"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Shakarim AI Check – үздік жоба!

30.10.2025
Shakarim AI Check – үздік жоба!
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Қазақстан – академиялық білім кеңістігі» халықаралық серіктестердің стратегиялық форумы аясында AI SANA Leaders ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Жасанды интеллект бағытындағы 200-ден астам жоба арасынан Shakarim University командасы елдің үздік 15 жобасының қатарына еніп, «Білім беру саласындағы үздік AI-жоба – Академиялық адалдық» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл жетістік университеттің өз күшімен әзірлеген Shakarim AI Check жобасының нәтижесі.

Shakarim AI Check – үздік жоба! Shakarim AI Check – үздік жоба!

Академиялық адалдық жолындағы жасанды интеллект

Shakarim AI Check – бұл студенттік және ғылыми жұмыстардың түпнұсқалығын тексеруге, академиялық адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған интеллектуалды жүйе. Жоба жасанды интеллект әдістерін пайдалана отырып, білім беру ұйымдарында тексеру үдерісін автоматтандыруға, ашықтық пен объективтілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл жоба  университеттің оқу, ғылыми және сапаны бақылау жүйесіне әлемдік деңгейдегі AI өнімдерін енгізе алатынының айғағы.

Аймақтық университеттің инновациялық жетістігі

Елдің жетекші ұлттық жоғары оқу орындары қатысқан байқауда Shakarim University-дің жеңіске жетуі – аймақтық білім беру жүйесі үшін тарихи оқиға.

Байқауға Nova Geon, EnergyDrones AI, OquLabs, OncoZero, AiJan, CortexAI, SignBridge, Koz AI және басқа да жобалар ұсынылды.

«Қазір тек дайын технологияларды енгізу емес, өзіміздің технологиямызды жасау маңызды. Shakarim AI Check – бұл жай ғана цифрлық өнім емес, ол университеттің стратегиялық тұрғыдан дамығанын, заман талабынан қалмай жаңа академиялық шешімдерді қалыптастыра алатынын  көрсететін жоба.

Бұл – өңірлердің де ұлттық инновациялардың бастауы бола алатынының айғағы. Университет цифрлық трансформацияның орталығына айналды. Мұнда академиялық адалдық, интеллектуалды этика мен сенім мәдениетін қалыптастыратын технологиялар жасалады.

«Мен Shakarim University ұжымын – профессорларды, зерттеушілерді, бағдарламашыларды, студенттерді, осы идеяға өз білімін, еңбегін, энергиясын салған барша жанды шын жүректен құттықтаймын.

Университет жаңа дәуірге қадам басты – біз енді өзіміз жасаймыз. Shakarim AI Check – аймақта туындаған, жаһанды өзгертуге қабілетті идеялардың символы. Біз аймақтық университеттердің де ғаламдық деңгейдегі жұмыстарды жасауға қабілетті екенін дәлелдедік!»- дейді Shakarim University ректоры Думан Орынбеков.

Бұл – кездейсоқтық емес, сенім мен жүйелі еңбектің нәтижесі. Бұл жерде әңгіме өңірлік университеттің жаңа форматтағы жігерлі топ-менеджерлері туралы. Олар – инженерлер, зерттеушілер, яғни терең ойлай алатын, өзгерістер үшін жауапкершілік алуға дайын адамдар. Олардың қағидасы қарапайым: «жергілікті деңгейде әрекет ет, жаһандық деңгейде ойла».

Ал мұның нәтижесі жоғарыдағыдай, Shakarim University – аймақтық деңгейден ұлттық стандарттар қалыптастыратын университетке айналды. Қазіргі заманда жасанды интеллект білім беру үдерістерінің ажырамас бөлігіне айналды.

Shakarim University – өз AI экожүйесін құрған Қазақстандағы алғашқы аймақтық жоғары оқу орындарының бірі. Мұндағы AI-Sana Hub – жасанды интеллект пен цифрлық құзыреттер зертханасы, Solveathon: AI & Agriculture – агросекторға арналған инновациялық шешімдер челленджі (жақында іске қосылады), AI Check – академиялық адалдық саласындағы флагмандық жоба.

Бұл бастамалар жиынтығы жаңа буын университетінің цифрлық сәулетін қалыптастырып, жасанды интеллектіні адам әлеуетін арттыру құралына айналдыруда.

Болашаққа бағытталған құнды қадам

Shakarim University-ді  соңғы жылдары Қазақстандағы ең серпінді дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі деуге болады. Оқу ордасы халықаралық рейтингтерге (QS World University Rankings, THE Impact Rankings) сенімді түрде еніп, ғылыми мектептер мен цифрлық зертханаларды дамытып, шетелдік жетекші университеттермен серіктестікті күшейте түскені рас.

Ал Shakarim AI Check табысын жеке жоба ретінде емес, жаңа басқарушылық философияның нәтижесі ретінде қарастырған жөн. Бұл философияның негізінде жергілікті бастама мен жаһандық ойлау, технологиялық батылдық пен гуманитарлық жауапкершілік, академиялық адалдық пен инновациялық көшбасшылық принциптері жатыр.

AI SANA Leaders финалында жасанды интеллектінің медицина, экология, білім беру және робототехника салаларындағы қолданылуын көрсеткен Қазақстанның 15 үздік жобасы жеңімпаз атанды.

Shakarim University үшін бұл жеңіс – жаңа бастамалардың бастауы.

Университет алдағы уақытта Shakarim AI Check жүйесін аймақтық жоғары оқу орындарының академиялық бақылау жүйесіне енгізуді және ел университеттерін біріктіретін AI-Academy ұлттық платформасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Бұлай жоғары деңгейде танылып, дәріптелуіміз Қазақстанда жаңа буын университеттерінің қалыптасып келе жатқанының дәлелі»,- деп атап өтті Shakarim University-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бейімбет Дәрібаев.

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС