"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

06.12.2022
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазіргі таңда отандық медицина саласында науқастарды оңалту шараларының маңызы арта түсуде. Ауыр өткен сырқаттанудан соң немесе жол апатына түскеннен кейін денсаулықты қалпына келтіру үшін оңалтудан өтудің мәні зор. Бұл ретте жаңадан құрылған Абай облысының тұрғындары үшін мүмкіндіктер кеңейіп келеді

Жуырда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Абай облысы бойынша филиалы жергілікті БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз турын өткізді. Өңірдегі балаларды оңалту қызметімен айналысатын медициналық ұйымдардың әлеуетімен таныстыруға бағытталған шара барысында филиал мамандары журналистерді Семей қаласындағы бірқатар нысандардың жұмысымен таныстырды. БАҚ өкілдері алдымен шаһардың 35-ші кварталында орналасқан «Iv plus» емханасына барып, ондағы оңалту бағытында жүргізіліп жатқан медициналық емшаралар туралы жан-жақты ақпарат алды. Аталған емханада әр түрлі диагноздары бар науқастар оңалтудан өтеді екен. Мұнда қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар. ӘМСҚ облыс бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов атап өткендей, мекемеде заман талабына сай жаңашыл бағытта жұмыстар жүргізіледі. – Мұнда барлық халықаралық стандарттар сақталып, қажетті жабдықтар орнатылды. Бұл орайда ешқандай шағымдар жоқ, — дейді Ғалымжан Әбілов. Нысанның екінші ғимаратында Qamqorlyq оңалту орталығы орналасқан. Мұнда туа бітті дене кемістігі бар, тірек-қозғалыс аппараты жетілмеген немесе церебралды сал ауруымен ауыратын сәбилер кешенді ем қабылдайды екен. — Мұнда, негізінен, күн сайын келуге мүмкіндігі жоқ шалғай аудандарда тұратын балалар оңалтудан өтеді. Біз оларға тәулік бойы осында болуға мүмкіндік жасадық. Бүгінде әр ауданнан келген 13 бала ем алуда. Олар 21 күн ішінде толықтай оңалтудан өтеді. Жалпы, оңалту шаралары, көріп тұрғандарыңыздай, қолжетімді әрі тек жақсы нәтижелер беріп жатыр. Біз бұл медициналық ұйымды толық қаржыландырамыз, қажеттіліктер болып жатса, қосымша қаражат бөлуге де дайынбыз, — деп атап өтті бұл орайда Ғалымжан Әбілов. Ал аталған нысанның үшінші қабатында ересектер үшін оңалту емшаралары жүргізіледі екен. Онда, негізінен, жол апатына түскен немесе инсульт алғаннан кейін денсаулығын қалпына келтіру үшін келген жандар емделуде. Оларға арнайы бекітілген дәрігер-нұсқаушылар тиісті көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда облысымызда осындай тағы төрт оңалту орталығы жұмыс істеуде. Олардың барлығы да тұрғындар үшін тегін. Тек басты шарт – азаматтар МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу керек. — 2023 жылға оңалту шараларына шамамен 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл — биылғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары көрсеткіш. Тұрғындар тарапынан сұраныстың артқаны байқалады. Емдеудің толық циклін алу үшін азаматтардың сақтандырылған болуы өте маңызды. Бүгінде Абай облысында төрт жоғары мамандандырылған оңалту орталықтары жұмыс істейді. Ал қалғандары екінші деңгей ретінде түрлі медициналық ұйымдарда орналасқан, мысалы, инсульт орталықтарында да осыған ұқсас оңалту жұмыстары жүргізіледі,- деді өз сөзінде Ғалымжан Әбілов. Жалпы, бүгінгі таңда облыстағы медициналық оңалту қызметі бір жолға қойылды деп айтуға болады. Бұл орайда жергілікті дәрігерлер қауымы жыл сайын тұрғындарға тиімді қызмет көрсету үшін біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады. Себебі ауыр науқастан соңғы денсаулықты қалпына келтіру шаралары қазіргі күндері мемлекеттік деңгейдегі мәселелердің қатарында.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС