"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

20.09.2022
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

 

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құру және қызмет алу құқығын қамтамасыз ету — мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны 2015 жылы ратификациялаған болатын. Осылайша мүгедектігі бар адамдардың экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын басқа адамдармен қатар толық іске асыру бойынша халықаралық стандарттарды енгізу міндеттемелерін қабылдады.

Мүгедектердің құқығы туралы конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 2006 жылдың 13 желтоқсанында қабылданды. Заң жобасының мақсаты — мүгедектердің барлық құқықтары мен адамның негізгі бостандықтарын толық және тең пайдалануын қамтамасыз ету, қорғау және қамтамасыз ету. Конвенция мүгедектерге қатысты кемсітуді жоюға, олардың еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу және қоғам өміріне толық қатысуына, сот әділдігіне қол жеткізуге, жеке қол сұғылмаушылыққа, қанаушылық, қиянат жасау және жүріп-тұру бостандығына, жеке ұтқырлыққа құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл орайда Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті құрылғаны белгілі.

Жуырда Алтай ауданында ШҚО Қоғамдық кеңесі жанындағы мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің көшпелі отырысы өтті. «Алтай ауданында халықтың қауқары аз топтарына жағдай жасау жөніндегі шаралар туралы»  жиын Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Қоғамдық кеңестер қызметі арқылы аумақты басқаруға тұрғындарды тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж.Асқарова, мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің төрайымы О.Кузовлева, мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитет мүшесі, «Душа добра» қоғамдық қоры президенті И.Ляховская, мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитет мүшесі, «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстандағы филиалының төрайымы Е.Баус, мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитет мүшесі, «Алтын-Ай» мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігі төрайымы М.Мирвазетдинова, мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитет мүшесі, «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО департаменті» КММ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы М.Чукубаев, «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС жетекші маманы Д.Жакупов қатысты.

Кеңес барысында ауданда халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына жағдай жасау жөніндегі шаралар, Алтай қаласында жүріп-тұруы шектеулі  жандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін талдау нәтижелері, сондай-ақ комитеттің жұмысы туралы мәселелер қаралды.

Мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің төрайымы О.Кузовлева Мемлекет басшысының Жолдауына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына егжей-тегжейлі тоқталды. Ол қоғамдық талқылауға ұсынылып, «Ашық НҚА» сайтында жарияланған ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы да айтып берді.

— Кодекс жобасының мақсаты – әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту, нормаларды халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкестендіру, отбасын, ана мен баланы қолдауды дамыту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесіндегі менеджменттің тиімділігін, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі мен кәсібилігін арттыру, республикада әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу практикасын енгізу, көрсетілетін қызметтердің сапасын және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету, — дейді Ольга Кузовлева.

Сондай-ақ ШҚО қоғамдық кеңесі жанындағы мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің мүшелері комитет төрайымы О.Кузовлеваның басшылығымен аудандағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділігіне мониторинг жүргізді. Комитет мүшелері №9, 11 орта мектептеріне және «Горняк» мәдени-сауық орталығына барды.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 25-бабына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасауға міндетті.

Нысандарды аралау барысында, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес, пандустың не көтергіш құрылғының болуына, пандусы бар кіру алаңының көлеміне, әмбебап кабинасы бар санитариялық тораптардың болуына назар аударды. Комитет мүшелері аталған нысандар мүгедектер үшін қолжетімді деген қорытынды жасады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

21 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС