"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

20.09.2022
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСАДЫ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың 19 сессиясында депутаттар алдында ШҚО-ның дамуының маңызды аспектілері туралы есеп берді.

Аймақта экономикалық көрсеткіштердің барлық индикаторлары жақсы қарқынмен жүзеге асырылуда. Мәселен, Индустриялық секторда кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 32 жоба іске асырылды. Бұл — АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыт. Қыркүйек айынан бастап зауыт Қытай нарығына өнім жеткізуге кірісті. Жоба Қазақстанға Атом станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік береді. ТМК Сәтбаев кен орнында екінші байыту фабрикасын іске қосты. Жыл соңына дейін Стриженск кен орнының полиметалл және мыс-колчедан кендерін өнеркәсіптік игеру жобасын іске асыру жоспарланған. Жақын арада Тарбағатай ауданында қуаты жылына 25 млн тонна мыс кенін өңдейтін тау-кен байыту комбинатының құрылысы  басталады. Басқа да жобалар іске асырыла бастайды.

Шағын және орта бизнес жұмысының тиімділігі маңызды көрсеткіш болып табылады. Жыл басынан бері барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 384 жоба субсидияланды.

— Агроөнеркәсіптік секторды дамыту бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шеше отырып, жақын арада біздің өнімді ҚХР стандарттары бойынша сертификаттауға мүмкіндік беретін биозертхана жұмыс істей бастайды. Біз ғимарат салдық, барлық инфрақұрылымды дайындадық. Қытай тарапы құрал-жабдықтар жеткізіп, біздің мамандарды оқытады, бұл — біздің өңір үшін өте маңызды жоба. Біз 2 бағдарлама аясында  шекаралас аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту жобаларын жалғастырамыз, — деп атап өтті Даниал Ахметов.

Даниал Ахметовтің айтуынша,  облыста әлеуметтік саланы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау және білім беру жобалары бұрынғысынша басымдыққа ие болып отыр. Президенттің Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында 2023 жылдан бастап екі жыл ішінде медициналық мекемелері жоқ ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін заманауи талаптарға сай 20 мектеп іске қосылады.

— Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ірі инфрақұрылымдық жоба — Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні облыстың әрбір елді мекені бойынша өзекті мәселелер тізбесі жасалған, оларды шешу, бірінші кезекте, шығысқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырады,- деп атап өтті облыс әкімі.

Зарина КӘП,

«Семей таңы»

Мақалада: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС