"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

23.08.2022
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариков сол жағалаудың, атап айтқанда Жаңақұрылыс, Мұхит, 8-шақырым, Кірпіш, Жоламан, Суық бұлақ мөлтек аудандары тұрғындарының алдында есеп берді. Кездесуге әкімдіктің дербес бөлімі басшылары, қалалық мәслихат депутаттары және коммуналдық кәсіпорын басшылары қатысты. Жиында Димитрий Гариков қалада атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен таныстырды. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі – халықты таза ауыз сумен қамту. Қала әкімнің міндетін атқарушы Димитрий Гариков осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Қазіргі күні қалада таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жаңақұрылыс, Мұхит, 8-шақырым, Кірпіш, Жоламан, Суық бұлақ мөлтек аудандарында 18 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетіледі. 2020 жылы Молдағалиев, Первомайская, Пищевиков, Победа көшелеріндегі жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын су құбыры желілеріне 538,9 млн теңгеден астам қаржыға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы 912,2 млн теңге қаржыға Суық бұлақ кентінің су құбыры желілері қайта жаңартылып, кеңейтілді. Ұзындығы 24 шақырым болатын су құбыры желілері 508 үйге тартылды, — деді. Ал жылумен қамту мәселесіне тоқталсақ, бүгінгі күні меморандум аясында Әуезов даңғылында орналасқан 98, 100, 102, 104, 106, 108 тұрғын үйлерге жылу желісін салуға жоба әзірленген. Жобаның құны 124,0 млн теңгеге бағаланыпты. Сонымен қатар Мелькомбинат көшесіндегі тұрғын үйлердің жылу желілерін жөндеуге конкурстық рәсімдер жүргізу жоспарланған. Шаһарда абаттандыру жұмыстары да жалғасуда. Келер жылы 130,1 млн теңге қаржыға Ертіс көшесіндегі 14, Затаевич көшесіндегі 33, 33А, 35, Бөгенбайұлы көшесіндегі 44, 46, Безымянная көшесіндегі 2, 4, Қостанай көшесіндегі 75, 77, Островский көшесіндегі 5А, 5Б, 410-кварталдағы 3 — 13 аула аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ Ертіс көшесіндегі 11, Әуезов көшесіндегі 37 үйлердің аулаларында балалар және спорт алаңдарын орнату жоспарланған. Кездесу барысында қала әкімінің міндетін атқарушы тұрғындар тарапынан түскен сауалдар мен шағымдарына жауап берді. Тұрғындардың шаһарда жүргізіліп жатқан кейбір жұмыстардың сапасына көңілдері толмайды, дәріханалар мен емхананың жоқтығына да наразы. Сондай-ақ қала көркін бұзып тұрған тұрғын үйлер, қоқыс шығару мәселесі де қозғалды. Сонымен бірге кездесуге қатысушылар ерте көктемде тоқтатылған ыстық судың қайта берілуін талап етті. Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдаған соң Димитрий Гариков көтерілген мәселелерді назарына алғанын, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Арайлым ҚАЖИАҚПАРОВА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

4 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

6 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС