"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

19.06.2014
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламыздағы Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына қалалық “Көмек” мүгедектер бірлестігі ассоциациясы мұрындық    болған.

“Көмек” мүгедектер бірлестігі ассоциациясының вице-президенті Махмұд Сариевтің  айтуынша, басты мақсат оңтайлы оңалту жұмыстарын жүргізу. Орталық Ресейдің медицина ғылымдары академиясы бағдарламасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаттамасы негізінде жұмыс істейді. Ресейден орталыққа арнайы келіп қызмет етіп    жатқан физиотерапевт-дәрігер Бакхат Қожахметұлының айтуынша, орталық тек қалпына келтіру, оңалту жұмыстарын жүргізеді.

— Денсаулықты қалпына келтіру үшін орталықта бірнеше кезеңнен тұратын кешенді жұмыс жүреді. Емдеу кезеңі алдымен – физио оңалту, иогатерапия жасаудан бастап   нанотехнология көмегімен қан айналымын реттеу үшін анионды минералдар қабылдау,  оттегі коктейлін және табиғи дәрумендерді қолдану мен  психотерапия арқылы жүзеге асады,- дейді.

Кешенді жұмыс жүргізуге мұнда барлық мүмкіншілік бар. Қабылдауға келген науқас «Омега-Динамика» құрылғысының көмегімен алдымен толыққанды тексерістен өтеді. Су қараңғылық, сал, мүкіс жандар үшін әмбебап динамикалық «Дэнс» аппараты, Дэнс көзілдірігі мен «Остео» құрылғылары,  денені қыздыратын тоқ төсек және басқа шет елден әкелінген заман талабына сай құрылғылардың қызметіне жүгінуге болады.

Оңалту орталығына күніне 10-15 адам қабылдауға келеді екен. Емдеу уақыты дертінің дәрежесіне байланысты. Тіпті, аз уақыттың ішінде бірнеше мүмкіндігі шектеулі жан оңалту орталығының оң жұмысының нәтижесінде қатарға да қосылған. Атап айтқанда, сал ауруына шалдыққан азамат кешенді оңалтудың нәтижесінде аяғынан тік тұрған екен. Ал, бүгінде тәулігіне 5-6 сағат ем қабылдап жүрген І топ мүгедегі оңалту орталығына келіп жүргелі көп өзгеріс болғандығын айтады.

 

{jcomments on}- Оңалту орталығына келіп жүргеніме бір жұма уақыт болды. Негізінен, біздер жылына

 

бір рет ауруханада жатып ем қабылдаймыз. Мұндай орталыққа алғаш рет келуім. Осы қысқа мерзімнің ішінде оң өзгеріс байқалуда. Бұрын басым жиі ауыратын. Қазір шүкір, жағдайым жақсырып қалғандай, — дейді  Гүлмира Сиқымбаева.

Емделушісіне құрылғылар көмегімен оңалту жұмыстарын жасап жатқан медбике Әлия Мейрамғалиеваның айтуынша, кеудеден төмен қарай сал ауруына шалдыққан нау-қастың аяқтары алғашқы күндері еш қимылсыз, сезімсіз болған. Медбике алдағы уақытта аурудан айығудан үміт күтуге болатындығын айтты.

Ауруды жеңу үшін әр науқастың бойында рухани қайраттылық, өмірге деген құлшыныс болу керек. Дәрігер Б.Қожахметұлының басты қағидасы – мұнда келген әрбір адаммен сырласып, жан дүниесін түсіне отырып, өмірге деген құлшынысын арттыру. Екіншіден, ол иогатерапия арқылы қимыл-қозғалысты реттеу де маңызды ем түрі екенін тілге тиек етуде. Бұл мақсатта екі кең бөлменің бірі жабдықталып, жаттығу залына арналған.

Орталық ашуға қолайлы орын табылмаған шақта Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі ғимаратынан аталмыш колледжің директоры Серік Тоқтарғазин бөлмелерді беріп, қол ұшын созған. Аталмыш орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғанын ескерсек, бұл — азаматтық іс.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Қамқорлық көрсету – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген болатын. Ғимарат жағы тегін болғанымен, орталықты ашу ісін қолға алған “Көмек” мүгедектер бірлестігі ассоциациясының президенті Қабыш Дүтбаев пен вице-президенті Махмұд Сариев мұндағы барлық құрылғыларды өз күштерімен алған.

Алдағы уақытта оңалту орталығының жұмысын жандандыру үшін атымтай азаматтардан көмек болса, мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығының оңалуына жол ашылар еді деген тілегін де жеткізді Махмұд     Сариев сұхбат барысында.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

22 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС