"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЛКЕТАНУШЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

19.06.2014
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халқымыз қашан да тарихи танымы терең, мекен еткен жерінің өткен-кеткені жайлы өздері ғана біліп қоймай, жұртшылыққа қарым-қабілетінше мағлұмат бере білген жандарды қадірлеуді парыз санаған. Жас ұрпаққа өнегелі өмірі мен атқарған істерін үлгі еткен. Есімдері жұрттың жүрегінде сақталып, жадында жаңғырып тұратындай етіп дүниеден озған соң да, айрықша құрмет көрсететіні тағы бар. Ежелден келе жатқан игі дәстүр бүгін де жалғасын табуда. Өткен аптада танымал өлкетанушы жерлесіміз Виктор Кашляктың құрметіне ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиында бірінші болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева жиналғандарды ескерткіш тақтаның ашылуымен құттықтап, Виктор Николаевичтің қала тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі жайлы айтып өтті.

— Бүгін біз өте мәртебелі міндетті іске асыру үшін жиналдық. Құрметті жерлесіміз, танымал өлкетанушының тұрған үйінде ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысып тұрмыз. Виктор  Николаевич Кашляк қаламыздың дамуына көп үлес қосты. Мемлекеттік қызметте жүрсе де туған өлке тарихын зерттеу жұмыстарымен айналысуын тоқтатпады. Жас кезінен бастап ол бұрынғы  Семей облысының, қала берді қала тарихына қатысты материалдар жинақтаумен айналысты. Бұрынғы одақ көлеміндегі көптеген мұрағаттармен, кітапханалармен және ғылыми институттармен белсенді түрде хат алмасып тұрды. Виктор Николаевич қала      тарихына қатысты кітаптар топтамасын жазды. Олардың әрқайсысы бір-бір тақырыпты қамтыған, өлкенің шежіресінен мол хабар беретін құнды туындылар,-деді Зәуреш Рамазанқызы.

Алпыс екі жасына қараған шағында дүниеден озған зерттеуші  Виктор Кашляк өз өмірінде оннан астам кітап пен 120-ға тарта мақала жазып қалдырды. Жақындарының, достарының айтуынша, жинақтап жарыққа шығарып үлгермеген материалының көлемі де біршама көрінеді. Ашылу салтанатында зерттеушінің кітаптарын қайта басып шығару туралы ұсыныс айтылды.

 

{jcomments on}Жиын барысында өлкетанушының жұбайы Наталья Вадимовна Кашляк та сөз сөйледі. Ол  жарының азаматтық тұлғасы мен мінезінің жақсы қырлары жайлы айтып берді.

 

— Виктор Николаевич қаламызды өте қатты жақсы көретін. Өлке тарихын зерттеуді бірінші орынға қоюына осы мекен еткен жеріне деген шексіз сүйіспеншілік себеп болды. Соңына осыншама еңбек қалдырған жұбайымның есімін ардақтап, бүгін ескерткіш тақта  орнатуға атсалысып отырған әріптестеріне, қала басшылығына   алғысымды айтамын,-деді Наталья Вадимовна.

Өлкетанушының жазған еңбектерінің құндылығы жайлы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Исин Амантай Исаұлы   мынадай пікір білдірді:

— Мемлекеттік қызметкер бола тұра Виктор Николаевич Семейдің арғы-бергі тарихыны зерттеумен белсенді түрде айналысқан. Мұрағаттарда құжаттарды жинап жүйелі жариялады. Тақырыптап, жеке-жеке кітаптап шығарды. Соның ішінде, «Семей қаласының көшелері», «Семей қаласының ғибадатханалары» сияқты еңбектері жұртшылықтың үлкен сұранысына ие. Бұл кісінің жазған кітаптары, жариялаған материалдары елімізден тыс алыс-жақын шетелдердегі өңіріміздің тарихына қызығушылық танытқан зерт-   теушілер үшін өте құнды деп айтар едім.

Жиын соңында ескерткіш тақтаны ашу құрметі қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен өлкетанушының жұбайы      Наталья Вадимовна Кашлякқа берілді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС