"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛБАНЫҢ ҚАРТ АҢШЫСЫ

11.02.2025
ҚАЛБАНЫҢ ҚАРТ АҢШЫСЫ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы бір аласа бойлы, терең ойлы қағылез ақсақалды көргенде қарапайым қазақтың бірі  ғой деген ой келері сөзсіз. Әрине,  бұл ақсақалдың өмірі мен өнерін көпшіліктің біле бермегендігінен де болар. Біз бүгін сол олқылықтың орнын толтыру үшін жетпістің желкесіне шықса да әлі күнге дейін аңшылығын қоймай,  серілігін серік етіп жүрген Жарма ауданы Малай ауылының тұрғыны Айтқали Төкенаев жайында сөз қозғамақпыз.

Әкесі Төкенай 1954 жылы Абыралы өңірінен халықты жаппай көшіре бастағанда Жарма ауданы Малай ауылына келіп тұрақтаған екен. Дәл сол жылы Құрбан айт кезінде дүниеге келген баланың атын Айтқали деп қойыпты. Айтқалидың балалық шағы осында өтіп, ер жетеді. Өмір бойы кеңшарда механизатор болып жұмыс істейді.

Айтқали жастайынан әр нәрсеге әуестігі басым бала болып өседі. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, кейбір күндері әкесінің қақпанмен қоян, түлкі ұстап әкелгенін көріп өскен соң қолы қалт етсе қақпан құрумен айналыса бастайды.

Саятшылық ерте заманнан бері ата-бабамыздың айналысып келе жатқан бір дәстүрлі өнері ғой. Біздің өңірде де ашаршылық жылдарында арқар, елік атып әкеліп,  ауыл-аймағын асыраған аңшылар болған. Солардың бірі Бөкенші Рысақұлы деген аңшыны соғыстан арнайы бронмен алып қалып, аң аулатқан деседі.

Қақпан құру өнері екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Оған үлкен ептілік, төзімділік керек. Аңдар темірдің исін аласытан сезеді, сондықтан қақпанды алдымен жынға қайнатып алып, ерменмен, жусанмен сүртеді. Содан кейін ғана аңдардың ініне, жүретін жерлеріне қойып, үстіне көң сеуіп жасырып тастайды.

Осының бәрін жақсы меңгерген Айтекеңнің қақпаны қанды болып, қанжығасы бос қайтпайды екен. «Өміріңізде қанша аң ұстадыңыз?»  деген сауалымызға шоқша сақалын бір сипап алып:

— Ерте кезде ауылда Қайырбек Күмпейісов деген атақты аңшы болды. Сол кісіні менің ұстазым десем де болады, жанында жүріп үйренгенім өте көп. Ол кісі нағыз мерген  аңшы еді,- деп бастады әңгімесін. — Бір жолы Найзақара тауын бетке алып шыққан едік. Шіркін табиғат неткен тамаша десеңші, жұпар исі аңқыған таза ауа, қайың, терегі самсыған терең сайлар ғажап-ақ. Сылдырай аққан Лақжұтқан өзенін бойлап жүріп келеміз. Бір кезеңге шығып, айналаға дүрбі салдық. Кенет Қайырбек аға: «Анау бөктерде бір қасқыр жатқан сияқты, жүр жақындап барайық»,- деді. Бір белестен соң бір белес, межелі жерге таяған соң аға ық жақты бетке алып, бұқпантайлап бір төбеге шығып келеді. Мен артынан қалмай еріп келемін. Бір кезде аға мені ымдап шақырды. Жанына келген маған, шамамен, 40 метрдей жерде бір түп  тобылғының түбінде алаңсыз ұйқтап жатқан қасқырды көрсетті. Менің жүрегім дүрсілдеп қоя берді, бірақ сыр бермедім.Тегі түнгі жорықтан шаршап келіп, ұйқтап қалған болар. Содан кейін ол мылтығын ыңғайлап алды да, бір түйір тасты қасқырға қарай лақтырды. Қасқыр да атып тұрып бір сәт тұрып қалды. Сол мезетте мылтық гүрс етті де, қасқыр орнында тыпырлап қалды. Олжалы қайтып келе жатқанымызда «Аға, бағана қасқырды неге бірден атпадыңыз?» деген мені мазалап келе  жатқан сұрағымды қойдым. Е, балам қазақта «Киікті ысқырып ат, құсты ұшырып ат» деген сөз бар. Өрттен, судан қашып келе жатқан аңды атуға болмайды. Аңға да мүмкіншілік беру керек.  Осыны есіңнен шығарма»,- деді. Жас кезім ғой, қақпанды сонау Қалқай тауының сайларына, Шалтабанның жықпыл-жықпыл қалың қарағанды қуыстарына құрамын. Қақпанды тексеру үшін таң атпай тұрып алып, кейде атпен, кейде жаяу 6-7 шақырым жерге барып келемін. Бұйыртып, қақпанда жатқан көкжалды көргендегі сәтті айтып жеткізу қиын,- деді қарт аңшы.

Сөз арасында қасына жүгіріп келген Елнұр деген немересін нұсқап:

—  Осының аңға икемі бар. Бірде қақпанымды апарып тауға құрып тастапты,-  деп ауылдың шетіндегі    Қызыл шоқыға қарап жымиып қояды. — Ал алған бөрілердің санына келсек, бір жерге түртіп жүруші едім, ұмытқаным да бар шығар. 29 үлкен қасқыр, 56 бөлтірік алдым, ал қоян ,түлкілерді санамаппын да. Қасқырларды ауданға заготконторға апарып тапсыратынбыз. Ол кезде бір қасқырға 120 сом, бөлтірігіне 50 сом беретін. Қазір ойлап қарасам бір Волга мәшінін алуға болады екен ғой,- деп кеңкілдеп күліп алды.

Айтқалидың сонымен қатар сегіз қырлы, бір сырлы азамат екенін айта кетуіміз керек. «Жігітке  жеті өнер де аз» дегендей, жас кезінен бастап домбыра, баян, гитара аспаптарын жетік меңгерген. « Мына домбыра өзіммен бірге  үш жыл әскерде болып қайтты»,- деп төрде ілулі тұрған домбырасын нұсқады. Әскери борышын Тынық мұхитта моряк болып атқарыпты.

Ауылдағы той-томалақ Айтқалисыз өткен емес. Әрбір отырыстың кездесу кештерінің көрігін қыздырып, сәнін келтіріп  отыратын. Қазір де ауылдың абыз ақсақалы ақ батасымен, шешендік сөздерімен, түйдек-түйдек мақал-мәтелдерімен түрлі жиындарда елді аузына қаратып отырады. Сонымен қатар өлең жазып, ән шығаратын қасиеті де бар. «Сағыныш», «Ауылды аңсау», «Ақ жауын» деген домбыра,баян,гитарамен орындаған әндері әлеуметтік желілер арқылы халыққа кеңінен таралып кетті. Оның қолынан шыққан тымақ, бөріктерді алыс-жақыннан келіп, қалап алатындар көп.

Міне, еңбекқорлығымен, серілігімен, өнерге деген құштарлығымен елдің құрметіне бөленген Айтқали Төкенайұлы жасы жетпістен асса да ауыл мен ауданның  қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып келеді. Әлі күнге дейін ақсақалды ауданда өтетін әр түрлі мәдени шараларға арнайы шақырып жатады.

Ұзақ жылғы еңбегі мен өнердегі жетістіктері бағаланып,  көптеген  алғыс хаттармен марапатталды, «Жарма ауданына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін  кеудесіне тақты.

Жұбайы Балғайша екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп отырған өнегелі отбасы.

 

Тілектес ШАЛЖИЕН,

Жарма ауданының Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері

Ұқсас жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

09.04.2025
БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаевтың қатысуымен өткен кезекті баспасөз мәслихатында аудан әкімі өңірде өткен жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, алдағы...

Толығырақ...Details

Жармада биыл 15 жоба іске асады

09.04.2025
Жарма ауданының экономикалық жетістіктері мен даму жоспарлары

Жарма ауданында 2025 жылға инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 15 ірі және орта жоба іске асырылмақ. Бұл бастамалар негізінен сумен жабдықтау, спорт...

Толығырақ...Details

Жарма ауданының экономикалық жетістіктері мен даму жоспарлары

09.04.2025
Жарма ауданының экономикалық жетістіктері мен даму жоспарлары

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев агросектордағы динамика, жаңа өндірістерді іске қосу, жолдарды жөндеу, абаттандыру...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Құрбан айт мерекесіне дайындық басталды

1 день бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары басталды

1 день бұрын

Үржар ауданында ауыл жолдары жөнделіп, жол белгілері орнатылуда

2 дня бұрын

Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

2 дня бұрын

Семейде салықшылар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын күшейтті

3 дня бұрын

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

3 дня бұрын

БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ

3 дня бұрын

Абай облысында 5000-ға жуық оқушы жазғы лагерьлерде демалады

3 дня бұрын

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

4 дня бұрын

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС