"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП САЛЫНУДА

29.08.2014
ЖАҢА ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП САЛЫНУДА
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімов Энергетик кентіндегі жаңадан салынып жатқан физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылыс алаңында болып, ондағы жұмыстармен танысты.

Аталмыш мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан алматылық «BI Group» компаниясының өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары 28 маусымда басталыпты. Мектептегі оқу кабинеттер, жатын бөлмелер мен спорт зал, жаттығу залдары, мәжіліс залы және асхананың көлемі 22550 шаршы метр аумақты алады екен.

«BI Group» құрылыс корпарациясының өкілі, жоба авторы Евгений Слученков мектеп жобасының жергілікті климатқа арнайы жасалғанын, мысалы, жауын-шашын мен қардың жаууына, қақаған қыстың суықтығы мен жаздың қапырық ыстықтығына шыдамды болатынын айтады. Соған орай, қабырғалардың қалыңдығы да талапқа сай көрінеді.

Мердігерлердің сөзіне сүйенсек, 720 орынға арналған мектептің 120 орыны интернат болмақ.

— Қазір мұнда 118 адам құрылысқа жұмылдырылды. Олар екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Жұмысшыларға қажетті барлық жағдайы жасалды. Техникалар да жеткілікті. Ал, жобада қарастырылған жоғары сапалы құрылыс материалдарын Семейдегі бірқатар кәсіпорындардан сатып алудамыз. Мысалы, кірпіш, арматура сияқты құрылыс материалдары семейлік кәсіпорындардан тасымалдануда, — деген Евгений Сученков, — Электрмен қамтамасыз етілу жағынан аздаған мәселелер бар. Әзірге уақытша электр энергия көздері пайдаланылуда. Алайда, бұл мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табады. Өйткені, қалалық әкімдік барлық мәселелерді өз бақылауда ұстап отыратын болады, — дейді тілшілерге берген сұхбатында.

 

{jcomments on}Сонымен қатар, жоба авторының айтуынша, мектептің құрылыс жұмыстары жыл 12 ай бойы жүргізіледі. Құрылысшылар қазіргі жылы мезгілді пайдаланып, қысқа дейін ғимараттың сыртқы жұмыстарын бітіруді жоспарлап отырған көрінеді.

 

— Жоспар бойынша қыркүйекте жертөлелермен қатар, қабырғаларды қалау жұмыстары басталады. Жалпы, қараша айының ортасына дейін ғимарат толықтай тұрғызылады. Ал, келесі жылдан бастап ғимараттың ішкі жұмыстары мен әрлеу-өңдеу сияқты жұмыстар жүргізіледі, — дей келе, Е.Слученков, — Мектептің барлық желілері, соның ішінде жылу жүйесі қаланың жылу орталығына қосылатын болады. Сонымен қатар, бұл балалар мекемесі болғандықтан, мектеп жанынан қосымша қазандық салынадаы, — деп атап өтті.

Құрылыс жұмыстарымен жіті танысқан қала әкімі Айбек Кәрімов мердігерлерге жұмысты уақытынан кешіктірмей әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Қала басшысы қарағайлы орман маңындағы бұл жер болашақта шаһардың көрікті көшелерінің бірі болатынын тілге тиек етті. Бұл орайда, Айбек Мүталапханұлы қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқиланов пен қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілхановқа тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Мердігерлердің сөзіне сүйенсек, жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары келер жылдың шілде-тамыз айларында толықтай аяқталып, мектеп келесі жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                                             «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС