"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даму динамикасы тұрақты

16.07.2022
Даму динамикасы тұрақты
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО әкімі агросекторға ерекше тоқталды.
Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік секторды дамыту бойынша алға қойған міндеттерін шешу мақсатында облыста өсімдік
шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында тиімділігі жоғары
дақылдардың алқаптары ұлғайтылып, егістіктерді әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Даниал Кенжетайұлының айтуынша, бүгінгі
таңда елімізде өсірілетін күнбағыс көлемінің 66
пайызы ШҚО-ға тиесілі. Қазіргі күні қайта өңдеу
көлемін ұлғайту — басты міндет.
— Нарыққа жоғары сапалы дайын өнімді
шығару үшін ағымдағы жылдың басынан бері
облыста қуаты 300 мың тонна болатын ірі май
экстракциялық зауыты пайдалануға берілді. Сондай-ақ Өскемен қаласында қуаттылығы
жылына 50 мың тонна болатын күнбағыс
майын шығаратын зауыт салынуда, — деді ШҚО
әкімі Даниал Ахметов. Осылайша, жаңа май
экстракциялық зауыттарының іске қосылуы қайта
өңдеудің жалпы көлемін 1 млн тоннаға дейін,
сондай-ақ өсімдік майының экспортын 1,3 есе
ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі ауыл
шаруашылығын дамыту туралы ойымен де
бөлісті.
— Ауыл шаруашылығы мүлдем басқаша болуы
үшін біз көп нәрсені өзгертуіміз керек. Егер соңғы
20 жылдағы статистикаға мұқият зер салсаңыз,
онда сіз революциялық өзгерісті көрмейсіз, — деді
аймақ басшысы. – Бұл, ел Президенті ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев жасаған тұжырымдарға
сәйкес, біз өз іс-әрекетіміздің парадигмасын
өзгертуіміз керек дегенді білдіреді. Менің ойымша, біз қазірде ондаған миллиардтаған субсидия
бөліп отырған көп нәрсе тиімсіз.
Өңірде асыл тұқымды мал сатып алу үшін фермерлерді субсидиялау бағдарламасы жалғасуда.
Жыл басынан бері 7,2 млрд теңгеге субсидия
төленді, жақын арада тағы 900 млн теңге бөлінеді.
ШҚО әкімі бүгінгі таңда ШҚО-да мал
шаруашылығы тұрақты дамып келе жатқанын
атап өтті. Өткен жылы аймақтағы ірі қара мал
саны 106 пайызға, ұсақ мал — 106,2 пайызға,
жылқы 112,5 пайызға, құс 110,5 пайызға өскен.
— Тірі салмақта ет өндіру шаруа-шылықтардың
барлық санаттарында 103,2%-ға, сүт өндіру
104,8%-ға өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін
сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 96%-ға
дейін артады, — деді Даниал Ахметов.
Ал сүт өнімдерін шығарумен айналысатын
«Эмиль» компаниясы тауар ассортименті мен
көлемін жылына 45-тен 90 мың тоннаға дейін
кеңейтуді жалғастыруда.
Өскемен құс фабрикасы қайта жаңартуды
аяқтап, құс етін шығару көлемін жылына 55 мың
тоннаға дейін ұлғайтып отыр. Қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна балық және балық өнімдерін
құрайтын «Аква» фермасы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар облыс әкімі ауылдық жерлерді дамыту үшін Мемлекет басшысы қолдаған
«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы ауылдың
әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуының негізін
қалыптастырып, халықтың өмір сүру сапасының
параметрлерін өңірлік стандарттарға дейін
теңестіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Биыл
осы бағдарлама бойынша 42 тірек және спутниктік ауылда 5,2 млрд теңгеге 67 жоба іске асырылатын болады деп күтілуде.
– «Білікті маман» бағдарламасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда және оның негізгі мақсаты — өңірдегі мектептер мен колледждер
түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына
кетуін төмендету және облыс кәсіпорындарын
жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Осы
себепті біз ағымдағы жылы міндетті түрде гранттар бөлуді жалғастырамыз, оның үстіне олардың
саны 410-нан 450-ге дейін ұлғайтылды, — деді брифинг барысындағы өз сөзінде Даниал Ахметов.
ШҚО әкімінің айтуынша, гранттар дәрігерлерді,
педагогтерді, сәулетшілерді, құрылысшыларды,
ветеринарларды, спортшыларды, сондай-ақ телекоммуникация, инженерия, өндіріс және өңдеу,
тау-кен ісі, стандарттау, сертификаттау, метрология және көлік қызметтері саласындағы мамандарды даярлауға бөлінбек.
Брифингте біраз журналистер аймақтағы экология мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, облыс әкімінен осы мәселеде қандай шаралар
қабылданып жатқанын сұрады.
— Ақталмаймын, оның маған қажеті шамалы.
Тұрғындардың экологияға қатысты шешім талап
етуі де орынды. Кәсіпорындарды экологиялық
қауіпсіздік шараларын қабылдауды, яғни
экологияға инвес-тиция салуды мәжбүрлеп отырмыз. Сіздер жақсы білесіздер, Өскеменде зауыттар көп. Олардың көбі бұрынғы дәуірдің технологиясымен салынған. Сондықтан бір күннің ішінде
біз оны ауыстыра алмаймыз. Алайда 2014 жылдан бері экологияға 46 млдр теңге жұмсалды, —
деді облыс әкімі.
Оның 26 млрд теңгесін «Казцинк» зауыты, 6
млрд теңгесін Үлбі металлургия зауыты арнайы
бөліп, ауа тазартқыш жоғары технологияларды сатып алған. Әкімнің айтуынша, ауадағы лас
қалдықтар осыдан бірер жыл бұрын 147 мыңды
тонна болса, қазір 127 тоннаға дейін азайған.
ШҚО әкімі бұл өте үлкен көрсеткіш екенін айтты.
— Алдағы бес жылда тағы да 20 пайызға
төмендетуіміз қажет. Ғалымдарды бұл іске
атсалысуға шақырдық, бірлескен бағдарлама
бар. Болашақта көп мәселе шешіледі деп ойлаймын. Алдағы уақытта тағы да 40 млрд теңге
жұмсалмақ. Баяу болса да алға ілгерілеу бар.
Осылайша лас қалдықтарды азайтамыз. Басқа
жолы жоқ. Барлық аурулардың пайызы қанша
екенін және неден екенін өте жақсы білемін. Мен
де тұрғындар сияқты сол ауаны жұтып жүрген
адаммын, — деді әкім.
Даниал Кенжетайұлы облыстағы жол
мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл ретте
шығыста көңілге қонымды сападағы жол салынады. Оның құрылысы келесі жылы аяқталып,
Талдықорған мен Өскеменді байланыстырады. Бүгінде Талдықорған – Қалбатау — Өскемен
жолының Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігі
454 шақырымды құрайды.
– Негізгі жол төсемі төселді, енді абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген элементтерді аяқтау қажет. Орасан зор жұмыс істелді. Келесі
жылы жолаушылар сапалы жолмен қатынайды
деп сенемін, — деп атап өтті ШҚО басшысы.
Тас жолдың бойында бұдан басқа 18 стандартты демалыс орны, стационарлық-гигиеналық
тораптар орналастыру да қарастырылған.
Брифингте Даниал Ахметов Марқакөл көлінің
жағасындағы шағын ауылда болғанда ерекше
әсер алғанын да айтып өтті.
— Ұранхай ауылы — біздің ұлтаралық қарымқатынасымыздың прототипі. Өйткені мұнда орыстар, қазақтар мен басқа да ұлттар бір отбасы
сияқты өмір сүріп жатыр. Мен сол жерде болдым және халықпен сөйлестім. Бұл ауыл менің
жүрегімде жылы із қалдырды, — деді ШҚО әкімі
Даниал Ахметов.
Биыл мұнда жаңа мектептің құрылысы
аяқталады.
Даниал Кенжетайұлы тоқталып өткен тағы бір
мәселе аймақтағы туризм саласына қатысты болды. ШҚО-да ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл
бөлінуде, оның ішінде Бұқтырма жағалауы басты
назарға алынған.
Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері туризм
саласына 5,4 млрд теңге инвестиция тартылған.
Катонқарағай ауданының Өрел ауылында 1,5
млрд теңгеге 250 орындық туристік кешен салынып отыр. 12 млрд теңгеге 36 жоба жүзеге
асырылған. Оның ішінде Бұқтырма жағалауында
12 демалыс базасын салу бойынша жұмыстар
басталған.
Кезінде Алакөлді дамытуға 17 млрд теңге
жұмсалған болатын. Енді ШҚО-ның екі облысқа
бөлінуіне байланысты Бұқтырма жағалауын дамыту қолға алынды.
— Алакөл көлін дамытуға 17 млрд теңге
жұмсадық, қазір бағытымызды өзгертіп,
Бұқтырма жағалауын дамытуға ауыстық. Бізге үш
жыл уақыт керек, сонда бұл жағалау елдегі кез
келген курорттық аймақпен бәсекеге түсе алатын
болады, тіпті асып та кетеміз, — деді бұл орайда
Даниал Ахметов.
Аймақ басшысының бұлай сенімді түрде
болжам жасауының да негізі бар. Айтуынша,
тек Шығыс Қазақстан облысында ғана марал
мүйізімен емдеу үшін табиғи ресурс бар. Марал
мүйізімен емдеу облыстағы дамытылатын
бағыттардың бірі болмақ.
Брифинг барысында Даниал Кенжетайұлы
сонымен қатар аймақтағы тұрғын үй құрылысы
мен денсаулық сақтау саласында атқарылған
жұмыстар жайында да баяндады.
Әзірлеген Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Семей таңы»

Мақалада: Даму динамикасы тұрақты

Ұқсас жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

15.05.2026
Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

Бүгін Аягөз ауданында алғаш рет «Қазақстан халқына» қорының «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» ауқымды технологиялық және...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

15.05.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

✔️Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін...

Толығырақ...Details

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

15.05.2026
Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу мақсатында...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

15.05.2026
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

Абай облысында биылғы жылдың төрт айында тұрмыстық салада 1345 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес негізгі басым бағыттардың...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

15.05.2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

15.05.2026
Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

5 часов бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

5 часов бұрын

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

5 часов бұрын

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

5 часов бұрын

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

6 часов бұрын

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

6 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

6 часов бұрын

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

7 часов бұрын

Облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды

7 часов бұрын

Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС