"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

14.09.2022
НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығының нейрохирургия бөлімшесі 2005 жылы ашылған. Бұл – елімізде балалардың бас, ми мен жұлын ауруларын емдейтін нейрохирургия бағытында іске қосылған үшінші бөлімше. Аталған бөлімшеде дәрігерлер аман алып қалған балалардың саны жүздеп саналады. Оған жаңа туған нәрестелерден бастап, әртүрлі ауыр деңгейдегі, мәселен бас-ми жарақатын алған балалар түседі. Хирургтердің айтуынша, мұнда кездесетін әрбір жағдай қайталанбайды.

2020 жылы облыстық ана мен бала орталығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жаңа ғимаратқа көшті. Бөлімшеде жұлын патологиясын емдеуді дамытуға басты назар аударылған. Жергілікті мамандар жұлынның туа біткен жарықтарына (грыжа) ота жасай береді. Бұл – микроскоп астындағы ең күрделі жоғары технологиялық манипуляциялар.

«Бөлімшеде 20 төсек бар. Босандыратын блокпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегендіктен, нейрохирургиялық ақаумен туған нәрестелерге бірден ота жасауға тырысамыз. Мысалы, балаларда туа біткен жұлын жарығы жиі кездеседі. Бұл патологияның әртүрлі деңгейінде болады. Асқынып, іріңдеп кетпес үшін бірден операция жасаған жағдайда, жүйке жүйесі ақауымен туғанына қарамастан, нәресте ары қарай жақсы дамып кетуі мүмкін. Гидроцефалия деген ауру түрі кездеседі. Бұрын мұндай диагноз үкім сияқты естілетін. Қазір орталықтың нейрохирургтері гидроцефалияға шунттау отасын жасайды. Шунттау жүйесінде бүгінде тек сапалы америкалық антигравитациялық жүйені қолданамыз. Бұдан бөлек, көрсетілімдерге байланысты эндоскопиялық әдіспен де ота жасайтын қауқарымыз бар», – деп түсіндірді бөлімше меңгерушісі Талант Арыстанбекұлы.

Алтай қаласының тұрғыны, тоғыз жастағы Вика Шнейгербергер осы бөлімшеде туғанынан емделіп келеді. Оған алдымен 2013 жылы жұлын жарығына және гидроцефалия диагнозы бойынша шунттау отасы жасалған екен. Жуырда кішкентай Викаға омыртқаны бекіту операциясы жасалды. Қазір қайта оңалтудан өтіп жатыр. Анасы Анна Шарапова қызының жағдайы едәуір жақсарғанын айтады.

«Көз жанары қалпына келуде, бұрын зәрін ұстай алмайтын, ол жағы да ақырындап оңалып келеді. Отадан кейін отыра бастадық. Туғаннан осы бөлімшеде емделіп келе жатырмыз. Дәрігерлер – білікті, ал медбикелер – мейірімді. Ең бастысы, емнің барлығы тегін, яғни МӘМС аясында болғандықтан, бір тиын төлеген жоқпыз, — дейді Виканың анасы Анна Шарапова.

Талант Арыстанбекұлы бөлімше заманауи технологияға сай Leica деген микроскоппен жабдықталғанын айтады. Аспап операция кезінде ангиорежимде науқастың қан тамырларын көруге мүмкіндік береді, яғни, қанмен қамтамасыз етілуін бақылап отырады. Соның нәтижесінде, шығысқазақстандық нейрохирургтер қиын жерде орналасқан нейрохирургиялық ісіктерді де сылып, алып тастайды.

«Қазір мақтанышпен айтатын тағы бір жаңалығымыз – ол  тетеринг-синдромға ота жасауды меңгеруіміз. Тетеринг-синдром дегеніміз – жұлынның өзінің торлау қабатына, қатты қабатына жабысып қалуы, соның кесірінен омыртқаның қисаюы сияқты аномальді ауытқу пайда болуы мүмкін. Бүгінге күнге дейін мұндай науқастарды республикалық ұлттық орталықтарға жіберетінбіз, ол жерде науқастар Қазақстанның түкпір-түпкірінен келгендіктен, кезекті ұзақ күтуге тура келетін. Енді өзімізде де емдейтін болдық», – деді бұл туралы бөлім меңгерушісі.
Алдағы уақытта дәрігерлер Викаға дәл осындай ота жасауды жоспарлап отыр.
«Мұндай ауру кезінде науқастардың бұлшық еттері тартылып тұрады, жұлын талшықтарын жартылай қиған кезде, бұлшық ет босаңсиды. Қиындықпен жүргендер жақсы қозғала бастайды. Қазір біз бұл отаны жүйелі түрде жоспарға қойдық. Көп клиникалар мұндай операцияны жасаудан қашқақтайды. Себебі жасалуына байланысты ауыр, аса күрделі ота деп саналады, ол үшін ең алдымен науқастарды іріктеу керек. Кемінде алты сағат уақыт кетеді. Біз мұндай операциялардың бүлдіршіндерге пайдасы тиіп отырғанын өз тәжірибемізден көріп отырмыз, демек оны алдағы уақытта да жалғастыра берген дұрыс», – деп санайды Талант Арыстанбекұлы.

Талшын Қалиасқар,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

10 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

10 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС