"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭКОЛОГИЯ ПРОБЛЕМАЛАРЫ АЗ ЕМЕС

бұл орайда сала министрі не дейді?

06.12.2022
ЭКОЛОГИЯ ПРОБЛЕМАЛАРЫ АЗ ЕМЕС
493
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Абай облысына келіп, халықпен кездесу өткізді. Серікқали Брекешев министрліктің жауапты салалардағы жұмысы туралы айтып, Абай облысының даму перспективаларына тоқталды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі өз баяндамасын қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерінен бастады. Министрдің айтуынша, экомониторинг нәтижелері Семей, Аягөз қалалары атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейлі қалалар қатарына жататынын көрсеткен. Негізгі ластаушы заттар жылу энергетикасы кәсіпорындары мен жеке тұрғын үй секторының шығарындылары болып отыр.

— Биылғы 9 ай ішінде ел бойынша кәсіпорындардан шыққан зиянды заттардың нақты көлемі шамамен 900 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 18 пайызға төмен. Абай облысында шығарындылардың көлемі 31,1 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдан 1,1 пайызға төмен. Аймақта қауіптіліктің 1-санатына жататын 39 табиғат пайдаланушы жұмыс істейді, олар облыс бойынша ластаушы заттардың жалпы көлемінің 46 пайызын бөліп шығарады, — деді Серікқали Аманғалиұлы.

Экология министрінің айтуынша, облыстың экологиялық проблемаларына талдау жасалған, негізгілері – атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқару жүйесінің жетілдірілмеуі және кәріз тазарту құрылғыларының ескіруі немесе олардың мүлдем болмауы. Жалпы, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін былтыр жаңа Экологиялық кодекс қабылданып, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді.

Сонымен қатар облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала кәсіпорындарымен бірқатар шаралар жүргізілуде. Мысалы, биыл Семей қаласының цемент зауытында 99,3 пайыз тазарту тиімділігі бар заманауи жоғары тиімді шаң жинайтын жабдық орнатылып, пилоттық режимде қоршаған ортаға шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнында қуаттылықты арттыру мақсатында 1 қазандық қосу және қосымша қапшықты сүзгілерді орната отырып, қазандықтарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. «Силикат» ЖШС-да штаттық циклондардың дұрыс жұмыс істеуі үшін қазандықтағы ішкі конус-циклондар ауыстырылды және қазандықтар мен пештердің газ құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

— Абай облысының экологиялық проблемаларын шешу мақсатында 39 іс-шара көзделген Жол картасының жобасы әзірленді. Қоршаған орта сапасының маңыздылығын ескере отырып, аймақтағы экожүйені жақсартуға бағытталған іс-шараларды барынша көбейтіп, жұртшылықпен талқылау қажет, — деді министр.

Тағы да бір өзекті мәселе – рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің артуы. Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымы нашар дамыған, бөлек жинау және сұрыптау тек Семей мен Курчатов қалаларында ғана бар.

  • Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің көбейіп келе жатқаны алаңдатады, космомониторинг 386 полигонды анықтады, олардың тек 13 пайызы, яғни 51-і жойылды, бұл — өте төмен көрсеткіш. Мұндай үйінділердің пайда болуына заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жоқтығы да себеп болып отыр. ҚТҚ-ны уақытша орналастыруға арналған 170 нысан болса, оның тек 5-уі, немесе 2,9 пайызы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай келеді, — дей келе, Серікқали Брекешев облыс әкімдігіне рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстарын күшейтуді, жаңа полигондар салу, заңдастыру мәселелерін қарастыруды, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды басқару туралы бағдарлама әзірлеп, бекітуді ұсынды.

Өз кезегінде, министрлік кездейсоқ қоқыс алаңдарын жою мәселесін шешу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдады, оның ішінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарға лицензиялар беру басталып, қоқыс шығаратын кәсіпорындардың тізілімі жасалған, сондай-ақ қалдықтарды басқару талаптарын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар көлемі ұлғайтылған.

Кездесуде қоғамда дүрбелең тудыратын кәріз тазарту құрылғыларының бүгінгі жағдайы туралы да сөз қозғалды. Семей және Курчатов қалаларының кәріз тазарту құрылғыларының 75 пайызы тозған, жөндеу мен жаңартуды қажет етеді. Облыстың қалған 8 ауданында кәріз тазарту құрылғылары мүлдем жоқ. Қайта жаңарту және құрылыс мәселесі айтарлықтай шығындарды талап етеді, бұл ретте жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдерден немесе жеке инвесторлардан түсетін қаражатты осы мақсаттарға пайдалана алады.

Геологиялық саланы дамыту бойынша Абай облысы жүздеген жылдар бойы пайдалы қазбаларды өндіріп келе жатқан елдегі ең ірі тау-кен аймағы болып табылады. Облыстың жер қойнауында кенсіз пайдалы қазбалар, бағалы және сәндік тастардың барлық түрі кездеседі. Алдағы бес жылда өңірдің 28,3 мың шаршы шақырым жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Су саласын дамытуға келсек, Абай облысында 2023 жылдың соңына дейін «Жарма ауданының орталық су торабы мен магистральдық каналы бар Шар су қоймасының құрылыстарын қайта жаңарту» және «Тарбағатай ауданының Қарғыба өзеніндегі бөгеттік су тартуды қайта жаңарту» жобалары бойынша екі авариялық құрылысты қайта жаңарту көзделіп отыр. Нәтижесінде 2200 тұрғыны бар 3 елді мекенді су басу қаупі азайып, суармалы жерлердің ауданы 5,5 мың гектарға дейін ұлғаяды.

— Су шаруашылығын дамытудағы негізгі мақсат еліміздің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика салалары мен қоршаған орта қажеттіліктерінің теңгерімін қамтамасыз ету проблемаларын шешу болып қала береді, — деп сөзін жалғады министр.

Кездесуде орман шаруашылығына қатысты мәселелер де көтерілді.

— Қазіргі уақытта республика аумағының бес пайызын ғана орман алып жатыр. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 5,3 пайызға дейін жеткізу жопарланған. Ол үшін  бес жыл ішінде екі миллиард түп ағаш отырғызылуы қажет. Өткен жылы Президенттің бастамасымен ағаш отырғызу шарасы қолға алынған. 2021 жылы 66 мың гектар жерге 138 миллион ағаш отырғызылып, жоспар орындалды. Абай облысы да жоспарды орындаған, яғни 4500 гектар жерге 21,1 млн ағаш отырғызылған.

Баяндамасының соңында С.Брекешев қатысушыларға алғысын білдіріп, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында полигон мәселесі бірнеше мәрте көтерілді. Облыстық Қоғамдық кеңестің, «Полигон 21» комитетінің мүшесі Майра Абенова Семей аймағына ерекше назар аударуға шақырды. Ол үкіметтік комиссия құрып, «Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар нәтижесінде зардап шеккен халықты әлеуметтік қорғау туралы» жаңа заң қабылдауды ұсынды.

— Бүгінгі таңда полигонның аймақтағы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына әсерін біздің министрлік жанынан құрылған комиссия бақылауда. Комиссия өз жұмысын жақында бастады, сондықтан зерттеу нәтижелері әлі дайын емес. Жаңа заңға қатысты айтатын болсам, Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілді. Ал мемлекеттік комиссия құру туралы Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, Премьер-министрге тиісті ұсыныстар жасаймыз. Себебі шешімді өзім қабылдай алмаймын. Бұл мәселеге сапарымызды аяқтаған соң бірден кірісеміз, — деді экология министрі.

Полигон тақырыбын ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин жалғастырды.

— Бір ғана мысал келтірсем, Абыралы, Абай, Жаңасемей аудандарының маңайында тұратын халықтың көрмеген бейнеті жоқ. Мен 1947 жылы туғанмын, сондықтан 1949 жылғы жарылыстардың куәгерімін. Біз өзімізді кездейсоқ аман қалған адамдармыз деп айтып жатамыз, себебі көптеген замандастарымыздан айырылып қалдық. Өзіміз мұндай нәубетті көрсек те, кейінгі ұрпақ көрмесе екен дейміз. Сондықтан жоспарланып жатқан жұмыстарға ризамыз, бірақ полигон жөніндегі заңды Үкіметтің уақыт созбай,  жақын арада қабылдауына ықпал етсеңіздер деген тілегіміз бар. Елдің атынан, халықтың атынан шығып отырғаннан кейін өңірдің түйткілді мәселесін айтпай кете алмаймыз, — деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі полигон мәселелері Экология министрлігінің құзыретіне кірмейтінін айтты,  бірақ көтерілген мәселелердің шешімін іздестіруге атсалысуға уәде берді.

Министр кездесу қорытындысы бойынша кездесу хаттамасы мен проблемалық мәселелер бойынша іс-қимыл жоспары әзірленетінін, ол министрлік сайтында орналастырылатынын айтты. Шара соңында ведомство басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, жеке қабылдау өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

6 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

6 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

6 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС