"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘДЕНИ ОШАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

05.08.2022
МӘДЕНИ ОШАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазақтың рухани-мәдени астанасындағы Абай кітапханасы, тарихиөлкетану мұражайы, қалалық мәдениет сарайы, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония сынды мәдени ошақтарды аралап, мекемелердің жұмысымен танысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК, «Семей таңы»

Облыс басшысы, ең алдымен, еліміздегі көне кітапханалардың бірі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаға барды. Мекеме қызметкерлері 1883 жылы, XIX ғасырдың екінші жартысында ашылған мекеменің бай тарихы жайлы әңгімеледі. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімімен кітапханаға оның алғашқы оқырмандарының бірі болған қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі берілді. Мәдениет ошағында ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына дейін жарияланған 4500-ге жуық өте құнды, сирек кездесетін баспа материалдары сақталған. Кітапхананың сирек басылымдар қоры да өте бай, онда өңір тарихымен байланысты әдебиеттер, Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің ғылыми жарияланымдары, қазақ зиялыларының көзі тірісінде жарық көрген кітаптары, кеңес дәуіріндегі мерзімді басылымдар бар. Нұрлан Тельманұлы сондай-ақ кітапхана базасында жұмыс істейтін «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының жұмысымен де танысты. Аталған қоғамдық қордың басшысы Жанна Жибраева орталықта мұқтаж жандарға материалдық көмек беріліп, психологиялық қызметтер көрсетілетінін айтты. Қоғамдық қор айына шамамен 40-50 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Келесі кезекте аймақ басшысы Семей өңірінің даму тарихын толық көрсететін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражай тарихымен таныстырған мекеме басшысы Қайрат Сабырбаев музейдің өзі 1883 жылы саяси жер аударылған азаматтардың бастамасымен ұйымдастырылғанын, сондай-ақ мұражай қызметіне ұлы ақын Абай, философ әрі ойшыл Шәкәрім және заңғар жазушы Мұхтар Әуезов әр жылдары өз үлестерін қосқанын атап өтті. Бүгінде мұражай қорында 107 мыңнан астам жәдігер бар. Музей директоры экспонаттарды қалпына келтіруге, мұражайды кеңейтуге, сондай-ақ кадрдың жетіспеушілігіне қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді де атап өтті. — Музейде тиісті жұмыстар атқарылуда. Бірақ біз өзімізді толғандырған мәселелерді де айтқымыз келеді. Мәселен, мұражайдың төбесінен су ағып жатыр, осы орайда, біз шатырды қалпына келтіруге өтініш бердік. Ғимарат соншалықты үлкен емес, сондықтан, өкінішке қарай, қолда бар жәдігерлерді орналастыра алмаймыз, — деген мекеме басшысы мұражай аумағында тағы бір нысан салынса деген өтінішін жеткізді. Облыс әкімі аталған мәселелерді бақылауға алатынын атап өтіп, келесі жылы мұражайдың шатырын жөндеуге қаражат бөлінетінін айтты. Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында шаһар өмірінде ерекше орын алатын қалалық Мәдениет сарайына да барды. Ондағы ақындар орталығын, мұражайды және осында орналасқан үйірме, өнер, спорт залдарын аралап көріп, жұмысымен танысты. — Мәдениет сарайында концерттер мен мерекелік шаралар үнемі өткізіліп тұрады. 2017 жылы мекеме ғимаратының шатыры жөнделді. Балалар біздегі әр түрлі үйірмелерге қатыса алады. Мәдениет сарайы базасында әскери даңқ залы орналасқан, онда соғыс кезіндегі сарбаздарымыздың ерліктерін баяндайтын экспонаттар бар. Біз өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне де өз үлесімізді қосып келеміз, — дейді қызметкерлер. Сонымен қатар мұнда да шешілуі тиіс мәселелердің бар екені айтылды. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме жылуға жарымай келеді. Берілетін жылу энергиясының сапасыздығынан көрермендер қыс мезгілінде концерттік шараларды сырт киіммен тамашалауға мәжбүр. Облыс әкімі бұл мәселенің шешімін қарастыратынын жеткізді. Осыдан соң аймақ басшысы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияға ат басын бұрды. Филармония ғимараты жаңғыртуды талап етеді, сахнаны үлкейту қажет, сондайақ мұнда да жылумен қамтуда мәселе бар. Нұрлан Тельманұлы бұрын кинотеатр орналасқан бұл ғимарат өнер мекемесінің талаптарына сай келмейтінін, сондықтан жаңа нысан қарастыру керектігін айтты. Филармония 1945 жылдың қазан айында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармония жанындағы Семей концерттікэстрадалық бюросы ретінде ашылған. 1969 жылдың 29 шілдесінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен филармонияға әнші Әміре Қашаубаевтың есімі берілді. Қазіргі уақытта филармонияда 180-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Кездесуді қорытындылай келе, Абай облысының әкімі айтылған мәселелердің барлығының шешімін табуға болатынын атап өтті. — Біздің Семей әрқашан мәдени орталық болған, менің ойымша, қазір де солай. Біз аралап шыққан мәдени орындардағы мәселелердің шешімі табылады, олар техникалық тұрғыдан жарақтандыруды да қажет етеді. Ең бастысы, бізде осындай мәдени орындарда жұмыс істей алатын адами капитал бар: бұл — біздің әртістер мен тұрғындар. Мен бұған дейін де осы салада кадрлар даярлайтын Мұқан Төлебаев атындағы училищеге қатысты сұрақтар қойғанмын. Роза Рымбаева сол оқу орнын бітірген, бүгінде ол — халық әртісі. Яғни, осындай дәрежеде кадрлар даярлай алатынымыз сөзсіз. Ал мәдениетті жаңғырту мәселесіне келетін болсақ, қазір тарихимәдени мұраны сақтау бойынша жұмыс тобы құрылуда. Бұл облыс әкімі жанындағы кейбір мәселелерді пысықтайтын топ болады, — деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ұранхаев.

Мақалада: МӘДЕНИ ОШАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС