"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАПОН АЛАШТАНУШЫСЫ СЕМЕЙДЕ

29.09.2022
ЖАПОН АЛАШТАНУШЫСЫ СЕМЕЙДЕ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Алаш қозғалысының һәм Алашорда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейхан университетіне жапон елінің ғалымы, Хоккайдо университеті жанындағы Славян-еуразиялық зерттеу орталығының профессоры, алаштанушы ғалым Томохико Уяма келді. Қазақстанға кезекті ғылыми зерттеулерімен сапар шеккен ғалым Әлихан Бөкейхан университетінің шақыртуымен қаламызға ат басын бұрып, оқу орны ғалымдарымен және білім алушыларымен кездесті.

«Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары – докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар жапон ғалымымен кездесуге қаланың зиялы қауым өкілдері – ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, Алаш қозғалысы мүшелерінің ұрпақтары келді.

Мазмұнды кездесу барысында Томохико Уяма өзінің Алаш қайраткерлерінің қызметін зерттеу жұмысы, жапон елінің архивтеріндегі Алашорда үкіметіне қатысты құжаттар жайында, Алаш қайраткерлерінің жапон үкіметімен арадағы қарым-қатынастары туралы баяндады. Әлімхан Ермеков, Райымжан Мәрсеков, Міржақып Дулатов сынды Алаш қайраткерлерінің қызметіне қатысты жапон архивтерінен табылған құжаттардың мазмұны, Алашорда үкіметінің тарихын зерделеудің маңыздылығы туралы танымды да қызықты әңгіме өрбітті.

Әсіресе Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген жоғары білімді заңгер, Семей географиялық қоғамы бөлімшесінің белсенді мүшесі болған, Семей округтік соты мен Омбының сот палатасында қызмет еткен қайраткер, Семей облыстық земство басқармасының төрағасы болған Райымжан Мәрсековтің жапон үкіметіне жазған хаттары туралы тың мәліметтерді бөлісті.

Тағылымы мол іс-шарада ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен ірі қоғам қайраткерінің ұрпақтары, Райымжан Мәрсековтің інісі Шериязданның жиен-немересі Кәкімжан Қойгелдин, Райымжанның қызы Гүлхасылдан туатын жиен-немересі Сара Қайырбекова, шөбере-жиеншары Эльдар Қайырбеков өздерінің аталары туралы деректерді зерттеу жұмысына негіз қылған жапондық ғалымға алғыстарын білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.

Өз кезегінде Алаш қозғалысының жетекшісі, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімін иеленген университет басшылығы Ғылыми кеңестің шешімімен алаштану ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі мен жапон-қазақ ғылыми қатынастарын дамытуға сіңірген еңбегі үшін ғалымға университеттің құрметті профессоры атағын берді.

Алдағы уақытта Бөкейхан университетінің құрметті профессоры Томохико Уяманың оқу орнының студенттері мен қалың көпшілікке арналған ашық дәрістері онлайн және оффлайн режимде ұйымдастырылатын болады.

Ғалым өз сөзінде қазақ елінің тарихына қызығушылығы қалай оянғанын, қазақ зиялылары, оның ішінде Алаш қозғалысы белсенділерінің өмірін зерттеу жұмысына арқау еткен  себебін айтып өтті.

— Орталық Азия мемлекеттеріне қызығушылығым студенттік кезде ояна бастады. Оған себеп – Орталық Азияның Еуропа мен Азия құрлықтарының ортасында, жол торабында орналасуы. Осында екі мәдениеттің, кезеңдердің тарихы сақталған. Тарихқа жүгінсек, Орталық Азияда көптеген елеулі оқиғалар өтті. Бұған Алашорда өте жақсы мысал. Алашорда үкіметі – басқа елдің отарында болса да, өз саясатын, мәдениетін қалыптастыра білген бірден-бір құрылым. Ондағы қызу өмір, басқа мемлекеттің қол астында болуы, одан кейінгі жаңа қоғамдық-саяси өмір бастауы мені қызықтырды, — деді Томохико Уяма.

Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

17 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

1 день бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

1 день бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

1 день бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС