"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРХЕОЛОГИЯ: ЖОБАЛАР НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

23.06.2022
АРХЕОЛОГИЯ: ЖОБАЛАР НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осыдан біраз жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 2016 жылы, ШҚО-да Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Аталған бағдарлама аясындағы жұмыстар бүгінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен нәтижелі жүргізілуде.

Нақтылай айтар болсақ, бағдарлама шеңберінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 26 000 бірегей артефактілермен толықтырылды. Зерттеулер аймақ басшысы Даниал Ахметовтің және Қазақстанның жетекші археологтерінің басшылығымен «Алтай-Тарбағатай қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейін» және «Шілікті даласы мен Тарбағатай тау бөктерлерінің ежелгі және орта ғасыр ескерткіштері» атты екі жоба бойынша жүргізіліп жатыр.

— Тұтастай алғанда, бағдарлама өте ауқымды нәтижелер береді, ол еліміздің және шетелдің зиялы қауымы арасында жоғары бағаға ие болды. Бағдарламаны іске асыру шын мәнінде жемісті акция болды. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, Облыстың маңызды археологиялық ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді, — дейді бұл орайда жоба жетекшілерінің бірі археолог Зейнолла Самашев.

Зейнолла Самашевтың басшылығымен 2019-2022 жылдар аралығында жүргізіліп жатқан Ақбауыр үңгірінің жанындағы «Діни алаңдағы» ауқымды зерттеулер де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қазба жұмыстары барысында бұл алаң б. з. д. 11-9 ғғ. жататыны анықталды. Профессор Зейнолла Самашевтың айтуынша, табылған олжалар бұл аймақта мекендеген ертедегі сақтар отырықшы өмір салтын ұстанғанын, оларда егін, мал шаруашылығы, металлургия, қолөнер өндірісі дамығанын дәлелдейді. Профессор Ақбауыр археологиялық кешенін байырғы қала деп атауға болады деп маңызды қорытынды жасады.
Сондай-ақ соңғы екі жылда Катонқарағай ауданындағы Берел, Таутекелі, Жайдақ қорымында, Семей қаласындағы Көкентау елді мекенінде, Тарбағатай ауданындағы Елеке Сазы қорымында да қазба жұмыстары жалғасып жатыр.

—       Осы жылы көне түркі дәуіріндегі «Қаған» бірегей діни-мемориалдық кешенін қазу жұмыстары жалғасады. 2021 жылы «Қағаннан» табылған заттарының ішінде алтын тақта тәж киген қағандардың суреттері бар екі алтын алқа, сөзсіз, қызығушылық тудырады. Біздің Республикамыздың жоғары оқу орындары мен колледждерінің 430-дан астам студенті бағдарлама шеңберінде археологиялық экспедицияларға қатыса отырып, баға жетпес тәжірибе жинады. Олар Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері, — дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Тоқтала кетер болсақ, мұнымен қатар 2019-2020 жылдары әр түрлі бейіндегі мамандар тобы, З.Самашевтың басшылығымен Тарбағатай ауданының Елеке Сазы қорымындағы Алтын адамның жаңғыртпасы жасалды, сондай-ақ Үржар ханшайымының жаңғыртпасы сатылып алынды.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданының Берел және Қарақоба қорымдарынан табылған әйелдердің салтанатты костюмдерінің жаңғыртпасы да жасалды.

Шығыс Қазақстан облысының бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау жұмыстары әлі жүріп жатыр. Көрменің алғашқы халықаралық көрсетілімі 2019 жылы Мәскеуде өтті. Ұлы Даланың ежелгі өнерінің жауһарлары қойылған көрмені 6 760 адам тамашалады.

Өткен жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Ұлыбританияның Кембридж университетінің Фицуильяма музейінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ұйымдастырылғаны да оқырмандарға белгілі. Экспозицияға біздің ата-бабаларымыздың мәдени және технологиялық жетістіктерін сипаттайтын және ежелгі зергерлердің жоғары шеберлігін көрсететін 15 000-нан астам артефакт ұсынылды.

Apollo халықаралық беделді өнер журналының рейтингі бойынша «Ұлы дала алтыны» көрмесі 2021 жылғы әлемнің үздік көрмелерінің бестігіне кірді. Ол Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мультимәдени алмасу тізбегінің бір буынына айналды.
Шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде «Ұлы дала алтыны» көрмесі туралы 200-ден астам жарияланым шықты.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: АРХЕОЛОГИЯ: ЖОБАЛАР НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС