"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМОРАНДУМ – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

19.06.2014
МЕМОРАНДУМ – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні қалалық әкімдіктің кіші залында қала әкімі Айбек Кәрімов пен шаһардағы бірқатар өндіріс орны басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында қала әкімі мен кәсіпорындар басшылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумға қол қойды.

 

Елбасының тапсырмасына сәйкес, меморандумға қол қойған кәсіпорындар қалаға инвестиция тартуы қажет және жұмысшылардың еңбекақысын кем дегенде 10 пайызға көтеруі тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуі керек. Семейде 9 ірі өндіріс орны және қанша шағын және орта бизнес кәсіпорындары бар болса, барлық кәсіпорындармен қалалық әкімдік осы мәселе бойынша келіс-сөздер жүргізуде. Әзірге «Казполиграф» ЖШС-нің бас директоры Жұмабек Ибраев, «Силикат» ЖШС-нің бас директоры Борис Адианов, «Қаражыра ЛТД» ЖШС-нің директоры Марғұлан Мәкішев және «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты» ЖШС-нің бас директоры Сейтхасым Тамбетов аталмыш меморандумға қол қойып, Елбасының саясаты мен жергілікті биліктің атқарып жатқан жұмыстарын қолдайтындықтарын жеткізді.

— Қаламыздағы 9 ірі кәсіпорындардың басшыларымен бір келісімге келдік. Олардың барлығы ұсынымызды қабыл алып, қол қоюға келісімдерін берді. Өздеріңіз көргендей, әзірге 4 өндіріс орнының басшылары қол қойды. Ал, қалған кәсіпорын басшылары өз кезектерінде қол қоятын болады. Сондай-ақ, қаладағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшыларымен де осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы, ірі кәсіпорындар қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға өздерінің жеткен жетістіктеріне байланысты 5 млн. теңгеден бастап, 20 млн. теңгеге дейін көмектерін көрсететін болды, — дейді қала басшысы Айбек Кәрімов.

Ал, «Қаражыра ЛТД» ЖШС-нің директоры Марғұлан Мәкішевтің сөзіне сүйенсек, аталмыш кәсіпорын зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және Ауған соғысы ардагерлеріне жылына 25 млн. теңге қаржы көлемінде де-меушілік көрсетеді екен. Сонымен қатар, 9 млн. теңгені кәсіпорын жұмысшыларының отбасын көмірмен тегін қамтамасыз ету үшін бөлетін көрінеді.

— Меморандум бойынша биыл жұмысшылардың жалақысы 15      пайызға артатын болады. Жалпы, соңғы 3 жылда жалақы 45 пайызға өсті. Қазіргі уақытта біздегі жұмысшылардың орташа жалақысы 102 мың теңгені құрайды, — деген Мар-ғұлан Мәкішев биылғы жылы 500 млн. теңгеге инвестиция тартқандықтарын да атап өтті.

 

{jcomments on}«Семей асбестцемент бұйымдары зауыты» ЖШС-нің бас директоры Сейтхасым Тамбетов те журналистер тобына берген сұхбат барысында, өздерінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мағлұмат берді.

 

— Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумда көрсетілген жайттармен келісе отырып, қол қойдық. Енді осы меморандумға сәйкес, биыл жұмысшылар  жалақысын 10 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, біздің кәсіпорын Мұқыр кентіне жыл сайын қаржылай көмек көрсетеді. Аталмыш кентті су басып кетпес үшін Мұқыр өзенін тазарту жұмыстарын да жүргізіп отырамыз, — дей келе, Сейтхасым Ғаббасұлы, — Бизнесті дамыту бағытында мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Биылғы жылы біздің кәсіпорын мемлекеттік бағдарлама арқылы 220 млн. теңге көлемінде пайыздық төлемі аз несие алып, нәтижесінде өндіріс орнында газоблок шығаратын жаңа цех ашылмақ. Бұл құрылыс мате- риалы дәл біздің облыстағыдай суық климатты жерлерде тұрғын үй      салуға қолданылады. Бағасы да қол жетімді. Сонымен қатар, «TERRAZZO» деп аталатын итальян- дық технология бойынша әлі де елімізде өндірілмейтін құрылыс материалдарын шығаратын боламыз, — дейді.

Жиын соңында тараптар ел игілігі үшін жасалған келісімшартқа отырғандарына өздерінің ризашылықтарын айтып тарқасты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС