"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙДА БОЛДЫ

20.12.2013
АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙДА БОЛДЫ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы іс-сапармен Бесқарағай ауданында болып, аудандағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыс  барысымен танысты.  Облыс әкімі алдымен Жыланды ауылында биылғы жылы бой көтерген салтанат сая-бағына келіп, «Семей Орманы» МОТР  ММ Жаңа Семей филиалының директоры Арғынбек Сафиоллаұлының  бастамасымен жүзеге асқан жұмысты көрді.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА, «Семей таңы»

 

Саябақтың төрінде орнатылған ескерткішке өңір басшысы оң бағасын беріп, тарихты білу, Тәуелсіздікке өз үлестерін қосқан ата-бабаларымыздың аттарын ардақ тұту парызымыз екендігін де атап өтті. Жыланды орта мектебін, медицина бөлімшесін, кітапханасын аралап, оқушылардың білім сапасына, асхана жағдайына, ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайына қатысты жайттарды сұрап білді .

 

Содан кейін ағаш өнімдерін дамыту мақсатында Жыланды ауылының аумағында «Биоотындық брикеттерді өндірудің инновациялық бизнес-жобасы», «Эко–Отын» ЖШС жетекшісі Аман Сейітқановпен жүздесіп, тас көмір мен ағаштарды алмастыра алатын өтімсіз ағаштарды биоотындық брикетке қайта өңдеуді мақсат етіп отырған жобамен жақынырақ танысты. Аталған қосымша  жобаның іске асырылуы ауданның өнеркәсіп өнімін рейтингтік және экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретіндігі айтылды. Сол сияқты «Екі дос» ЖШС  Бесқарағай ауданында сауықтыру кешенін    салуды қолға алғандығы, ойға алған мақсаттарын іске асыру үшін      Старая Крепость ауылының маңынан 3 мың гектар жер бөлінгендігі, бұл кешенде марал мүйіздерінен жасалатын дәрімен, сазбен, ат үстінде серуендеумен емдеу жүргі-зілетіндігі, бұл жобада демалыс саябағын, хоккей қорапшасын, шаңғы базасын ашу да қарастырылғандығы туралы толық мәлімет берілді. Болашақта кешен ауданның әлеуетін арттырып, туристік саланың дамуына ықпалын тигізетіндігі де ескерілді.

Бердібек Мәшбекұлы бұдан кейін Канонерка тірек ауылына тоқтады. Ауыл ахуалымен танысып, осы күні іске қосылған «Isun Plast» ЖШС плас-тикалық құбырлар шығаратын кәсіпорынының ашылу салтанатына да қатысты. Бердібек Мәшбекұлы  Канонерка орта мектебінде де      болып, 40 жылдан астам тарихы бар мектеп күрделі жөңдеуді қажет етіп тұрғандығын бірден байқады, төбе-сінен су ағып, терезелері, едендері тозған мектепке көмек көрсету керектігін, ол үшін қажетті құжаттарды дайындап облысқа жолдауды аудан әкіміне тапсырды. Аймақ басшысы Қарамырза ауылындағы орман тұқым-бағы кешені салынып жатқан құрылыс алаңына барып, құрылыстың сапасын да қарап шықты.

Бесқарағай ауылына келген аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткен «Нұр Отан» партиясының ғимаратын, ондағы аудандық жастар орталығын, шіркеуді де көріп, атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Аудандық  Достық үйінде ұйымдастырылған Тәуел- сіздік құрдастарымен кездесуде аймақ басшысы жастардың жылы лебіздерін тыңдап, аға буын атынан дөңгелек үстелге қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Бердібек Мәшбекұлы «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы бойынша аудан орталығында бой көтерген 2 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады. Аймақ басшысының Бесқарағай ауданындағы іс-сапары аудандық әкімдікте өткізілген отырыспен қорытындыланды. Отырыс барысында Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы бастаған атқарушы билікке ауданының биылғы жылғы жұмыс қарқыны жаман болмағандығын, келер жылы бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне тілектес екендігін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

28 минут бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС