"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИХТАН СЫР ШЕРТКЕН ШАРА

20.12.2013
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті

Мерекелік көңіл күй Семей қаласының физика—математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын тапты.

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

 

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты мерекелік кештің мақсаты тарихтан сыр шертіп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптас-тыра отырып, Тәуелсіздіктің қасиетін түсінуге баулу болатын. Жиынға ата-аналар мен ұстаздар, оқушылар қатысты.

 

Оқушыларға Тәуелсіздіктің         қастерлі ұғым екенін айтқан мектеп директорының міндетін атқарушы Бағдан Қайыржанов:

— Біз бірлігі жарасқан елміз. Асылын ардақтай білетін халқымыз Тәуелсіздіктің қадірін бағалай біледі. Елбасымыз «Біз бір ұлтпыз. Қанымыз бір, жанымыз бір» деп ерекше атап өткен болатын. Елдің арманы орындалып,  толағай табыстарға жеткеніміз қазақ халқының адал перзенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен, сарабдал саясатымен тығыз байланысты. Бірлігіміздің арқасында еліміздің аты төрткүл әлемге танылып, көк байрағы желбіреп тұр. Тәуелсіздігіміздің арқасында жоғалғанымызды тауып, үзілгенді жалғап, рухани байлығымызды түгендедік. Егемендік оңай жолмен келген жоқ. Сол Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін – жастар, сіздер,- деген ол кешке жиылған жұртты мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тәуелсіздік тұғырын нығайту жолында оқушыларының аянбай еңбектенетінін атап өтіп, зор сенім білдірді. Құттықтау сөзден кейін Тәуелсіздік күніне орай адал еңбектері үшін ұстаздар мен шаруашылық қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды.

Оқушылар патриоттық әндерді шыр- қап, жиылған жұрттың рухын көтерді. Мың бұралған биші қыздар өнердің тамаша үлгісін көрсетсе, ұстаздар мен оқушылар ел тарихынан сыр шерткен көрініс көрсетті. Бала Нұрсұлтанның дүниеге келуі және Қилы заман атты қарияға Тәуелсіз ел атты жасөспірімнің жолығуы, қарияның: «Ата бабаларың аңсаған тәуелсіздік ұрпағы екенсің. Қазақ халқы басынан талай-талай сын сағаттарды өткерді. Қай уақытта болмасын қазақ халқы елі мен жері үшін күресті. Қазақтың аспаны қандай кең болса, ақылы да сондай кең. Қазақтың жері қандай кең болса, пейілі де сондай кең…»  деген сөздері қазақтың тарихи болмысын аңғартатындай.

Елбасымыз айтқандай, ертең ел тұтқасын ұстайтын азаматтар бүгінгі мектеп партасында отырғанын ескерсек, ұлттық болмысымызды бала бойына сіңіріп, отансүйгіштікке баулу –  басты міндет. Жүрегі «қазақ» деп соққан ұландар Қазақ атын аспандатары сөзсіз. Бұл жолда тәрбие мен білім ошағы-мектептің арқалар жүгі көп.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

27 минут бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС