"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

05.07.2022
КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ЕСКЕРІЛЕДІ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова Абай атындағы кітапхананың қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімі Бақытжан Байахметов те қатысты.

Қазақстандағы ең көне мәдениет ошақтарының бірі Абай атындағы әмбебап кітапхана 1883 жылы мұражай орналасқан облыстық статистика комитетінің ғимаратында ашылған. Ұлы ақын Абай Құнанбаев көп жылдар бойы осы кітапхананың тұрақты оқырманы болғаны бәрімізге белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы, кітапханаға ұлы Абайдың есімі берілді. Қазіргі уақытта мұндағы 8 бөлімде 39 кітапханашы еңбек етеді.

Кітапхана қорында 385 мыңнан астам кітап бар, оларды 19 мыңнан астам оқырман пайдаланады.  Жылына 396 000 кітап оқырмандарға беріледі. Мәдениет ошағы қабырғасында жыл сайын 400-ге жуық түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Кездесу барысында халық қалаулылары қазіргі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, Абай облысының бірінші кезекте шешілуі қажет бірнеше мәселелерін атап өтті.

Кітапхана қызметкерлері де өз тараптарынан кітапхана жүйесін цифрландыру, жалақыны арттыру, жас мамандар үшін қолайлы жағдайлар жасау сынды бірқатар мәселелерді көтерді. Сондай-ақ кітапхана туралы заң қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстар да айтылды. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, жас мамандардың жалақысы небәрі 65 мың теңге көлемінде, еңбекақының аз болуына байланысты жастар кітапханада жұмыс істегісі келмейді. Кітапханашылар жалақыны кем дегенде екі есеге арттыру қажет деп санайды. Кездесуде сондай-ақ жаппай цифрландыру жобаларын жүзеге асыруды қажет ететін кітапханалар, мұрағаттар және ірі компаниялар үшін арнайы әзірленген автоматты кітап сканерлерінің жетіспейтіні туралы да айтылды. Қазіргі таңда қоры өте бай кітапханадағы тек бес жарым мыңнан астам кітап қана цифрландырылған. Қажетті техниканың жетіспеуінен бірқатар қиындықтар туындап отыр. Мысалы, 19-шы ғасырда жарық көрген көптеген бірегей журналдар мен кітаптар әлі цифрландырылмаған. Бұл кітапхананың жалпы цифрлық дамуына кері әсер етуде.

Кітапханашылардың айтуынша, «Мәдениет туралы» заңда кітапхана туралы тек біраз деректер ғана айтылған. Осыған байланысты кітапхана жүйесінің көптеген өзекті мәселелері жеткілікті түрде қарастырылмайды.

— Осы мәселелердің барлығын жергілікті деңгейде қарастырамыз және олардың шешіміне қатысты ұсыныстарымызды депутаттардың қарауына береміз, — деді кездесуді қорытындылай келе Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

 

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: Семейде Мәжіліс депутаттары кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

17 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

17 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

7 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС