"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

2024 жылы Жарма ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты бағытын сақтап, негізгі салалар бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Жалпы өндірілген өнім, қызмет пен жұмыстар көлемі 603,9 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 26,1 пайызға артты.

09.04.2025
БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаевтың қатысуымен өткен кезекті баспасөз мәслихатында аудан әкімі өңірде өткен жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Өнеркәсіп саласы экономиканың негізгі драйвері болды – өндіріс көлемі 398,9 млрд теңгеге жетіп, 26,5 пайызға өсті. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 370,4 млрд теңгеге, өңдеу өнеркәсібі 23,8 млрд теңгеге жетті.

Өнеркәсіп саласы экономиканың негізгі драйвері болды – өндіріс көлемі 398,9 млрд теңгеге жетіп, 26,5 пайызға өсті. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 370,4 млрд теңгеге, өңдеу өнеркәсібі 23,8 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялар көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға кеміп, 69,1 млрд теңгені құрады. Негізгі үлесті «Казахавтожол» және «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» иеленді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі үш еседен астам өсіп, 56,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткішке республикалық жолдардың қайта жаңғыртылуы зор үлес қосты. Жол сапасын жақсарту бағытында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бірнеше ауылда жөндеу жұмыстары атқарылды.

— «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шалабай ауылындағы Мәсәлім көшесінің 2,164 шақырым жолына, сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.  Атап айтқанда: Шар – Кезенсу бағыты бойынша 3,5, (жалпы ұзындығы 6,6 км), Жаңғызтөбе – Жарық бағыты бойынша –3,1 шақырым жол асфальтталды. Атқарылған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 78,8 пайыздан 82,1 пайызға дейін артты. Қалбатау ауылы мен Шар қаласының ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру бағытында облыстық бюджет есебінен Шар қаласының кіреберіс аркасынан көпірге дейінгі аралықта және Сарыарқа ауылында көше жарықтандыру жүйесі орнатылды,- деді аудан әкімі.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 41 млн теңгеге асып,  2023 жылмен салыстырғанда өсім 6,9  пайызды құраған. Мал басының саны, ет және сүт өндірісі де өсім көрсетті. 17 мың тоннадан астам ет, 37  мың тонна сүт, 3 мыңнан артық жұмыртқа  өндірілген.

Аудан әкімі атап өткендей, құрылыс саласында 56 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары орындалып, 14 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер байқалады.

— Облыстық бюджеттен 231,2 млн. теңге бөлініп, 14 жоба іске асырылды. Карелин орта мектебінің, Абай атындағы мектеп бала-бақша кешенінің жылу жүйесі, Қалматаев, Ақтайлақ би, Тұрсынов, Көшек мектептері және «Балауса» балабақшасының шатырлары, Крупская, Георгиевская, Бірлік мектептерінің жылу қазандықтары жөнделіп, Қасенұлы, Қобдықов, Ұзынжал мектептері мен «Ақбота» балабақшасы ағымдағы жөндеуден өтті.

Облыстық бюджеттен бөлінген 89,9 млн. теңгеге Қалматаев, Гергиевка орта мектептеріне биология кабинеттері,  Абай, Жаңғызтөбе мектеп балабақша кешендеріне және Георгиева орта мектебіне   STEM құрылғылары, Теряев орта мектебіне физика кабинеті, Хасенұлы, Крупская, Бірлік орта мектептеріне химия кабинеттері құрылғылары сатып алынды.  Жарма технологиялық колледжінің жатақханасын жөндеуге облыстық бюджеттен 42,3 млн. теңге,   шеберхана, гараж, бокс ғимараттарына ағымды жөндеу жұмыстарына 113,6 млн. теңге бөлінді,- деді аудан әкімі.

Денсаулық сақтау саласында Қаратөбе, Жарық, Жарма ауылдарында 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, Сұлусары, Салқынтөбе, Белтерек, Қапанбұлақ, Жайма, Көшек, Узынжал ауылдарында жиыны 7 медициналық пункт бой көтерген. Аудандағы медициналық мекемелерде 76 дәрігер мен 315 орта медициналық қызметкер пациенттерге қызмет көрсетуде.

Ауданда туберкулезбен ауыратындардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 3 адамға артса, ал онкологиялық аурулардың көрсеткіші 19 жағдайға  төмендеген.

Медициналық құрал – жабдықтармен қамту мақсатында УДЗ, электрокоагулятор, рентген жүйесі , электрокардиограмма, қысым мониторингі жүйесі, Нyled 200 М хирургиялық жарық диодты шамы, гидравликалық реттелуі бар медициналық гинекологиялық кресло , электрондық таразы — жиыны 393,3 млн. теңгеге құрылғылар алынып, іске қосылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жармада биыл 15 жоба іске асады

09.04.2025
Жарма ауданының экономикалық жетістіктері мен даму жоспарлары

Жарма ауданында 2025 жылға инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 15 ірі және орта жоба іске асырылмақ. Бұл бастамалар негізінен сумен жабдықтау, спорт...

Толығырақ...Details

Жарма ауданының экономикалық жетістіктері мен даму жоспарлары

09.04.2025
Жарма ауданының экономикалық жетістіктері мен даму жоспарлары

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев агросектордағы динамика, жаңа өндірістерді іске қосу, жолдарды жөндеу, абаттандыру...

Толығырақ...Details

ҚАЛБАНЫҢ ҚАРТ АҢШЫСЫ

11.02.2025
ҚАЛБАНЫҢ ҚАРТ АҢШЫСЫ

Осы бір аласа бойлы, терең ойлы қағылез ақсақалды көргенде қарапайым қазақтың бірі  ғой деген ой келері сөзсіз. Әрине,  бұл ақсақалдың...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

23 часа бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

23 часа бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

23 часа бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

23 часа бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

23 часа бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

23 часа бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

4 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

4 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

4 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС