"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді: Абай облысында арнайы жиын өтті

14.03.2026
Су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді: Абай облысында арнайы жиын өтті
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында көктемгі су тасқынының алдын алу және қауіпті кезеңге дайындық барысы арнайы жиында талқыланды. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен басқосуға жауапты басқарма басшылары, департамент жетекшілері, сондай-ақ «Қазгидромет», «ҚазАвтоЖол», «Қазсушар», «ҚТЖ» және өзге де мекемелердің өкілдері қатысты. Аудан және қала әкімдері жиынға бейнебайланыс арқылы қосылды.

Су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді: Абай облысында арнайы жиын өтті

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала мамандары өңірдегі қазіргі ахуал мен дайындық деңгейі жөнінде баяндама жасады. «Қазгидромет» РМК Абай облыстық филиалының директоры Ляззат Болатқанның айтуынша, облыстағы өзен-көлдердегі жағдай тұрақты. Барлық бақылау бекеттерінде су деңгейі қауіпті межеден төмен, ал Шүлбі су қоймасына келетін су көлемі қалыпты деңгейде болжанып отыр. Мамандар ауа райы мен су айдындарындағы жағдайды үздіксіз бақылап, ықтимал қауіп туралы ескертулерді тиісті органдарға уақытылы жолдап келеді.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері су тасқыны кезеңіне арналған күштер мен құралдардың жоғары дайындыққа келтірілгенін мәлімдеді. Қазір облыста 1436 адам мен 543 техникадан құралған арнайы топ жасақталған. Бұдан бөлек, 30 жүзу құралы және 171 су айдау құрылғысы әзір тұр. Қажет болған жағдайда Қорғаныс министрлігінің техникасы мен тікұшақтарын тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Соңғы күндері жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан Семей қаласының кейбір көшелерінде су жиналып, құтқарушылар 9 мың текше метрден астам суды сыртқа шығарған.

Су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді: Абай облысында арнайы жиын өтті

Жиында аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, қарды дер кезінде шығару, су арналары мен арықтарды тазарту, еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, қорғаныс бөгеттерін тексеріп, нығайту, сондай-ақ қауіпті аймақтарда күштер мен техниканы толық дайын ұстау міндеттелді.

Берік Уәли көктемгі кезеңде басты мақсат – су тасқыны қаупінің алдын алып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Оның сөзінше, су қоймаларындағы жағдай тұрақты бақылауда болуы тиіс, ал қажет жағдайда артық суды кезең-кезеңімен қауіпсіз жіберу шаралары жалғасуы керек. Сонымен қатар қауіпті аумақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру және материалдық-техникалық қорды жеткілікті көлемде дайындау міндеті жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС