"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ӨНІМ ТҮРЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

08.08.2014
ЖАҢА ӨНІМ ТҮРЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалы “Семей асбестцемент бұйымдар зауыты” ЖШС-мен бірлесе отырып, қаламыздың жобалау институттарының жетекшілері мен құрылыс ұйымдарының өкілдеріне     зауытта шығарылатын өнімдерді таныстырды.

Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының басты бағыттарының бірі — жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, өнім түрлерін барынша көпшілікке таныстыру. Кездесуде жиналғандарға алдымен италиялық жаңа технология бойынша шығарылып жатқан мәрмәр-мозаикалық плиткалар мен    басқа да көптеген өнім түрлері көрсетіліп, өндіріс орынында атқарылып жатқан жұмыс барысы таныстырылды.

— Кәсіпорын өндіретін тауарларды таныс-тыруға арналған кездесуде ағымдағы жылдың сәуір айынан шығарыла бастаған мозаикалық «TERRAZZO» плиткалары таныс-тырылды. Бұл өнім «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен «Даму» қоры арқылы шығарылып отыр. Таныстырылымға жобалау институттарының жетекшілері мен құрылыс ұйымдарының өкілдері шақырылды. Ондағы мақсат — шақырылғандарға өнім түрлері жайлы ақпарат беріп, қандай бағада саудаланатын айтып жеткізу. Кейін жобалау институттарының өкілдері сметалық құжат жасауда жергілікті өнім түрлерін арттыра алады, сол сияқты құрылысшылар да осы бағытта жұмыс    жасағандары абзал, — деген ШҚО кәсіпкерлер палатасы Семей қаласындағы филиалының директоры Ардақ Әділжанов алдағы уақытта да осы бағытта әртүрлі шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті. — Семейде өндіріліп жатқан осындай өнім түрлерін таныстыру жұмыстарын болашақта да жүргізетін боламыз. Осы бағытта шараларды өткізуді нақты қолға алмақпыз. Бұл бірінші кезекте кәсіпорынның алға жыл- жуына серпіліс береді. Өйткені, жобалаушылар мен құрылысшылардың көбі ағымдағы жылдан бастап аталмыш өнім түрлерінің шығарыла бастағанын біле бермейді.

Семей асбестцемент бұйымдар зауыты 1961 жылы іске қосылған. Бүгінгі күні мекеме халықаралық стандартқа сай құрылыс материалдарын өндіретін қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Зауытта ирек және жазық шифер тақтасын, сонымен қатар, төбелік құм-цемент тақтасы мен сыртқы өңдеу тақтасын шығаратын 6 түрлі желі жұмыс істейді. Мұнда қазіргі уақытта тұрғын үй және басқа да ғимараттардың төбесін жабуға арналған орта қырлы асбестцементті ирек табақтар, қабырға тақталарын, панельдерін, жабындарын, қалқаларын дайындауға, сондай-ақ, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың ішкі-сыртқы қап-тауына арналған асбестцементті жазық    табақтар өндірілуде.

{jcomments on}

Кәсіпорын бүгінгі күнде бір ауысымда түрлі-түсті 4 мың тақта шығаруға қауқарлы. «TERRAZZO» технологиясы бойынша да көптеген жаңа құрылыс материалдарын шығара бастаған.

 

— Зауыт көптеген өнім түрлерін шығарады. Оның ішінде, көбі жабынды материалдары. Сондай-ақ, бетон өнімдері мен абаттандыру элементтері де бар. Бүгінгі күні мемлекеттің қолдауының арқасында «Даму» бағдарламасы бойынша мозаикалық «TERRAZZO» плиткаларды шығаратын цехтың жұмысын іске қосып отырмыз. Бұл Қазақстан үшін инновация, — дейді зауыт директорының орынбасары Расул Шайыскаков.

Өндіріс орнының өнімдерін бүгінде Семей қаласынан бөлек еліміздің бірқатар аймақтары және Орта Азия елдері пайдаланады екен. Енді, сәтін салса, отандық өнім Ресейге де жөнелтілмек. Қазіргі таңда зауытта 300-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                                    «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

6 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

6 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

6 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

6 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

6 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

6 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

6 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

6 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

6 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС