"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ЖАСТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

23.08.2022
АУЫЛ ЖАСТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің жастарына Оксфорд, Кембридж сынды әлемнің беделді университеттерінде білім алуға жол ашылды. 1993 жылдан бері шетелдік жоғары оқу орындарынан мамандық алып келген түлектер бүгінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ірі ғылыми жобаларды жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жетуде. Осы уақыт аралығында «Болашақ» бағдарламасының ауқымы кеңейе түсті. Бағдарлама тізіміне топ-250 — QS, Times Higher Education, Academic Rankings of World Universities халықаралық академиялық және БРИКС елдерінің топ-20 Ұлттық рейтингтеріне кіретін 26 елден 236 шетелдік жоғары оқу орны енді.

Биыл, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Еңбек нарығы қажеттіліктерінің болжамы есепке алына отырып, енді инженерліктехникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және ITмамандықтарға гранттар саны 36 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайды. Басымдыққа ие мамандықтар тізіміне академиялық оқу үшін 92 және тағылымдамадан өту үшін 158 мамандық енгізілген. Ал биыл, еңбек нарығын талдау нәтижелеріне сәйкес, тізімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша 40 жаңа мамандық енді. Оған қоса инженерлік-техникалық мамандықтарға жаңа жеңілдік санатын енгізу қарастырылуда. Бұл туралы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет ел жоғары оқу орындарына түсу ережелерін түсіндіруге арналған брифингте айтылды. Биылғы жылы бағдарлама бойынша магистратурада және резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінген. Тағылымдамадан өту үшін құжаттарды қабылдау 5 қыркүйекте басталып, 2022 жылдың 14 қазанына дейін жалғасады. Брифингте конкурстық рәсімдерді басқару менеджерлері өтінімдерді қабылдау процесін түсіндіріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. — Бізде тағылымдамадан өту және академиялық оқу үшін белгілі санаттар бар. «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан 12 айға дейін кез келген шетелдік ұйымда немесе жоғары оқу орнында өтуге болады. Біз 26 елмен ынтымақтастықта жұмыс істейміз», – деді конкурстық рәсімдер басқармасының менеджері Аружан Рыспекова. Оның айтуынша, егер үміткер конкурстан өтетін болса,» Болашақ « бағдарламасы оған бүкіл оқу немесе тағылымдама бойы демеуші болады. Тұруға, тамақтануға, медициналық сақтандыруға, оқу материалдарына және жылына бір рет екі жаққа ұшуға жеке қаражат бөлінеді. Бағдарламадан өткеннен кейін мамандануы бойынша Қазақстан аумағында 3 жыл жұмыс істеу қарастырылған. — Сондай-ақ жеңілдік санатына ауылдық жерлерден үміткерлер енгізіледі. Олар үшін мүмкіндіктерді кеңейту жоспарда бар. Мысалға, IELTS тапсыру нәтижесі бойынша ағылшын тілін білуге қойылатын талапты 5.0 балл деңгейіне дейін төмендету, ауылдық елді мекенде міндетті тұру мерзімін 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту жоспарда бар. Сонымен қатар аудандық маңызы бар қала тұрғындарын да осы санатқа қосу көзделген, -дейді маман. Сондай-ақ іріктеу турларының саны алтыдан үшке дейін қысқарды: кешенді тест, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттары қаралады. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Қазтест емтиханын (нәтижесі В1 деңгейінен кем емес) тапсырғаны туралы сертификат, шет тілі бойынша (нәтижесі кемінде 9.0-ден 5.0 деңгейіндегі) IELTS сертификатын тапсыруы керек. Үміткерлерге ыңғайлы болу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау енді толығымен онлайн режимінде өтеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келетін жастар Egov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында құжаттар тапсыра алады.

Бибі ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС