы бірден 41,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда бензин мен дизель отынын өндіру көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1,6 миллион тонна жанармай шығарылды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 процентке артық. Сектордағы өсім жетінші жыл қатарынан байқалып отыр.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша 1,7 миллион тонна дизель отыны өндіріліп, өндіру көлемі екінші жыл қатарынан өсіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4 процентке артық.

«Ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу үшін Қазақстанда автокөлікпен бензинді, дизель отынын, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Тыйым алты айға созылды. Кейін 2022 жылдың 21 мамырына дейін ұзартылды. Энергетика министрлігі 2022 жылдың аяғына дейін Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, дизель отыны импорты бір жылда 15,3 процентке, биыл бірінші тоқсанда 23 мың тоннаға дейін қысқарған. Экспорт бірден 6 есе, 17,6 мың тоннаға дейін төмендеді. Ішкі нарықта 2022 жылдың қаңтар-наурызында 1,2 миллион тонна дизель отыны сатылды. Ал бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3 процентке артық.

2022 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша бензин бағасы өткен жылдың мамырына қарағанда 4,7 процентке өсті. Тиісті кезеңдегі өсім осымен үшінші жыл қатарынан байқалады. Дизель отынының бағасы бірден 41,5 процентке өсті, ал бұған дейін екі жыл қатарынан арзандаған болатын.

Жанар-жағармайдың жекелеген түрлерін алатын болсақ, бір жылда:

жазғы дизель отыны – 24,6 процентке;

АИ-98 бензині – 9,6 процентке;

АИ-95/96 – 9,1 процентке;

АИ-92 – 4, 2 процентке қымбаттаған.

Сондай-ақ АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы орташа бағасы биыл мамырда литріне 178 теңге, АИ-95/96 – литріне 210 теңге, АИ-98 – литріне 232 теңге, ал жазғы дизель отыны литріне 234 теңгеден сатылған.

АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 182 теңге), АИ-95/96 Алматыда (литріне 215 теңге), Аи-98 Қостанайда (литріне 238 теңге) қымбаттады.

Атырауда бензин бағасы арзанырақ: АИ-92 – литріне 168 теңге, АИ-95/96 — литріне 201 теңге, АИ-98 – литріне 227 теңге. Ақтауда АИ-95/96 литріне — 201 теңге, Қарағанды мен Оралда АИ-98 литріне – 227 теңге.

Жазғы дизель отыны Қостанай мен Петропавлда қымбатырақ (литріне 260 теңге), ал Шымкентте керісінше арзан (литріне 225 теңге).

GlobalPetrolPrices.com деректеріне сүйенсек, биыл 6 маусымда Қазақстан бензин бағасы бойынша 170 елдің ішінде 11-орынды иеленді, яғни литріне 0,48 доллар. Ал дизель отыны бойынша 169 елдің ішінде 16-орынды иеленді: литріне 0,55 доллар.

Ең қымбат баға тіркелген әлем елдері қатарында:

  • Гонконг (литріне 2,96 доллар);
  • Норвегия (литріне 2,86 доллар);
  • Дания (литріне 2,73 доллар);
  • Финляндия (литріне 2,68 доллар);
  • Исландия (литріне 2,52 доллар США).

Дизель отыны ең қымбат елдер қатарында Гонконг (2,73 доллар), Швеция (2,68 доллар), Норвегия (2,6 доллар), Монако (2,43 доллар) және Исландия (2,46 доллар).

Мақалада: Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

7 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

7 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

7 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС