"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕДЕ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

20.12.2013
МЕРЕКЕДЕ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңадан бой көтеріп, құрылысы аяқталған Волгоград көшесіндегі үйлерге қоныстанушыларға Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қала әкімі Айбек Кәрімов пәтер кілтін тапсырды.

Естеріңізде болса, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Семейге жасаған арнайы жұмыс сапарында осы Волгоград көшесіндегі тұрғындармен жүздесіп, алғашқы қоныстанған ағайынға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстаған болатын. Міне, игілікті іс жалғасын тауып, қала басшысы Айбек Мүталапханұлы да мереке қарсаңында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден, көршілес аудандардан қоныс аударғандарға пәтер кілтін тапсырды.  Еліміздегі ұлық мереке алдында қала басшысының қолынан баспананың кілтін алып, жаңа үйдің табалдырығын аттаған ағайынның  қала басшылығына  айтар алғыстары  шексіз.

 

-Барлықтарыңызды еліміздің ұлы мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. «Тәуелсіздік» жай ғана сөз емес, ұлттың ұлылығы, халықтың қамы үшін, болашақ үшін аса қымбат ұғым. Қастерлі һәм қасиетті ұғым. «Тәуелсіздік» әр қазақтың жүрегінде. Халық үшін жасалып жатқан игілікті істердің барлығы осы егемендіктің, елдіктің нәтижесі. Атаулы мереке қарсаңында сіздер үшін қуанышты жағдай — еңсесі биік, жаңадан іргетасы қаланған үйге қоныс аударып жатырсыздар, — деді өз сөзінде Айбек Мүталапханұлы жаңадан қоныстанушыларға.

 

Айта кету керек, пәтер алғандар қатарында Жарма, Аякөз және Тарбағатай аудандарынан келіп, қоныстанып жатқандардың да қатары көп. Әлбетте, алыстан ешкімнің жылы орынын суытқысы келмейтіні белгілі. Бірақ, соңғы жылдары Семейдің серпінді да- муына көздері жеткен ауылдағы ағайын  қала  жақты бетке алыпты. Ұтары да көп. Балалары қаланың мектебінен білім алады, өздері екі қолға бір күрек ұстаса да жұмыс табуға  жағдай бар. Оның үстіне «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы негізінде де қайта оқып, мамандық алып шығуға толық мүмкіндік қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, мұнда жаңадан қоныстанушылар үшін алдағы жылдары жанұяларының әлеуметтік жағдайы жақсарып, қалыпты өмір сүруге әбден болады.   Айбек Мүталапханұлы аталған аудандардың өзіне етене жақын екендігін де атап өтті. Себебі, қала басшысы еңбек жолында аталған аудандардың барлығын да басшылықта болып, халықтың ортасында жүрді. Әлеуметтік әлеуеті мен экономикалық  жағдайларын  жақсы біледі.

-Семейге келіп қаланың өміріне, тіршілігіне араласып жатырсыздар. Көш байсалды болсын! Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз семейлік болып, Семейге еңбектері сіңсін. Осы қала сіздерге құтты мекен болсын, — деп  қала әкімі ауылдан келген ағайындарға да ақ тілегін жеткізді.

Нұржан Қанапиянов баспаналы болып, пәтер кілтін алғандар қатарынан. Тарбағатай ауданы, Қызыл – кесік ауылының Шетбоғас елді – мекенінен келген. Бақытына, бағына орай баспана бұйырып, Тә-уелсіздік күні қарсаңында қуанышы еселеніп жатқан жайы бар.

-Толқып тұрмын.  Толқынысты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екен. Елбасы жүргізіп отырған сындарлы саясаттың, тың тапсырмаларының өңірлерде мүлтіксіз іске асырылып жатқандығы осы болар. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Айбек Кәрімовке айтар алғысым шексіз. Осында баспана алып, қоныс аударған тұрғындардың тілегі бір, — дейді Нұржан Қанапиянов.

Халықтан асқан төреші жоқ.  Атқарушы биліктің жұмысы әлбетте, қарапайым халықтың берген бағасымен қымбат емес пе?! Әр саладағы оң істер тұрғындардың көз алдында. Байқасаңыздар, соңғы жылдары қаланың құрылысы қарқын алып келе жатыр. Әсіресе, баспана мәселесін шешу үшін жыл санап тұрғын үй салу жұмыстары жүйеге келе бастағандай.

-2011 жылы 50 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бұл көрсеткіш 100 мың шаршы метрге жетіп отыр. Жыл сайын мыңға жуық адамға пәтер берер болсақ, тұрғын үйдің кезегінде тұрғандар баспаналы болады. Биыл «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасымен 400 жанұя пәтерлі болды. Оның ішінде сіздер қоныстан-ған елу үй де бар. Одан бөлек Энергетик кентінде 200 жанұяға жақында пәтер кілтін табыстаймыз. 72 жас отбасына және 60 жанұяға жатақхана беру жыл соңына дейін жалғасады. Әскери қызметкерлер де Семейде тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. Міне, Семейде тұрғын үй саласын дамыту осылайша жүзеге асуда, — деді Айбек Мүталапханұлы кездесуде.

2000- шы жылдары Семей қаласының тұрғындарының саны 270 мыңға дейін азайып  кеткен еді. Ал, қазір шаһар тұрғындарының саны 340 мыңға жетіп отыр. Бұл Семейде әлеуметтің әлденіп, экономиканың жанданғанын көрсетеді.

Айбек Кәрімов тұрғындар алдында сонымен қатар айналаны таза ұстауды, тиянақты болуды айтуды да ұмытпады. Қала басшысының сөзінің жаны бар.  Әуежайдан түсіп, Семейге  бет алғанда алғашқы болып көзге осы қаз – қатар тізілген елу үй ілігеді. Қалаға келген меймандарға ал-ғашқы әсерін де кіре берісте басталған  көзқарас қалыптастырады. Салынған үйлер әуежайға жолай орналасқандықтан сыртқы келбетін сақтап тұруы маңызды. Айналасы таза әрі көрікті болса, келген мейман алдында да қымсынбай көрсетуге болады.

Айтпақшы, келер жылы бұл жаққа да жағдай жасалады. Алдағы жылдары әлеуметтік нысандар да бой көтереді. Қысқасы Волгоград көшесі болашақта қаланың шеті емес, көрікті мекендерінің біріне айналмақ.

Біздің қаланың Бас жоспары бар. «Бар» деп ауыз толтыруымыз да бекер емес. Біраз жылдар қала дамуының басты құжаты болмай, тығырыққа тірелген едік. Бұдан былай қаланың дамуы тікелей Бас жоспармен тығыз байланысты болғандықтан, қала болашағын елестету қиын емес. Бүгінгі күнгі қолданыстағы Бас жоспар Айбек Мүталапхан-ұлының ықпалымен, тікейлей қадағалауымен бекіді. Бұдан былай қаланың келбеті басты құжат негізінде жүзеге асады.

Қала әкімі тек орталықтың ғана емес, сонымен қатар шаһардың шет аймақтарының да қалыпты дамуын назарда ұстауда.  Уақыт өте, шет саналатын аймақ қаланың бір бөлігі болып кетері анық. Себебі, Семей серпінді даму жолында.

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

2 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

2 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

2 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

2 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

2 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС