"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ

18.11.2022
ЖАҢА ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шәкәрім университетінде оқу орны серіктестерімен бірлесе қолға алынған «Centrium» — балаларды, жасөспірімдерді және жастарды дамыту орталығының таныстырылымы өтті. Салтанатты шараға Шәкәрім  университетінің басқарма төрағасы — ректоры Бауыржан Ердембеков пен орталық басшысы Айнұр Қадырова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Рәсімге университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Шәкәрім университетінің педагогикалық бағытта білім алатын студенттері үшін тәжірибелік алаң болатын орталықта балаларды мектепке, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен экономикалық лицейге, ҰБТ-ға дайындап, қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдері бойынша курстар және жеке сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар коворкинг орталығы, би, шахмат, каратэ секциялары да бар.

Шәкәрім университеті мен орталық арасындағы ынтымақтастық білім алушыларды дуалды оқыту бойынша оқыту, педагогикалық тағылымдамадан өткізу, түлектерді жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға бағытталған.

«Centrium» орталығының құрылтайшыларының бірі Гүлжанат Рахатқызы тәжірибелік алаң ретінде ашылған орталық екі жаққа да тиімді болатынын атап өтті.

— Ең қымбат ресурс – бұл уақыт. Сондықтан да балаларды жан-жақты дамыту үшін біз академиялық білімді бір жерге топтастырдық. Академиялық оқытуға негізделген орталығымыз балаларды, жасөспірімдерді және жастарды әр түрлі бағытта дамытуға арналған. Біздің орталығымыздың ашылғанына бір жыл толады. Орталықты әрдайым жетілдіріп отыратын боламыз, мәселен, жақында 5-6 жастағы балаларға арналған мектепке дайындық курстарын аштық. Бүгін университетпен меморандумға қол қойдық, бұл орталықтың жаңа деңгейі, жаңа асуы деп түсінеміз. Өйткені біздің орталық университет үшін тәжірибелік алаң болса, осында тәжірибеден өткен студенттер маман ретінде жұмысқа тұруға мүмкіндік алады, — дейді Гүлжанат Рахатқызы.

Айнұр Қадырқызы мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Шәкәрім университеті ұлттық ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарының бірі екенін, оқу орны жоғары білімді кәсіби мамандарды, сапалы біліммен қаруланған педагогтерді  дайындап жатқанын айтты.

Университет ректоры Бауыржан Амангелдіұлы өз кезегінде болашақ педагогтерді даярлауда осы тәжірибелік алаңның өзіндік алар орнын атап өтіп, алдағы уақытта университет оқытушылары үшін зерттеу алаңына айналады деген сенімін білдірді.

— Тәжірибелік алаң – инновацияны енгізу бойынша педагогикалық ғылым мен тәжірибенің бірлескен қызметін ұйымдастыру орны. Бүгінгі таңда оқу орнында педагогикалық бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде. «Педагог-психолог», «Психолог», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттер іс-тәжірибеден өтіп, дуалды оқуға мүмкіндіктері бар. Білім алушылар сондай-ақ «Әлеуметтік кредит» жобасы аясында орталыққа келіп, сағаттарын өтей алады. Бұл өз кезегінде орталық пен білім ордасы арасындағы байланысты нығайта түседі, — деді ректор.

Бауыржан Ердембеков болашақ педагогтерді сапалы даярлау үшін бірлескен іс-шаралар, ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтті. Университет басшысы «Абайтану» және «Абай оқыған ертегілер» кітаптарын орталықтың кітапхана қорына табыстады.

Сондай-ақ жиын барысында университет ректоры Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның 10-сынып оқушыларымен кездесіп, жоғарғы оқу орнын таңдауда көңіл аудару керек тұстарды атап өтіп, кәсіптік бағыт-бағдар берді. Оқушылар университеттің артықшылықтары, академиялық ұтқырлық, мамандықтар жайлы өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.

Мақалада: ЖАҢА ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС