"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

30.12.2022
АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтіп, шараға 90-ға жуық балғын қатысты. Аудандық мәдениет үйінде өткен Жаңа жылдық мерекелік шара балаларға қызықты мультфильм көрсетуден басталды. Аудан мектептеріндегі білім сайысының жүйріктері, талантты да дарынды  оқушылар мен көп балалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың бас қосқан қуанышына аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров  ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

— Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі болып табылатын өздерің үшін өңірде айтарлықтай ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Болашақтарың жарқын, келешектерің кемел болсын, әрбір отбасының бақыты мен қуанышы да өздерің. Әрқашан оқуда үздік болып, сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарыңды қуантыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Жаңа жыл мол қуанышымен келіп,  асқақ армандарыңыз орындалсын! — деп мерекелік лебізін білдірді аудан басшысы.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Әкім шыршасында Аяз ата, Ақша қар және түрлі ертегі кейіпкерлері жиналғандардың көңілін серпілтті. Жасыл шырша айналасындағы балалардың балбұл жанған жүздерінен мерекенің шаттыққа толы кереметін аңғарасыз. Ертегі әлеміндегі әсем көріністер,  көз тартарлықтай безендірілген жасыл шырша айналасындағы әр түрлі кейіпкерлер, сахна төріндегі балалардың көңілін көтерген ғажайыпқа толы қойылым музыкалық композициямен өріліп, дүбірлі думанға айналды.

Аудандық мәслихат хатшысы Мейірхан Оспанбаев үздік оқып, жеңімпаз атанып жүрген жас өрендерге Абай облыстық мәслихатының Алғыс хаттары мен Жаңа жылдық сыйлықтарын тапсырды. Мерекелік басқосудан кейін балаларға мерекелік дастарқан жайылып,  аудан әкімі атынан естелік сыйлықтар үлестірілді.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Сондай-ақ аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров Абай атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы жанындағы интернат оқушыларының Жаңа жылдық кешіне де қатысты. Бүгінде мектеп интернатында ауданның ауылдық округтерінен келіп тұратын 40 оқушы бар. Интернат оқушылары да жаңа жылдық мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, жасыл шыршаны көз тартарлықтай безендірген. Аяз Ата мен Ақша қарды ортаға алып, мерекелік шараның көркін қыздырған интернат тәрбиешілері мен оқушылары ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.

Балалардың мерекелік шарасына арнайы келген аудан әкімі өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, Жаңа жыл табысы мен жетістігі мол жыл болуын, оқуды жақсы оқып, тәртіпті де тәрбиелі оқушылар қатарынан көрінуге тілектестігін айтып, құттықтауымен бөлісті.  Интернат оқушыларына кеш соңында аудан әкімінің ең тәтті сыйы торт ұсынылып, жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді.

Кәусар Арықханқызы

«Семей таңы»

Мақалада: АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАРҚЫРАДЫ

30.12.2022
АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Жаңа жыл көпшілігіміз асыға күтетін, таңғажайыпқа толы отбасылық мереке. Мереке қарсаңында Жаңа жылдың шырайын ашып, келбетін келтіретін жасыл шыршаның орталық...

Толығырақ...

Қапанбұлақ ауылының тумасы Манама төрінде көк туды желбіретті

12.07.2022
Қапанбұлақ ауылының тумасы Манама төрінде көк туды желбіретті

Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында еркін күрестен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылының тумасы жас спортшы Нұржан Ашимжанов...

Толығырақ...

Жарма ауданында қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірушілердің семинары өтті

24.06.2022
Жарма ауданында қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірушілердің семинары өтті

Жаңадан құрылған Абай облысының Жарма ауданында қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірушілердің республикалық семинары өтті, деп хабарлайды Semeytany.kz ақпараттық порталы Buqara.kz...

Толығырақ...

Отандық сүт өңдеу цехы Жарма ауданындағы Әуезов кентінде

18.04.2022
Отандық сүт өңдеу цехы Жарма ауданындағы Әуезов кентінде

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Әуезов кентінде «Сарыбас» шаруа қожалығында отандық сүт өңдеу цехын пайдалануға беру бойынша ұзақ мерзімді жоба іске...

Толығырақ...

Жаңалықтар

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСУ ТӘРТІБІН БІЛЕСІЗ БЕ?

4 дня бұрын

«БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

5 дней бұрын

Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

7 дней бұрын

Орталық саябақтағы көгалдар автоматты суару жүйесіне қосылды

7 дней бұрын

Хабарландыру

7 дней бұрын

Абай облысында «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 неделя бұрын

Жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

1 неделя бұрын

Бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықтады

1 неделя бұрын

Абай облысы әкімі «Елімай» командасын Премьер-лигаға өтуімен құттықтады

1 неделя бұрын

Абай облысында пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС