"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге шығару қажетпіз — Ұранхаев

12.07.2022
Денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге шығару қажетпіз — Ұранхаев

ФОТО: АБАЙАҚПАРАТ

25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Абай облысының әкімі Семей қаласында орналасқан бірқатар денсаулық сақтау мекемелерін аралады. Нұрлан Ұранхаев жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Семей медициналық университетінің госпиталі және жедел медициналық жәрдем станциясына барып, нысандардың жұмысымен танысты.
Жедел медициналық жәрдем ауруханасы 375 төсекке есептелген, 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Тәулік бойы шұғыл түрде жұмыс істей отырып, ол тек Семей өңірінің ғана емес, облыстың бірқатар аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге шығару қажетпіз - Ұранхаев
ФОТО: АБАЙАҚПАРАТ
Инсульт пен түрлі жүрек-тамыр ауруларын емдеуге байланысты операциялық араласудың кең спектріне арналған бірегей гибридті ота жасау бөлмесі бар. Сонымен қатар, бұл жерде политравма орталығы жұмыс істей бастады. Гибридті ота жасау бөлмесінде жылына үш мыңға дейін ота жасалады. Олардың ішінде: коронарлық айналып өту, эндоваскулярлық ота және политравма оталар.
Гибридті ота жасау бөлмесін орналастыру аурухана қызметкерлеріне жедел коронарлық синдром және ми қан айналымы бұзылған науқастарға жедел медициналық көмектің барлық спектрін ұсыну қажет болған кезде «алтын сағат» қағидатын сақтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мұнда ми тамырларында, коронарлық тамырларда, политравмада, тромбоэмболиямен шұғыл оталар жасалады, осылайша асқынулардың дамуына жол берілмейді және өлім мен мүгедектік қаупі азаяды.
Қызмет көрсетілетін қала тұрғындарының саны — 612 925 адамды құрайды. Семей қаласының қызмет көрсету радиусы — 80 шақырым, жақын маңдағы ауылдарды қоса алғанда, Абай облысының қамту аймағы — 550 — 620 шақырым.
Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері балаларға және ересектердің өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайлар, шұғыл жағдайлар, жіті созылмалы аурулар және олардың асқынулары кезінде оқиға орнында, сондай-ақ стационарға барар жолда, оның ішінде төтенше жағдайлар, жаппай апаттар кезінде шұғыл көмек көрсетеді.
Медициналық көмек науқастар немесе олардың туыстары қосалқы станцияға тікелей жүгінген кезде де көрсетіледі. Бір тәулік ішінде орта есеппен ЖМЖС 700-ден астам шақыртуды орындайды.
Станция төтенше жағдайларда, түрлі оқиғалар мен аурулар кезінде тұрақты мобильді дайындық режимінде жедел жәрдем көрсетеді.
Станцияда 50 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді: 1 реанимациялық бригада, 1 психиатриялық бригада, 3 кардиологиялық бригада, 4 педиатриялық бригада, 37 фельдшерлік бригада және 4 қарқынды терапия бригадасы.
Семей медициналық университеті госпиталінің құрамына стационар, ауысымына 250 келушіге арналған консультативтік емхана кіреді, онда Орталықтың жоғары білікті мамандары және медициналық университеттің профессор-оқытушылар құрамы қабылдау жүргізеді.
Госпитальдің бөлімшелері заманауи тиімділігі жоғары емдеу-диагностикалық жабдықтарымен және аппаратураларымен жабдықталған: газ, электролит, гематологиялық талдауыштар, заманауи рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық аппараттар, эндоскоптар, эндобейнехирургия жабдығы.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе Нұрлан Ұранхаев жедел медициналық жәрдем ауруханасы өңірдегі медициналық мекемелердің бірі екенін атап өтті.
«Заманауи құрал-жабдықтар бар, сонымен қатар жергілікті мәселелер де шешілетін болады. Жедел жәрдем станциясы бойынша Абай облысының құрылуына байланысты Ақсуат және Көкпекті аудандары қосылды, сондықтан қамту аймағы ұлғаюда, тиісінше қосымша қаржыландыру қажет болады. Бұл мәселелер де пысықталатын болады», — деді Абай облысының әкімі.
Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызыметі
Мақалада: Денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге шығару қажетпіз - Ұранхаев

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

43 минуты бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

45 минут бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

46 минут бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

48 минут бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

24 часа бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

24 часа бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

2 дня бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС