"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЫСТЫҚ СУДА МӘСЕЛЕ ЖОҚ

08.08.2014
ЫСТЫҚ СУДА МӘСЕЛЕ ЖОҚ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімов өткен аптада шаһардың сол жағалауындағы М.Әуезов даңғылында орналасқан 22 үйдің тұрғындарымен жүздесті. Қашан да тұрғындардың талап – тілегін, арыз – шағымдарын жіті назарында ұстайтын қала басшысы бұл кездесуге тұрғындардың өтініші бойынша арнайы келді.

 

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Павел Барановтың айтуынша, қарамағындағы үйде 230 пәтер, 600-дей тұрғын бар. Он екі қабаттан тұратын тұрғын үйдің тоқсаныншы жылдарды іргесі қаланып, бой көтерген. Қазір мұнда   қысқы жылу маусымына қызу дайындық жүргізілуде. Тұрғын үйдің шатырын ауыстырып, жаңалау да жоспарда бар екен.  Бұл бағытта тұрғындардан қосымша қаражат жинау қарастырылуда.

— Жоғарғы қабаттағы пәтерден су аққандықтан  уақытша су өтпейтіндей жауып қойдық. Жылыту маусымына дайындалып, кейін қосымша қаражат жинап, шатырды қалыпқа келтіретін боламыз.  Қыркүйек айының екінші жартысында құбырларды жуатын боламыз.  Жылуға берешек тұрғындарымен тиісті жұмыстар атқарылуда, — дейді      кооператив төрағасы Павел Баранов.

Бұл орайда, қала басшысы Айбек Кәрімов ортақ істе барлығының бір-біріне түсіністікпен қарау керектігін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындардың жылуға қарызы болған жағдайда оларға түсіндіру жұмыстарын тиянақты жүргізу керектігіне кеңес берді.

 

{jcomments on}- Биылғы жылы жылу электр орталығы қайта  жаңғыртудан өтіп болады. 2015 жылдан бастап генератор құбырларын орнатуды бастаймыз. Сөйтіп, электр энергиясын өндіруді қолға аламыз. Сондықтан да, биылғы жылы ешқандай мәселе туындамауы керек. Енді, Үкіметтен желілерді жөнге келтіруде көмек сұрап отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда келер жылы қалада ешқандай проблема болмайды.  Сіздерге өздеріңіз өзара қарызы бар тұрғындармен жұмыс атқарғандарыңыз жөн, — деп атап өтті қала әкімі.

 

Айбек Мүталапханұлы қарызы бар пәтерлерді тексеріп шығуды қолға алуды тапсырды. Осы орайда, «Жылукоммуноэнерго» кәсіпорыны мен ТҮКШ бөліміне пәтерлерді аралап, қарыз болған жағдайда тұрғындардың тез арада қарыздарын жабу керектігіне бірлесе жұмыс жасауды жүктеді. Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан биылғы жылы ыстық сумен қамтамасыз етілу жағы да сұралды.

— Келер жылдан бастап қаланың сол жағалауында ыстық су жыл бойы болады. Ал, биыл ыстық су тек жылыту маусымында беріледі. Біз «Шығысэнерготрейд» мекемесінің электр энергиясын  тұтынамыз. 2015 жылдан бастап өзіміз 12 мегаватт электр энергиясын өндіруді жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Сол кезде өзіміздің ішкі сұранысымызды толыққанда қамтамасыз ете аламыз. Келер жылы тағыда кварталішілік ыстық суға    арналған құбыр орнатамыз. Сол кезде барып бұл мәселенің барлығы шешілетін болады. Жалпы, жылумен қамтамасыз ету төңірегінде жылдар бойы жиналған проблемалар 2015 жылдан бастап түбегейлі шешіледі. Бұл әсіресе, қаланың сол жағалауына қатысты, — деді өз сөзінде Айбек Мүталапханұлы.

Әлбетте, сол жағалауда ыстық су беруде мәселе жоқ екен. Тек тұрғындардың қарызы біраз іске қолбайлау болып отыр. Тұрғындар тарапы ыстық суға қол жеткізгісі келсе, тез арада коммуналдық берешектерін өтеуі тиіс.

Сол жағалауда орналасқан Первомайский, 37 мекенжайында болған Айбек Мүталапханұлы мұнда да тұрғын үйдің қысқы маусымға әзірлігімен танысты. Кооператив жетекшісі Райса Абдуллаеваның айтуынша, тұрғын үйдің коммуникация желілері ескірген, дегенмен тұрғындармен бірлесе тым тозығы жеткен жерлерді ішінара жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қала әкімі сондай-ақ, берешегі бар тұрғындармен жұмысты күшейтуді, олай болмаған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын да ескертті.

— Қазірден бастап тұрғындарды қысқы маусымға дайындау керек. Жылыту маусымына аз ғана уақыт қалды. Қазір көмір бойынша қарызымыз мөлшері 300 млн. теңгеге жетті. Электрэнергиясына 800 млн. теңгедей берешегіміз бар. Ал, тұрғындардың қарызы мөлшері 540 млн. теңге көлемінде. Сондықтан халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейткен жөн, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

Асан Мырзаханов,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

18 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС