"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҢСАҒАН АРМАНҒА ҚОЛ ЖЕТКЕН КҮН

20.12.2013
АҢСАҒАН АРМАНҒА ҚОЛ ЖЕТКЕН КҮН
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

қаладағы Абай атындағы

театрда салтанатты түрде аталып өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен  қала әкімі Айбек Кәрімов семейліктерді еркіндік, теңдік күнімен салтанатты түрде құттықтады. Сонымен қатар, қала басшысы елімізге еңбегі сіңген қос азаматқа  «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

 

Салтанатты жиын өткен Абай атындағы театр залында ине шаншар орын болмады. Қала ақсақалдарынан бастап, білім беру және денсаулық сақтау қызметінің мамандары, мәслихат депутаттары, ауған соғысының ардагерлері және басқа да азаматтар осы жиыннан табылды.

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі атынан облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жиылған жұртты Тәуелсіздік күнімен құттықтап:

— Ең үлкен құндылық – тәуелсіздік. Осыдан 22 жыл бұрын әлем картасында Тәуелсіз мемлекет пайда болды. Осы уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз үлкен жолды жүріп өтті. Дағдарыс кезеңдерінде де еліміз жақсы нәтиже көрсетті. Биылғы жылы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы нәтиже беруде. Кейбір саладағы облыс дамуы мемлекеттік көрсеткіштен де жоғары.  Мұның барлығы сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықпен жұмыла жұмыс жасауының арқасында, — дей келе, Тәуел-сіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі. Ақ тілекті жалғастырған қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Тәуелсіздік ұғымы әр халық үшін қастерлі. Тәуелсіздікпен бірге Қазақстан мемлекетінің жаңа дәуірі басталды. Еркіндік еліміздің ұлттық құндылықтарына бет бұруға және оны қайта жаңғыртуға жол ашты. Ұлттық дүниетанымға деген еркін көзқарас пайда болды. Қазақстан халықтарының ынтымағын жаңа белеске көтерді. Халқымыздың ұлт көшбасшысына деген сенімі жеңіп шықты. Түбегейлі демократиялық-құқықтық мемлекет қалыптасты. Тәуелсіздік тіліміз бен дінімізді қа-лыпқа келтірді. Ұлттық сана-сезім қалыптасты. Демократиялық ұстанымдар орнықты, ұлттық және мәдени бірлік нысанаға алынды. Ата-бабаларымыздың аңсаған армандары орындалды. Оған қолжеткізу қаншалықты қиын болса, сол егемендікті сақтап қалу оңай еместігі белгілі. Біздің халқымыз Елбасына сене білді, соңынан ере білді. Нұрсұлтан Әбішұлының әр қадамы қазақ елінің Тәуелсіздігі мен мемлекет мәртебесін биіктете түсті,-    деген қала басшысы еркіндік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан мемлекетінің серпінді дамуын тілге тиек ете отырып, сол жетістіктердің көш басында Елбасымыздың тұрғандығын атап өтті. Үстіміздегі жыл Семей өңірі үшін де табысты болғандығын айтқан      А.Кәрімов сөз соңында: – Өз сөзімді Елбасымыздың «Мен біздің болашақ ұрпақтарымыз өзінің мәдениеті мен дәстүрін сақтаған, азат, үлкен мүмкіндікке ие Қазақстанда туғанын қалаймын!» деген тілегімен аяқтағым келеді.  Тәуелсіздіктің тұғырын нығайта түсіп, ғұмырын баянды етудің арман-мақсаты осы сөздің аясына сыйып кеткендей. Баршаңыз- ға бақытты ғұмыр, береке-бірлік тілеймін. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім нығая түссін! – деді.

Сондай-ақ, қаламыздың көркеюі мен экономикасына үлес қосқан азаматтарға табысталатын «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы қала әкімінің ұсынысы, қалалық мәслихаттың шешімімен қаламызда біршама жыл еңбек еткен, Қазақстан мемлекетінің Қарулы күштерінің дамуына үлес қосқан даңқты батырымыз, «Халық қаһарманы» құрмет атағының, «Отан», «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі  «Даңқ» ордендерінің иегері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан «Құрмет белгісі», «Қызыл ту» ордендерінің иегері, еңбек ардагері Мәркен Шайжүнісовке табыстады.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

17 минут бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС