"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КҮЗДІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ

04.10.2022
КҮЗДІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында күзгі жиын-терін науқаны қызу қарқынмен жүріп жатыр. Егінге орақ салған шаруалар қазіргі ауа райы  қолайлылық тудырып тұрғанын айтуда. «Күздің бір күні – жылға азық» демекші, астықты ысырапсыз жинап алса, жаз бойғы төгілген тердің өтемі сол болмақ.

Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен жаңа өнімді ойдағыдай жинап алу үшін диқандар қауымына лайықты жағдай жасалуда. Ауылшаруашылық техникаларына қажетті жанар-жағармай шалғай аудандар мен ауылдарда да қолжетімді. Аудандар мен қалалар әкімдері ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру бағытында ілкімді шараларды қолға алып отыр.

Мәселен, бір ғана Алтай ауданында өсімдік шаруашылығының үлесі ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімінің 77 пайызын құрайды екен, қалған 23 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласында 120 ауыл шаруашылық құрылымдары және 16,3 мың жеке тұрғын еңбек етуде. Ауданда дәнді дақылдардан бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, ал майлы дақылдардан күнбағыс және рапс көп өсіріледі. Сондай-ақ облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, соя және жүгері сияқты дәнді дақылдар егісі біртіндеп ұлғайып келеді.

Аудандағы ауыл шаруашылығы саласы мамандарының айтуынша, бидай мен күнбағыс және рапс тұқымдары Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия және басқа елдерге экспортқа шығарылады. Алтайлық шаруалар алдағы уақыттарда шетелге экспортталатын өнім көлемін біршама арттыруды көздеп отыр.

Ағымдағы жылы ауылшаруашылық дақылдарының егіс алаңдары 75,5 мың гектарды құрады. Жаздық егіс көлемі 68,1 мың гектарды құрады, оның ішінде жаздық дәнді дақылдарды егу 38,6 мың гектар, майлы дақылдар 29,5 мың гектар көлемінде.

Биылғы жылы ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша 60 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді, бұл барлық егістіктің сексен пайызын құрайды. Алдағы уақыттарда бұл көрсеткішті арттыру көзделуде.

Топырақтың құнарлылығын сақтау және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары жеті мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды.

Тұқымның сапасы егіннің бітік шығуына тікелей әсер ететіні белгілі. «ҚазАгроЭкс» АҚ зертханасының деректеріне сүйенсек, 17,8 мың тонна тұқымның сапасы тексерілді, оның ішінде бірінші және екінші сұрыпты тұқымдар жүз пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың сегіз айында ауданның ауылшаруашылық құрылымдары 1 млрд 890 млн теңге қаржыға 86 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алды. Сонымен қатар биылғы жылғы күзгі дала жұмыстарына 3575 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Биылғы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша, бюджет қаражатынан 1 млрд 228 млн теңге субсидия бөлінген, оның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің құнын арзандатуға, сонымен қатар  инвестсубсидияға баса көңіл бөлінуде.

Тағы бір айта кетерлігі, Алтай ауданы көлемінде жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Проблемалар да жоқ емес. Дегенмен бұрынғы жылдарға қарағанда ілгерілеу басым. Биыл сәуір айында Алтай аудандық мәслихатының шешімімен аудандық жер комиссиясының құрамы бекітілді. 18 мәрте отырыс өткізіліпті, оның ішінде, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жер телімдерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану, жалға алу құқығымен азаматтарға беру жөнінде екі рет арнайы конкурс өткізілген.

Конкурс қорытындысы бойынша, 12 жер пайдаланушымен уақытша өтеулі жерді пайдалану туралы шарт жасалған, берілген жерлердің жалпы ауданы — 3 089,9 гектар.

Дана ДУЛАТҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: КҮЗДІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ

Ұқсас жаңалықтар

ТЕХНИКА ЖАҢАРТЫЛУДА

04.10.2022
ТЕХНИКА ЖАҢАРТЫЛУДА

Бүгінгі таңда шығыс өңірінде астық жинау қарқыны жоғары. Күзгі мизам-шуақ диқандардың жұмысына оң әсерін тигізді. Әйтсе де биылғы жаздағы, тамыз-қыркүйек...

Толығырақ...

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

04.10.2022
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Агроөнеркәсіптік кешен Шығыс Қазақстан облысы экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады. Облыс республикада сүт, күнбағыс, бал және пантылар өндірісі бойынша жетекші...

Толығырақ...

ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

04.10.2022
ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға 22 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша,...

Толығырақ...

БАЛЫҚ БАЙЛЫҚ КӨЗІНЕ АЙНАЛА МА?

27.09.2022
БАЛЫҚ БАЙЛЫҚ КӨЗІНЕ АЙНАЛА МА?

Бүгінде ел экономикасын алға сүйрейтін сала көп. Тек көзін таба білсек, мемлекеттің алға жылжуына айтарлықтай сеп болары анық. Сондай салалардың...

Толығырақ...

ЕГІСТІК АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙДЫ

24.05.2022
ЕГІСТІК АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙДЫ

Шығыс Қазақстан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 14,6 мың гектарға дейін артты. Бұл соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіш болып...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

20 часов бұрын

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

1 день бұрын

Балалардың гаджетті пайдалану уақыты қандай – Мамандар жауап берді

1 день бұрын

«1,5-2 миллион теңге үнемдедім»: Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр

1 день бұрын

Тоқаев Ғылым мен технологиялар жөнінде ұлттық кеңес құрды: Кеңес құрамында Нобель сыйлығының лауреаты бар

1 день бұрын

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

1 день бұрын

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

2 дня бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

2 дня бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС