"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫМБАТТАМАҒАН НЕ ҚАЛДЫ?

19.08.2022
ҚЫМБАТТАМАҒАН НЕ ҚАЛДЫ?
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде еліміздегі баға тұрақсыздығы ең түйткілді мәселелердің біріне айналды. Күнделікті тұтынып жүрген азық-түліктен бастап қымбатшылық қай салаға болмасын дендеп еніп барады. Дүкен сөрелерінен жақында ғана көрген бағаның қай кезде өзгеріп кеткенін қарбалас тіршілікпен жүріп байқамай да қалатын жағдайға жеттік. Осылайша, тек қана күнделікті тұтынатын тауарларға кететін бір айлық шығынды таразыға салсаңыз, қалтаңыздың әжептеуір қағылатынына көз жеткізесіз.

Күні кеше Энергетика министрлігі елімізде электр энергиясының қымбаттайтыны туралы мәлімдеме жасады. Бір зейнатақыдан екінші зейнетақыға, бір жалақыдан екінші жалақыға дейін әр тиынын есептеп, күндерін қалт-құлт етіп көріп жүрген қарапайым халық мұндайда не істейді?

Ең қажетті деген тауарлардың өзін алу қиынға соғып тұрғанда, бұл жаңалық жұртқа оңай тимесі анық. Сонымен, қазақстандықтарды алдағы уақытта электр энергиясы тарифтерінің көтерілуі күтіп тұр. Нақты тарифтер келесі айда белгілі болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.

Бұған дейін, яғни 1 шілде күні, коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруге тыйым салған мораторийдің мерзімі аяқталған еді. Міне, сол күннен бастап монополистер мемлекеттік органдарға тарифті көтеру туралы өтініштерін жібере бастады. Соның ішінде электр энергиясының бағасын арттыру мәселесі де болды. Қазақстанда электр энергиясына тарифтерді белгілеу туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ведомствоның тұтынушыларды және ел экономикасын энергиямен сенімді жабдықтау бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа баға инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Яғни, болжам бойынша, 8 пайыздан аспауы керек. Сала мамандары тарифті көтеру мәселесі жұмысшылардың жалақысы мен қордаланған проблемаларды шешу қажеттілігінен туындап отыр дегенді алға тартуда. Олардың пайымынша, қазіргі баға саладағы шығындарды толық жауып, сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін көрінеді. Брифинг барысында спикер еліміздің электр энергетикасы саласы қолданыстағы активтерді жаңартуды қажет ететінін атап өтті. Қолданыстағы қуаттар өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары салынған екен.

Сондай-ақ ол осы қыста Қазақстан электр энергиясының тапшылығына тап болуы мүмкін екенін, KEGOC компаниясының болжамы бойынша, ол шамамен 300 мегаватты құрайтынын жеткізді. — 1 шілдеден бастап 26 энергия өндіруші ұйымда шекті тарифтер орта есеппен 4-12%ға ұлғайды. Ал алдағы жылдың жылыту маусымында 1-1,5 млрд киловатқа дейінгі электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Егер мұндай мәселе туындаса, электр энергиясын көрші елдерден алуға мәжбүр боламыз, — дейді Жандос Нұрмағанбетов.

Жалпы, электр энергиясы бағасының бір орында тұрмайтыны анық. Бұл орайда сала мамандары тарифтердің халықтың қалтасына салмақ түсетіндей бірден қымбаттап кетпей, біртіндеп көтерілетінін, әрбір аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескерілетінін айтып келеді. Десе де, электр энергиясы бағасының жыл сайын өсетінін ескерсек, тарифтің біртіндеп көтерілуі де халыққа әсер етпей қоймайды. — Жалақы өспесе де, күнделікті алып жүрген азық-түліктің, коммуналдық қызметтер бағасының үздіксіз өсуі үйреншікті нәрсеге айналды. Онсыз да аз жалақыны қайда жеткізерімізді білмей дал боламыз. Жыл өткен сайын электр энергиясы да қымбаттап барады. Енді тағы көтерілсе, елдің жағдайы не болады? Бұл әркімнің қалтасына шақ келе бермейді. Онсыз да қымбатшылықтан көз ашпай келе жатқан жұртшылық күнін қалай көрмек? – дейді қала тұрғыны Айнұр Найманбаева.

Келесі айда электр энергиясының тарифі өссе, бұл қоғам наразылығын тудырып, халықты ашындырмасына кім кепіл?! Сонда қымбаттамаған не қалды?

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

20 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

21 час бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

21 час бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

22 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

22 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС