"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

19.06.2014
РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ
47
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Төртінші маусым – ел тарихындағы ерекше күн. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Рәміздер күніне орай қаламызда велошеру ұйымдастырылды. Шеруді «Жас Отан» жастар қанаты мен Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.  Шараға 80-нен астам велосипедшілер қатысты.

Мерекеге арналған шара Әуезов алаңынан бастау алды. Алғаш сөз алған дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев атаулы күннің тарихына тоқталып өтті.

 

{jcomments on}-  Төртінші маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің күні. Дәл осы мерекеге орай қаламызда сан түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі, өздеріңіз қатысып отырған велошеру. Барлық қатысушыларға зор денсаулық, сәттілік тілеймін. Жалынды жастарымыз әрдайым осындай спорттық шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстанса, дені сау ұрпақ тәрбиелей аламыз, — деп жылы лебізін білдірді.

 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, шараны өткізудегі басты мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау, велоспорттың дамуына жол ашу, жас және талапты спортшыларды анықтау.  Бұл бастаманы қала жастары да қолдап, шеруге қатысып отыр. Велошерудің өтетіндігін әлеуметтік желілерден біліп, арнайы қатысуға келгендердің бірі – Данияр Ахметов.

— Мемлекеттік рәміздер күні – мәртебесі биік мереке. Қолға алынып отыр-ған шара патриоттық тұрғыдан жастардың тәрбиесіне айтарлықтай үлес қосады деп ойлаймын. Әлеуметтік желілерден бұл шара жайлы біле салысымен, өзім де шеруге шығуды  жөн санадым. Жастайымнан велоспортқа ден қойдым. Спорттың осы түрі денсаулықты нығайту үшін ғана пайдалы емес, сонымен қоса, экологиялық жағынан ең зиянсыз көлік түрі. Сондықтан, жастарымыздың велосипедке деген қызығушылықтары арта түссе, нұр үстіне нұр болар еді, -дейді өз ойымен бөліскен Данияр Ахметов.

Әуезов алаңынан бастау алған велошеру  Әріп Тәңірбергенов көшесін бойлай,  ескі көпір арқылы жағажайға дейін жалғасты.  Бұл жерде велошабандоздарды қаладағы өнер ұжымдары ұйымдастырған концерттік бағдарлама күтіп тұрды. Әрмен қарай велошеруге қатысушылар Полковничий аралына табан тіреді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС