"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ АЙШЫҚТАЛДЫ

30.09.2022
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ АЙШЫҚТАЛДЫ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында  Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Қаладағы барлық мектептер мен оқу орындарында  ұлы жазушының мұрасын насихаттауға арналған түрлі іс-шаралар, кітапханалар мен музейлерде көрмелер мен  әдеби кештер ұйымдастырылды.

28 қыркүйекте қазақтың заңғар жазушысының туғанына 125 толды.  Бұл күні таңертең зиялы қауым өкілдері, шаһар жұртшылығы және жазушының туған жері Абай ауданынан арнайы келген қонақтар Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым жасады.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын мерекелеу Шәкәрім университетінде жалғасын тапты. Университеттің бас ғимаратында  «Мұхтар Әуезов және ұлттық өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Алқалы жиынға елімізге белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Сүлейменов қатысты. Конференцияға сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Қытай, Нидерланды елдерінің әуезовтанушы ғалымдары, зерттеуші, Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Әуезова, Ташкент мемлекеттік университетінің профессоры Абдулла Улугов, ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері А.Мәжитұлы онлайн және офлайн режимінде қатысты.

Конференция жұмысы университеттің басқарма төрағасы, ректор, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембековтің құттықтау сөзімен басталды.

— Шәкәрім университетінің  миссиясы — ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман дайындау ғана емес, бастысы, Абай аңсаған, Әуезов армандаған толық адам, кемел тұлғаны қалыптастыру. Университеттегі «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығы осы бағыттың ұйытқысы болуда. Барлық мамандықтарда «Абай әлемі» пәні оқытылады. «Абай әлемі» пәнін оқыған әрбір студент абайтанушы не мұхтартанушы болып кетпес, бірақ ізгілікке шақырған тұлғалардың сөзі әр студенттің жүрегіне тұнса, онда біздің мақсатымыздың орындалғаны,- дей келе Бауыржан Амангелдіұлы конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Жиынның салтанатты ашылуында сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, абайтанушы-академик Ғарифолла Есім мен Ташкент мемлекеттік университетінің профессоры Абдулла Улугов онлайн сөз алды.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Дандай Ысқақұлы «Мұхтар Әуезовтің аудармашылық өнері», Кастамону университетінің профессоры Орхан Сөйлемез «Көксеректің көзімен Мұхтар Әуезов», профессор Арап Еспенбетов «Мұхтар Әуезовтің бір мақаласы хақында», доцент Жандос Әубәкір «Мұхтар Әуезовтің даралығы», Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры Айжан Қартаева «Мұхтар Әуезов мұрасындағы түркі әлемі» тақырыптарында баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар жазушының әдеби мұрасын насихаттау төңірегінде пікір алмасты.

Конференция аясында сондай-ақ Шәкәрім университетінің мұражайы мен ғылыми кітапханасы Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов дәуіріндегі көне жәдігерлер мен сирек кездесетін кітаптар негізінде «Жер шежіреші, жер шежіресі болған соң, ел шежіреші» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге сондай-ақ Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қазіргі заман тарихын құжаттау орталығы және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұсынған экспозициялар қойылған.ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ АЙШЫҚТАЛДЫ

Айта кетелік, алдағы уақытта Шәкәрім университеті қаламыздағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы білім беретін орта мектептерінде қазақ филологиясы жəне журналистика кафедрасының филиалын ашуды жоспарлап отыр.

Осы күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Әуезов әлемі бейнелеу өнерінде» тақырыбында музей қорынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Әуезов шығармашылығы арқау болған суретшілердің туындылары қойылды. Олардың қатарында Г.Исмаилованың «М.Әуезов» портреті, И.Исабаевтың «М.Әуезов. Абай жолы», М.Қисамединовтың «Мухтар Ауэзов» графикалық жұмысы, жергілікті суретшілер Ғ.Макаров, Н.Өтепбаев, Т.Байғалиевтың еңбектері бар.

Ал Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырлаған көрме «Әуезов әлемі» деп аталды.  Абайтану ілімінің негізін қалаған халқымыздың біртурар перзенті, қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған бұл көрмеге жазушының фотосуреттері, жеке заттары, өмірі мен шығармашылығы, тұлғалық қырлары туралы мағлұмат беретін музей қорынан алынған жәдігерлер — 70-ке жуық экспонат қойылған. Оның ішінде жазушының костюмі, қолының ізі қалған сия сауыты, өмірі мен шығармашылығынан хабар беретін фотосуреттері, оқыған кітаптары бірден көзге түседі. Атап айтар болсақ, Мұхтар Әуезов жасөспірім шағында ойнаған «Жарыс» футбол командасының 1913 жылы Семейде түсірілген фотосуреті, 1924-1925 жылдары ЛМУ-де оқып жүрген кезінде ауылға қысқы демалысқа келгенде ат үстінде түскен суреті және Үндістанға сапарынан, «Абай жолы»романын жазу сәтінен түсірілген, сондай-ақ Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыста болғанын айғақтайтын фотосуреттер келушілер назарына ұсынылды.

Ал көшпелі көрмеде Әуезовтің тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен адамдардың, мұғалімдер семинариясында сабақ берген ұстаздарының және әйгілі жазушы болған кезінде олармен кездескен сәтіндегі, 60 жас мерейтойында Семейде қаумалаған қалың жұртшылық ортасында тұрған фотосуреттері, Қазақстан ғылым академиясының академигі атанғаны жөніндегі құжаттың көшірмесі және басқа да мәліметтер қамтылған.

— Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы Әуез екеуі де хат танитын сауатты адамдар болған. Өз заманында ұлы Абаймен сырлас, ауылдары іргелес, аралас-құралас тіршілік кешкен. Атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Абайдың өлеңдерін зор ықыласпен тыңдап, пікір алмасатын жақын адамдарының бірі болған. Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан да осы атасы еді. Ескіше сауаты бар, араб, парсы, түркі әдебиетімен таныс Әуезді Абай «Әуке аға», «Үлкен қожа» деп атаған. Мұхтар дүние есігін ашқанда,  Абай Әуезовтердің шаңырағына шілдеханаға барған деген де естеліктер бар,- деп таныстырып өтті музейдің ғылыми қызметкері Мирас Құсайынов.

Музей қызметкерлері фотосуреттерге сүйене отырып, қонақтарға Мұхтар Әуезовтің жастайынан ауыз әдебиеті үлгілерін, ұлттық фольклорымызды жинақтап, оларды сақтап қалуға үлес қосқаны жайлы, сондай-ақ абайтанушы, драматург ретіндегі еңбектері туралы айтып өтті.

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ АЙШЫҚТАЛДЫ

— Мұхтар Әуезов – абайтану саласының негізін қалаған тұлға. Өзінен кейін абайтану ілімін жалғастыруды шәкірті Қайым Мұхамедхановқа тапсырып кеткенін білесіздер. Қайым Мұхамедханов Мұхтар Әуезовтің ақыл-кеңесімен, жетекшілігімен жиырма төрт жасында Абай музейін ашқаны белгілі. Кейіннен, 32 жасында, Абай музейінің директоры атанды, -деді музей қызметкері.

Көрмеге келушілер М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде кеңірек мағлұматтар алып, естелік суреттерге түсті.

Ал облыс орталығындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайында  «Мұхтар Әуезов туралы біз біле бермейтін 10 дерек» атты челлендж өтті. Әуезов алаңында музей қызметкерлері Мұхтар Омарханұлының Жүсіпбек Аймауытовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарғаны, 1933 жылы қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет Абай өлеңдерінің толық жинағын жарыққа шығарғаны туралы баяндайтын лифлеттер таратты.

Сонымен қатар ұлы жазушының 125 жылдығына орай облыс аудандарында да түрлі іс-шаралар өтті. Мұхтар Әуезовтің мерейтойы Абай ауданында қорытындыланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

Мақалада: ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ АЙШЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19 минут бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

1 час бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 часа бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 часа бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

3 часа бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

3 часа бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС