"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛІКТЕ КЕДЕРГІ БОЛМАУЫ КЕРЕК

07.06.2014
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Шығыс қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовтің төрағалық етуімен қалалық әкімдікте кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, ШҚО прокурорының орынбасары Василий Олейник және ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий, сонымен қатар, құқық- қорғау органдарының қызметкерлері мен әкімдіктің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет мамандары, кәсіпкерлер қатысты.

Жиында негізінен кәсіпкерлер алдында кездесетін кедергілер жайы талқыланып, оның шешілу жолдары қарастырылды. Кәсіпкерлерге өздерінің мәселелерін нақты және түсінікті түрде баяндауды сұраған облыс прокуроры айтылған мәселелер назардан тыс қалмайтындығын, оның барлығы қысқа мерзімде Заң шеңберінде шешілетіндігін жеткізді.

Б. Тайымбетов жиын басында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаудың жеткілікті деңгейде екендігін, қолынан іс келетін азаматтарды қашан да демеп, бағыт – бағдар көрсетіп, кәсібін дөңгелетіп әкетуге септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

— Елбасының Жарлығына сәйкес, жарияланған мара-торий кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Алайда, кәсіпкерлер келісілген міндеттерінен жалтаратын болса, жауапкершілікке тартылатын болады, — деп атап өтті Б.Тайымбетов сөзінің басында.

Жиын барысында құрылыс саласына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу конкурсы барысында жобалық-сметалық құжаттардың сәйкес келмей жататындығына налыды. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының бағасы жайлы да сөз етіп, жұмыс кестесі көңілдерінен шықпайтындығын да жеткізді. Қыс мезгілінде құрылыс жұмыстарын тоқтата тұрып, жазғы уақытта екі есе жұмыс күші жұмылдырылса деген ұсыныстарын да білдіргендер болды. Бұл орайда қала басшысы сөз алып, өңірде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысатын бірде-бір мемлекеттік мекеменің жоқ екендігін, ал, бұл тұрғыда жекелеген кәсіпкерлермен жұмыс істеу біраз қиындық тудыратындығын айтты.

— Құрылыс саласы жұмыстарына қатысты тендер облыстық құрылыс басқармасы арқылы өтеді. Алайда, біз мердігерлерді әрдайым қолдауға дайынбыз. Ал, жобалық-сметалық құжат мәселесіне келсек, расымен қиындықтар аз емес. Дегенмен, қаладағы тағы бір атап айтарлық мәселе – құрылыс жүргізуге арналған жер учаскелері жеткіліксіз. Бүгінгі таңда тұрғын үйлер мен мектептер және балабақшалар салу үшін бос тұрған ыңғайлы жерлерді табу да қиынға түсуде, — дейді      А.Кәрімов.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, қаладағы Жұмабаев көшесіндегі тұрғын үйлер қасынан екі қабатты дүкен ғимаратын салуға тұрғындардың қарсылық танытып, құрылыс жасауға бөгет болып жүргендігін айтқан кәсіпкер Руслан Ескендіров облыс прокурорынан бұл мәселені қалай шешуге болатындығы жайлы сұрады.

 

— Тұрғындармен сыпайы түрде сөйлесуіңіз керек. Бір жағынан олар сіздің болашақ тұтынушыларыңыз ғой. Егер сіздің құжаттарыңыз Заңға қайшы келмесе, құрылыс жүргізуге бөгет жасауға ешкімнің де хақысы жоқ, — деді Б.Тайымбетов.

ШҚО прокуроры Б.Тайымбетов ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде тексерістің басталғандығын да атап өтті. Тексеріс шамамен екі ай көлемінде өтпек. Жиын соңында Бағбан Тайымбетұлы кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп, тек Заң шеңберінде арнайы шаралар қолданылатындығын айтты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

15 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС