"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

13.03.2026
Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылы қойылған міндеттер толық орындалып, негізгі көрсеткіштер жоспардан жоғары деңгейде жүзеге асырылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек баяндады.

– 2026 жылы облыс бойынша 13 324 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 316 адам тұрақты жұмыс орындарына, 4 008 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылады. Бұл көрсеткіштер инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарына жолдау, жаңадан құрылған кәсіпорындардағы жұмыс орындары және жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы 205 азаматқа өз ісін бастауға 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған. Субсидияланатын жұмыс орындарын құруға қатысты жаңа талаптар енгізіліп жатыр. Енді өтінімдер соңғы 12 ай бойы міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып отырған жұмыс берушілерден ғана қабылданады. Сондай-ақ жұмыс берушілердің штаттық қызметкерлер санына қарай ұсынылатын жұмыс орындарының саны шектеледі, — деді басқарма басшысы.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 27 602 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 18 843 адам тұрақты, 8 759 адам уақытша жұмыс орындарына орналасты. Сондай-ақ 205 азаматқа грант беріліп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 103 микрокредит рәсімделді.

– Жұмыссыз азаматтарды қолдаудың маңызды бағыты – кәсіптік оқыту. 2026 жылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 280 адамды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар Skills Enbek платформасы арқылы онлайн курстар ұйымдастырылып, биыл 950 адамды қамту көзделуде. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасады. 2026 жылы бұл бағытқа жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлініп, шамамен 23 мың адамды қамту жоспарланған. 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 14 111 адамға төленді, — деп атап өтті Айман Нұрлыбек.

Сонымен қатар мерекелік және атаулы күндерге орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2025 жылы 43 283 азаматқа 1,8 млрд теңге көлемінде төлем жасалды.
Спикердің айтуынша , облыста егде жастағы азаматтарды қолдау шаралары да жалғасуда. Қарағайлы шипажайы базасында жекелеген санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеу ұйымдастырылып келеді. 2026 жылы 1 955 адамды шипажайға жіберу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС