"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРМАДА

06.12.2022
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРМАДА
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев  Жарма ауданына жұмыс сапарымен келді. Аймақ басшысы іссапары барысында Шар қаласындағы Жарма технологиялық колледжінде, «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнында, асыл тұқымды мал өндіруші «Шалабай» ЖШС-нің тарихынан сыр шертетін мұражайда болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Нұрлан Тельманұлы сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Кәусар АРЫҚХАНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Аймақ басшысы өңірге сапарын алдымен Шар қаласындағы кәсіптік білім беруге бағытталған оқу орны — Жарма технологиялық колледжінің материалдық-техникалық базасымен  танысудан бастады. Іргетасы сонау 1960 жылдары қаланған білім мекемесінде бүгінде 130-ға жуық студент кәсіптік-техникалық салаға қажетті тігінші, аспазшы, дәнекерлеуші, мал дәрігері сынды  мамандықтар бойынша білім алуда.

Колледждің тыныс-тіршілігімен таныса келе облыс әкімі алдағы уақытта,  ауыл шаруашылығы мамандарымен қатар,   тау-кен саласы   мамандарын дайындауды да қолға алу қажеттігін айтты. Бұған қолдау көрсету мақсатында “Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны” ЖШС-нің басшысы К.Исаевпен  келісімге келді.  Сондай-ақ оқу орнының ғимараты мен жылу қазандығын жаңғырту туралы да кәсіпорын басшысымен кездесу барысында айтылып, облыстық білім басқармасы басшылығына оқу орнының материалдық базасын нығайтуға қатысты тапсырмалар берді.

Осыдан соң аймақ басшысы аудан орталығы Қалбатау ауылында аудан халқымен кездесу өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жиында Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров өңірдің  2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады,  алдағы жылға алға қойылған жоспарға да тоқталдып өтті.

Жарма ауданы, негізінен, ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына маманданған.  Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 75-80%-ын мал шаруашылығы өнімдері құрайды.

— Биылғы жылдың 10 айында аудан экономикасының барлық саласында 305,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді, (өнеркәсіп өндірісі – 225,6 млрд теңге, немесе  74 пайыз, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 32,6 млрд теңге, немесе 11 пайыз, инвестициялар – 27,2 млн теңге, немесе 9 пайыз, құрылыс жұмыстары – 6,5 млрд теңге, немесе 2 пайыз, бөлшек тауар айналымы – 13,4 млрд теңге, немесе 4 пайыз).

Жарма ауданы Байыс қойы мен асыл тұқымды ақбас ірі қара малын өсірумен айналысады. Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуда «Шалабай»  және «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС ерекше рөл атқарады, олар ірі қара мал өсірумен және сатумен, дәнді және дәнді-бұршақты, майлы дақылдарды, соның ішінде тұқым өсірумен айналысады, -деді аудан әкімі.

Аудан тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Н.Ұранхаев облыс мәртебесін алған аймақты дамыту мақсатында қолға алынған кешенді бағдарламалар мен жоспарланған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Әлеуеттің әлеуметтік ахуалын арттыруға бағытталған  әрбір іске баса назар аударылатынын айтып,  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жақсарту үшін Жарма, Қаратөбе, Жарық, Қапанбұлақ, Сұлусары, Салқынтөбе, Белтерек, Жайма, Көшек, Ұзынжал ауылдарында 3 фельдшерлік және 7 медициналық пункт ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кездесу барысында жармалықтар бірқатар мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды. Қаратөбе ауылының тұрғыны — ардагер ұстаз Б.Тұяқбаева аудан орталығынан ауылға қатынайтын жолды жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын сұрады. Қалбатау ауылының тұрғыны М.Каримов соңғы жылдары егін суғаруға пайдаланатын судың тапшылығы қиындық туғызып отырғанын айтып, «Шар–Су» қоймасының жайын да сөз етті. Сонымен қатар заңсыз қазба жұмыстарын жүргізетін тұлғаларға тыйым салынса деген өтінішін білдірді. Ал Жаңғызтөбе кентінің тұрғыны М.Абдрахмановтың айтуынша,  Шуақ кентінің халық саны жыл сайын азайып барады, ондағы көп қабатты үйлердің бос қалып жатыр, ал оларды  жылытатын үлкен қазандық қыруар қаржы жұмсалып салынған. М.Абдрахманов тұрғындарды тұрақтандыру үшін келешекте кентте жұмыс орындары ашылса деген  ұсынысын білдірді.

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРМАДА

Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені аймақ басшысы мұқият тыңдай отырып, алдағы уақытта әрбір сауалдың оң шешімі табылатын жеткізді.

Кездесу соңында  облыс әкімі  аудан тұрғындарын қабылдады.  Жеке қабылдауда азаматтар баспана,   әлеуметтік көмек алу, мал шаруашылығына қажетті жер алу сынды мәселелермен жүгінді, кәсібін дамытуға қолдау көрсетуді өтінген азаматтар да болды.

Облыс әкімінің өңірдегі жұмыс сапары Әуезов кенті «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнында  жалғасты. Кәсіпорынның бас директоры Кеңбейіл Исаев аймақтағы ірі кен байыту фабрикасын аралатып, атқарылып жатқан  жұмыс барысын таныстырды.

Жарма өңірінде 2014 жылдан бастап кен саласындағы жұмыстарын қолға алған «Полиметалл» компаниясы — бүгінде кенттегі халықты  жұмыспен қамтып отырған  ірі кәсіпорын. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнімділігі жылына 2 млн тонна болатын кен байыту фабрикасы пайдалануға берілген уақыттан бері кәсіпорында концентрат  түрінде 50 тонна алтын өндірілген. Қазіргі таңда мұнда 1 400-ден астам адам, оның ішінде мердігерлік ұйымдардың 1 100 қызметкері еңбек етуде. Жалпы, «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорны  аудандағы білім беру, денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетіп,  жергілікті атқарушы  билікпен жасалған әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар шеңберінде жақын маңдағы елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртып,  әлеуметтік салаға көлемді қаржы бөліп отыр.

Аймақ басшысы бұдан кейін Әуезов кентімен іргелес жатқан Шалабай ауылына барып, ондағы 70 жылға жуық асыл тұқымды ақбас ірі қара мал  өсірумен айналысып келе жатқан «Шалабай» ЖШС-нің тарихынан сыр шертетін мұражайды аралады.

Облыс көлеміндегі ең ірі ақбас асыл тұқымды  ірі қара шаруашылықтарының бірі «Шалабай» ЖШС-нің  бас директоры Олжас Ибрагимов аймақ басшысына жұмыстың жайын баяндап берді. Қазіргі күні  3,5 мыңға жуық ақбас сиыр мен қой және жылқысы  бар серіктестік 125 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығы да дамып келеді. Биыл мал азығын дайындау мақсатында  3,2 мың гектар егістік жер игерілген, оның 1,1 мың гектарына майлы, 900 гектарына дәнді дақылдар егілген, 1,2 мың гектар жерден жем-шөп дайындалған.

Сондай-ақ, серіктестік директорының айтуынша, өткен жылы Ресей Федерациясынан 425 бас ірі қара мал сатылып алынып, бұқашықтарды бордақылауға арналған «GrowSafe канадалық азықтың тиімділігін енгізу» жобасы жүзегеа асырылған.

Шаруашылықта биылғы жылдың сәуір айынан басталған   канадалық “GrowSafe” технологиясын тиімді игеру,  ірі қара малдың элиталық басын көбейтуге бағытталған жұмыстардың барысы таныстырылды. «GrowSafe» жүйелеріне негізделген канадалық «Вайтеле» компаниясының технологиялары — үздіктер қатарына кіретін әлемдік тәжірибедегі әдіс, бүгінде бұл технология «Шалабай» ЖШС-де сәтті қолданылып,  ірі қара малдың тұқымдық зертханасы салынды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен игі бастамаларға оң бағасын беріп, аудан басшысына әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті одан әрі арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

6 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

8 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

8 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

8 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

8 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС