"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АСҚАР ЕЛДІҢ АЙБЫНДЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ»

20.12.2013
«АСҚАР ЕЛДІҢ АЙБЫНДЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ»
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Өткен жұма күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде аталмыш оқу орнының ректоры Шәріпбек Әмірбеков бастаған білім ордасының барлық қызметкерлерінің қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған «Асқар елдің айбынды тәуелсіздігі» атты салтанатты жиын өтті.

 

Сап түзеген «Жасұлан» ерлер лицейінің оқушылары көк байрағымызды сахнаға алып шығып, мемлекеттік Әнұранымыз орындалған соң салтанатты    жиында алғашқы болып Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің философия кафедрасының меңгерушісі Айзат Мұқатаева сөз алды.

 

— 22 жасқа толып отырған мемлекетіміз тәуелсіздіктің арқасында табысты же-тістіктерге жетіп отыр. Мемлекеттің ең басты жетістігі — еліміздің бірлігі, қауіпсіздігі мен тыныштығы, қоғамдық татулық пен тұрақтылық, — деген Айзат Амантайқызы еліміздің бағындырған биік белестерімен қатар, университеттегі биылғы атқарылған жұмыстар туралы, сонымен қатар, оқу орнының желеу етер жетістіктері жайлы айта келіп, білімпаз және белсенді студенттердің есімін тізбектеп, әріптестеріне деген жылы лебізін білдірді.

Ал, одан кейін сөз алған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков:

— Құрметті, әріптестер! Ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, істе-ріңізге сәттілік тілеймін! – деп сөзін бастап, ары қарай егеменді ел болуды аңсаған тарихтағы би-шешендердің сөзін арқау ете отырып, «Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық» деген сөз тіркесінің мағынасын тарқатып айтып берді.

Аталмыш білім ордасының басшысы сөз соңында елеулі еңбектері үшін университеттегі бірқатар қызметкерлерді ҚР білім және ғылым министрлігінің сыйлығымен, ШҚО әкімінің және Семей қаласы әкімінің граммоталарымен, сонымен қатар, ректордың алғыс хатымен марапаттады.

Марапаттаудан соң осынау салтанатты жиын аталмыш оқу орнының өнерлі студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сахна шымылдығы хордың орындауындағы патриоттық әнмен ашылды. Одан кейін көрініс қойылып, көркем сөз оқылды. Концерттік бағдарлама барысындағы мың бұралған би де, күмбірлеген күй де, шырқалған ән де – бәрі-бәрі жиналған көпшіліктің көңілін тасытты. Ал, аталмыш университеттің студенті, жас ақын Қуаныш Нұржанов сахна төрінде домбырамен Тәуелсіздік туралы арнауын орындады. Жалынды  жастар мен ұйымшыл ұжым өнерпаздарға деген қошеметтерін аямады. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиыннан зор әсер алған көпшілік патриот жастардың өнеріне тәнті болып, елдің ертеңіне деген сенімдері арта түсті.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

26 минут бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС