"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАН ШЫҒАРЫЛАДЫ

19.07.2022
ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАН ШЫҒАРЫЛАДЫ
42
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысында хирургиялық ота жасайтын құрал-саймандар шығарылуы мүмкін. Мұндай құралдар өзімізде жасалатын болса, медициналық тауарлардың импорт көлемі азайып, мол қаржы елде қалады.

Шығыс Қазақстанда медицина саласын дамыту үшін шет елдерден заманауи жабдықтар сатылып алынып, ақ халаттылар Еуропа елдерінде біліктіліктерін арттыруда. Отандық медициналық өндіріс те назардан тыс қалмаған. Шығыс Қазақстанда хирургиялық құрал-саймандар шығару көзделуде. Бұл үшін Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Семей медициналық университеті келісімге келіп отыр.

«Медициналық университеттің тиісті патенті бар. Олар бізге хабарласып, осындай жоба ұсынды. Хирургиялық ота жасайтын құрал-саймандардың түрін-түрін жасау жоспарланған. Бірақ ол үшін тиісті жабдықтар қажет. Қазір екі университет ақылдасып, атқарылатын жұмыс алгоритмін құрып жатырмыз. Содан кейін қаржы бөлетін инвестор іздейміз», — дейді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ҚЕАҚ басқарма төрағасы — ректордың міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина.

Ал қазіргі күні техникалық университеттің ғалымдары адам ағзасына арналған медициналық импланттар жасап жатыр. Жоғары технологиялық жоба ШҚО басшысының қолдауымен іске асырылуда. Бұл жайлы жуырда ҚазАқпарат тілшісіне ШҚМТУ прототиптеу орталығының басшысы, ғалым Бағдат Азаматов айтып берді.

«Бұл жоба 2017 жылы қолға алынған. Университетіміз Өскемендегі Үлбі металлургия зауытымен және елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу университетімен бірлесіп осы бағытта еңбек етті. Нәтижесінде отандық импланттар жасау ісі жолға қойылған. Біздің травматология-ортопедия саласында қолданылатын импланттар шет елдікіне қарағанда біршама жетілген. Себебі отандық импланттарда металл құймаларының сапасы жоғары», – дейді Бағдат Азаматов.

Оның айтуынша, қазақстандық импланттар медицинада қолданыла бастаған. Алғаш рет импланттар Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынына салынған. Қазір олардың жағдайлары жақсы. Жоба тестілеу мерзімінен өтуі үшін 30 ота жасалуы қажет.

«Медициналық импланттар жасау жобасының коммерциялық әлеуеті жоғары. Өйткені, негізінен, осындай оталар көп жасалады. Осы орайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бізге көрсеткен қолдауын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде зерттеу институтының тапсырысы бойынша 8 түрлі имплант жасалды. Сапалы отандық импланттарды жасауға қажетті барлық мүмкіндіктер бар. Алда жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенеміз», — дейді өз сөзінде Бағдат Азаматов.

Алдағы 3 жылда жобаны іске асыруға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Осы соманың 1,8 млрд-ы ғалымдар мен инженерлерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалмақ.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАН ШЫҒАРЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

7 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС